400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2- курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. ДӘРІС 3. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ.


  1. Жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері және көрсеткіштері.


Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірісітік бағдарлама, кәсіпорының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау әдістемесін әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.

Жоспарлау әдістемесіне жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады. Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттары:

  • жоспарларды дамыған ғылми-техникалық және есептік – экономикалық негіздеуді ұлғайту;

  • қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;

  • өндірісті техника-экономикалық негіздеу;

  • баланстық есептеулер жүргізу;

  • өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

  • материал сиымдылғы, қор сиымдылығын азайту;

  • еңбек өнімділігін арттыру;

  • жоғары сапалы өнім шығаруды ұлғайту;

  • жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.


Норматив дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынандай топтар бойынша жасалынады:

  • нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

  • материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);

  • еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);

  • өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

  • іске қосылатын кәсіпорындар, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын қаншалықты көлемде қолданылу есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділгінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.


Жоспарлар мынандай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

  • сандық;

  • сапалық;

  • көлемдік;

  • үлестік.


Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.


Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділгі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сиымдылығы, өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.


Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.


Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.


Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма – сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.

Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері.


Кәсіпорынның даму жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:

1. Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

2. Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құныны азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

3. Өндірістің экономикалық тиімділгін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылғы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылғы және материал сыйымдылғы.

4. Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, ксәіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды, механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.

6. Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділгін артырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.

7. Өндіріс шығындарының жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.

8. Қаржылық жоспар. Қаржы жоспарында мынандай көрсеткіштер көрсетіледі: айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.

9. Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

10. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейнін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процесстерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.

Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері.


Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі - өнім шығару жоспары немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері – тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім шығаруды арттыру.

Жоспардағы құн өлшеміндегі өнім көлемін анықтау үшін өнім шығару жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге – тонна, метр, квт/сағат, дана, комплект жатады. Өлшем бірліктері өндірістік ерекшеліктерін, жоғары сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару жолдарын, матеирал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамтуы керек.

Жоспарда берілген өлшем бірліктерін жоспарлау мен өндіірсті ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталуы керек. Бұл өндірістік бағдарламаны белгіленген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау жоспарының орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапа көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.

Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі - өнімнің сапасын арттыру. Өнім сапасы өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздегі және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады. Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарға сай болуы қарастырылады.

Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:

  • сату көлемі;

  • тауар өнімі;

  • жалпы өнім жатады.

Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер мен кәсіпорындардың іс-әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады. Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға дайындалған, төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және өзінің күрделі құрылысына жүргізілетін жұмыстар көлемі жатады.

Сатылатын өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:

Сө = Тж +Qж.б. + Q ж.а.

мұндағы: Сө - сатылатын өнім көлемі;

Тж – жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;

Qж.б. + Q ж.а. – сатылмаған өнімдердің жылдың басындағы және

жылдың аяғындағы қалдықтары.

Тауар өнімінің көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын дайын өнімдердің және жартылай дайын өнімдердің құны өнеркәсіп жұмыстарының құны (сырттан тапсырыс беріп жасалынған) жатады.

Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгіленген жұмыс көлемін қамтиды.

Тауар өнімінің көлемін мына формула арқылы анықтайды:

Жө = Tө - Аб + Аа

мұндағы: Tө - тауар өнімі;

Аб + Аа – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы аяқталмаған

өндірістің көлемі.

Таза өнімнің көлемі – тауар өнімінің көлемінен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады.

Тазаө = Тө - Мшнк

Мұндағы: Мш – материалдық шығын;

Анк – негізгі қорлардың тозуы.




  1. Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары.


Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.

Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.

Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:

  • кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;

  • дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;

  • фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырп, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;

  • жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.

Бизнес-жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Көбінесе бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізуі үшін қажет.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде бизнестің жоспарлық қызметінің саласына техникалық-экономикалық дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.

Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы мен мазмұны шектелмеген. Ол 6,8,10,18 және тағы басқа бөлімдерден тұруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте көрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.


I бөлім. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойылған мақсаттары


Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұраларды қалыптастыру, ғылыми-техникалық, ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік және халықаралық қарым-қатынасты нығайту, кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар – шетелдермен қарым-қатынастар жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты - әр түрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
7405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі