1.Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Сәлемдесу,
түгендеу, тақырыпты хабарлау, студенттер
назарын аудару.
2.
Сабақ
мақсатын құру:
1.Негізгі
қорларды, олардың құрылымын білу.
2.Алған
білімдерін практикалық есептер
шығаруда қолдану.
2.Үй
тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі
арқылы сұраймын
Бағалау:
«Басбармақ» арқылы өзара бағалайды.
Белсенді
оқу әдісі: «Жүгіртпе
лекция»
әдісі
Студенттер
екі топқа бөлініп, лекцияны бір
сөйлемнен оқып, есте қалған ақпарат
бойынша анықтама жазу. Топпен орындалған
жұмыс бойынша екі топ мәтін бойынша
ақпаратты түсіндіруге тырысады.
Әр
топтан топтың жазған сөйлем саны және
оның мазмұны ескеріліп балл беріледі.
Дұрыс
жауапты «+» , «-» белгілейді.
3.
Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен,
бағалау критерийлерімен таныстыру
Лекциялық
материал мәтін түрінде ұсынылып,
менталды карта жасау және есеп шығаруда
қолданылады.
1)Негізгі
өндірістік қорлар, түсінік беру және
құрамы.
Негізгі
капитал (негізгі қорлар,айналымнан
тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл
өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп,
белгілі бір бөліктермен, бірнеше
өндірістік цикл ішінде түсіретін және
өзінің натуралдық-заттық формасын
ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын
еңбек құралдары.
Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік
процесіне қатысатын) және өндірістік
емес (тікелей қолдануға арналған,
өндірістік процеске қатыспайды:
мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын
үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар
өз кезегінде активті (өндірістік
процеске тікелей қатысатын) және
пассивті (өндірістік процеске жағдай
жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі
қорлар натуралдық және ақшалай түрде
өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз
– олардың өндірістік сипаттамасын
беру деген сөз.
Қолдану
мақсатына қарай негізгі қор түрлері:
Ғимараттар
(цехтер, қоймалар, т.б.);
Құрлыстар
(көпір, тоннель, жолдар, т.б.);
Тасымалдау
қондырғылары (құбырлар, электр тоғын
тасымалдау желілері, т.б.)
Машиналар
және жабдықтар:
а)
Күш
машиналары және жабдықтары
(энергияның
түрлерін шығарады);
б)
Жұмыс
машиналары мен жабдықтары
(еңбек
затына әсер етеді);
в)
Өлшеу
және реттеу аспаптары;
г)
Есептегіш
техника
және
т.б.
Көлік
құралдары;
Құрал-сайман,
қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары
болатын басқа құралдар);
Өндірістік
және шаруашылық жиһаз;
Жұмысшы
және өнім беретін мал;
Көпжылдық
өсімдіктер;
Жер
құнарлығын өсіруге қажет күрделі
шығындар;
Басқа
қорлар (мысалы кітапханалық қор).
Қызмет
ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар
негізгі қорларға жатпайды.
2)
Негізгі қорларға баға беру.
Негізгі
қорларға баға беру келесі құн түрлері
бойынша жүргізіледі:
Қою (монтаж)
Қайта есептеу коэффициенті
Қайта есептеу коэффициенті
Амортизация
-
жою құны бойынша – баланстан шығарылатын
қордың бағасы
-
баланстық құны бойынша – бухгалтерлік
баланстың бірінші бөлімінде жазылатын
құн
3)
Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
Тозу
– негізгі қорлардың өндірістік
процеске қатысу нәтижесінде өз құнын
жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар
оларды қолдануға немесе қолданбауға
тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі
түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи
тозу – негізгі қорлардың пайдалануға
немесе қоршаған ортаның ықпалына
байланысты өз тұтынушылық, өнімді
қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде
жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу
коэффициенті келесі формула бойынша
анықталады.
Кт.т.=
Қт/Қбас,
Мұндағы
Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық
тозу – негізгі қорлардың құны
экономикалық тұрғыдан төмендеуі
(ғылыми-техникалық прогреске және
әлеуметтік факторларға байланысты).
Моральдық тозу түрлері:
1.
Өндірістік: берілген қорды өңдіру
шығындары азаюдың нәтижесінде болатын
тозу. Т = Қб – Ққ.е.
2.
Экономикалық: берілген қор бағасына
тең бірақ оған қарағанда өнімділігі
жоғары қорлардың пайда болуы: П.
Г. Бунича формуласы бойынша:
Т
= Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы:
Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның
бастапқы құны
Өе,
Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық
өнімділігі
Тне,
Тнж – ескі және жаңа машинаның
нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл
Тқ
– Ескі техниканың қалған қызмет ету
мерзімі, жыл
3.
Маркетингтік: берілген машинаға
сұраныстың өзгеруіне байланысты,
нарықтағы өзгерістерге байланысты
бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік
моральдык тозуға сәйкес анықталады.
Тозу
амортизация түрінде есептеледі.
Негізгі
қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі
қорлардың құнын қалпына келтіру және
өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті
(сапасы жағынан) және экстенсивті
(саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
А)
Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің
кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану;
Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды
ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа,
ағымдағы, бақылау)
4.
Негізгі қорлардың амортизациясы
Амортизация
– бұл негізгі қорлар құнының шығарылған
өнім құнына біртіндеп түсу процесі.
Амортизацияның жылдық сомасы негізгі
қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді
болады және амортизация нормалары
негізінде құрылады. Амортизацияның
жылдық көлемі келесі формула арқылы
табылады:
Корт
– негізгі қорлардың
орташа жылдық құны.
Тенг
– қорды
енгізу айынан бастап жылдың аяғына
дейін қалған ай саны.
Кенг
– енгізілетін
қорлар құны.
Ешығ
– шығарылатын
қорлар құны.
Тшығ–
қорды шығару айынан бастап жылдың
аяғына дейін қалған ай саны.
Na
– амортизация
нормасы.
Амортизация
нормасы – қорларды толығымен қалпына
келтіру үшін амортизациялық төлемдердің
нормасы:
Na
= (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)
Қбал,
Қжою – қордың баланстық және жою құны
Негізгі
қорларды пайдалануды сипаттайтын
көрсеткіштер
Көрсеткіштердің
екі түрі бар:
Жалпылама
сипаттама беретін:
Аорт.т.
– өнеркәсіптік-өндірістік
персоналдың орташа тізімдік саны.
Сапалық
көрсеткіштер
– негізгі
қорлардың сапасын сипаттайды:
Жаңару
коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас –
жыл басындағы НӨҚ құны
Шығу
коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ –
жыл аяғындағы НӨҚ құны
Тозу
коэффициенті – жоғарыда формуласы
көрсетілген
Негізгі
қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг –
Кшығ)/Қж.аяғ
Негізгі
қорлардың жарамдылық коэффициенті =
(Қбаст – тозу құны)/Қбаст
Есептер
1.1.
Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн.
теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде
— 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %.
Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.
1.2.
Амортизацияның жылдық нормасын және
сомасын келесі мәліметтер бойынша
анықтаңыз:
Бастапқы
құны — 10 млн. теңге.
Жойылатын
жабдықты өткізуден түсетін түсім —
1,2 млн. теңге.
Жоюға
байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.
Нормативтік
қызмет ету мерзімі
— 8 жыл.
1.3.
Экономикалық
моральдық тозу көлемін анықтаңыз:
Ескі
машинаның бастапқы бағасы
— 20 млн. теңге.
Ескі
машинаның өнімділігі—
10 мың
дана жылына.
Ескі
машинаның нормативтік
қызмет ету мерзімі
— 10 жыл.
Жаңа
машинаның құны
— 8 млн. теңге.
Өнімділігі
— 30 мың
дана жылына.
Ескі
машинаның қызмет етуге қалған жыл
саны— 2
жыл.
Жаңа
машинаның нормативтік
қызмет ету мерзімі
— 5 жыл.
1.4.
Амортизация
нормасы
— 10,4 %. Егер
нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6
жылға қысқарса амортизация нормасы
қалай өзгеру керек.
Жою
құнын ескермеуге болады.
1.5.
Тәулік
ішінде цехте 50 станок қызмет етті.
Оның
ішінен бір сменада жұмыс істейтін
20
станок болды,
2 смена
істейтін
— 10, 3 смена
істейтін
— 20. Цехте
барлығы 60 станок қойылған.
Сменалық
коэффициентін анықтаңыз.
1.6.
Қойманың
толық бастапқы құны
— 60 млн. теңге,
оның
ішінде ғимарат 50
млн. теңге,
жабдық
құны —
10 млн. теңге.
Қайта
есептеу мезетіне жабдық бағаларының
индексы 0,8,
ал
құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы
1,02. Қойманың
қайта есептелінген құнын анықтаңыз
және моральдық тозуын табыңыз
(абсолютті
және салыстырмалы өлшемде).
Дескриптор
Кәсіпорынның
негізгі қорлары және олардың құрамына
менталдық карта жасау-2 балл;
Кәсіпорынның
негізгі қорларының баланстық, орташа
жылдық, жыл соңындағы құнын, бастапқы
және қалдық бағасын/құнын, амортизациялық
аударымдарды есептеу-3 балл;
Негізгі
қорларды пайдалануды сипаттайтын
көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы,
қор сыйымдылығы, қорлармен қарулану
көрсеткіштерін анықтау-5 балл.
Бағалау:
«Балл» беру арқылы топтар өзара
жұмыстарын бағалайды. Дискриптор
арқылы кері байланыс беремін.
|