400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2-3 курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДӘРІС 4. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫ.


1. Негізгі қорлар туралы ұғым, құрамы мен құрылымы.

2. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

3. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары.


1. Негізгі қорлар туралы ұғым, құрамы мен құрылымы.


Негізгі қорлар дегеніміз – ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.


Негізгі қорлардың сыныптамасы

Топтардың аттары

Қолданылуы және қысқаша мінездемесі

1

2

3

1.

Ғимараттар

өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

2.

Құрылыстар

өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары, т.б.)

3.

Жіберу құралдары

энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)

4.

4.1.


Машина мен құралдар

Күш машиналары мен құралдар


(генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар және т.б.)

4.2.



Жұмыс машиналары мен құралдар


технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.)

4.3.

Өлшеу, реттеу при-борлары мен құралдары, лабораториялық құралдар

өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процесстердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар

4.4.

Есептеу техникасы

математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

4.5.

Басқа да машиналар мен құралдар

(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары, т.б.)

5.

Тасымалдау құралдары

кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

6.

Құрал-сайман

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар, т.б.)

1

2

3

7.

Өндірістік түгендеме (инвентарь)

өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап, т.б.)

8.

Шаруашылық түгендеме (инвентарь)

көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф, т.б.


Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.

Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі өндірстік қорлардың құрылымына мынандай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

  • негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

  • негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

  • негізгі өндірстік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері.

1 - топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады, яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

2 – топ өндірстік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталынады.

Кинт = Вф / Вн

Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталынады және ол құралдарды уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Өндірстік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

ФО = Т / Ф

мұндағы: Т – тауар өнімінің көлемі;

Ф – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.

Қор қайтарылымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өнідірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анқытайды. Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілгі (мүмкіндігі).

Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілікті айтамыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
2644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі