Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №1

Модуль/пән атауы

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру

Сабақтың тақырыбы

«Кәсіпкерлік қызмет» ұғымының мәні және жүйесі

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Білімділік: Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын тәрбиелеу және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері туралы логикалық ойлауын дамыту

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын экономика теорияның .

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

  1. Шумпеттер И. Теория экономического развития. М., 1982

  2. Маршал А. Принципы экономической науки. Т. І-ІІІ. М.,1993

  3. Сабден О., Тургынбаева А. Шағын бизнес негiздерi: Оқу құралы. -

Астана: Фолиант, 2009.- 176 б.

  1. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері (сұлбалар мен кестелерде).

  2. Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет

көрсететін орталығы» мекемесі, 1-б, 2005 ж. ақпаны. №1(31), 2-б., 2005 ж.

маусымы, №11(41).

  1. Вебер И. Избранные произведения. М.,1990

  2. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. М.,1993

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулықтар және т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Білім алушылармен сәлемдесу, барлығының назарын білімге аудару және сабаққа дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

Жазаған лекцияларын тексеріп сол лекция ішінен сұрақтар қою.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Нарық - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оныңдамуының өзіндік бай тарихы бар.Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі жәнепайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарыныңжиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзарабайланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасыболып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері,өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықтытауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сайұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердіңеңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардыңжиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсынөнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретінмеханизм деген анықтама беріледі.Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси,П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатынқойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады:миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алудышешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауаптабады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерінқарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарынтүсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналғанфундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етушісубьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасықатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбассаласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалыққатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтыңсатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетінәсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни«нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдануарқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалықшарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады.Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда,айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.Нарықтың пайда болып, қалыптасуы екі объективті жағдайға байланысты:біріншісі - қоғамдық еңбек бөлінісі, ал екіншісі - жеке меншік негізіне сүйенгентауар өндірушілердің экономикалық тұрғыдан оқшаулануы. Ал, «нарық»туралы әртүрлі көзқарастар бар. Мәселен, «Саяси экономия» оқулығында,нарық өндірістік қатынастар жүйесіне кіретін, меншік қатынасын қамтамасызететін, айырбас категориясы ретінде сипатталады. Ал, «Экономикалық теория негіздері» курсында нарық - сатып алу және сату жиынтығы ретінде қарастырады. «Экономиксте» нарық - бұл жеке тауарлар мен қызметкөрсету түрлерін байланыстыратын, сатып алушылар мен сатушылардыңинституты немесе механизмі.Сонымен әртүрлі көзқарастарды еске ала отырып, қазіргі кезеңде былайшатұжырым жасауға болады: нарық - бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және өндірісүрдісінде пайда болатын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастаржүйесі. Олай болса, нарық субъектілері өндіріс пен тұтыну сферасынжалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасызетеді. Бұған қоса нарық ақпараттық қызмет атқарады: тауарлар бағасы менқызмет ақыларының, несие және банк салымдарының үздіксіз өзгеріп отыруыарқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлармен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдыққажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.Сонымен бірге нарық мынадай қызметтерді де атқарады: бәсеке күресініңжәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартадыжәне керісінше олардың даму болашағына тиімді жағдай жасайды жәнееңбектің, тауардың қоғам үшін маңыздылығы осы нарықта анықталады,өндірістік шығындарды азайтуға ынталандырады.Осы аталған қызметтер тұрғысынан алсақ, нарықты әртүрлі тауарөндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстармен қатынастар жүйесі деп сипаттауға әбден болады.Экономика адаммен бірге пайда болып бірге дамып келеді. Ол адамитұлғаның, ұжымның және қоғамның қалыптасуы мен дамуына тікелей әсерететін фактор.

Экономика – өмір сүру қажеттіліктерін алу үшін адамның табиғатқабелсенді және саналы түрде әсер етуінің нәтижесі. Бұл тұрғыда экономиканы,өмірге қажетті игіліктер алу үшін адам мен табиғаттың өзара әрекет етуітүрінде қарастыруға болады. Адамдар өздерінің экономикалық әрекеттеріпроцесінде табиғи және жасанды ортамен байланысқа түсіп, пайдаланады.Адам өндіріс процесінде өзін қоршаған ортаға әсер етеді.Адамның экономикалық қажеттіліктерін, атап айтқанда, тауарлар менқызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру – экономика қызметінің табиғимақсаты болып татылады. Адамзат дамуының бастапқы кезеңінде адамдар өзқажеттіліктерін табиғаттың дайын өнімдері есебінен қанағаттандырды.қажеттіліктердің көпшілігі тауарлар мен қызметтер түрінде өндірілгенигіліктердің есебінен, яғни, еңбек, табиғи, ғылыми және басқа да экономикалықресурстар негізінде шығарылған өнімдердің есебінен қанағаттандыра бастады.Сонымен қатар қажеттіліктер де өсе бастады. Материалдық қажеттіліктерменқатар, экономикалық ресурстарды пайдалану арқылы қанағаттандырылатынрухани қажеттіліктер де өсіп отырады. Әрбір нақты тарихи кезеңде, қоғамныңнегізін құрайтын адамдар мен ұйымдар көптеген экономикалық қажеттіліктердіиеленеді. Олардың бірі адам өмірінің биологиялық жағдайларына, екіншісіқалыптасқан дағдылар мен салттарға байланысты пайда болады.

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Қажеттілік, мұқтаждық және жетіспеушілік тұлғаның, ағзаның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның өмір сүруін қолдауға қажетті белсенділік қоздырғышы болып табылады. Экономикалық қажеттіліктер материалдық және рухани игіліктерді пайдалану арқылы қанағаттандырылады. Бұл жерде қоғамның экономикалық қызметінің табиғи мақсаты жүзеге асырылады. Адамдар өз еңбектерінің нәтижелерін пайдалану үшін шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастырып, оның қызметін қолдап отырады. Ұтымды пайдалану экономиканың жалпы тиімділігін де арттырады. Мысалы, материал сыйымдылығын кеміту қоғам қажеттілігін аз шығындармен қанағаттандыруға көмектеседі, әрі өндіріске жүктелетін тапсырмаларды жеңілдетеді. Қажеттіліктерді қанағаттандыру өндірістің әрі қарай дамуына ықпал етеді. Пайдаланылған өнімнің орнына жаңа өнім шығару қажеттілігі туады. Қанағаттандырылмаған қажеттілік жаңа сұраныстар туғызады. Саналы, мақсатты, пайдалы еңбекпен айналысатын адамдар белгілі бір жұмысты атқара отырып, өздеріне де, қоғамға да қажетті экономикалық өнімдрді қалыптастырады. Олар өмір сүруге қажетті материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, экономикадағы өндірістің басты түйіні болып табылатын кәсіпорындарда барлық өндірістік процестер жүргізіледі әрі қажеттіліктер қанағаттандырылады. Адамдардың шаруашылық қызметі нақты ойын ережелері шеңберінде жүзеге асырылады, негізгісі – меншік қатынастары. Жеке меншік еркін бәсекелестікке жағдай жасайды және мүдделі, шығармашылық әрі одан да нәтижелі еңбекке жетелейді. Шаруашылық қызметтің шарттарына шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін белгілейтін, еңбек қызметі талаптарын реттейтін әртүрлі мемлекеттік ұйымдар елеулі әсер етеді. Нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар - бұл экономикалық қатынастар. Экономикалық қатынас өзінің «қатынас» мағынасына сай қандай да бір заттың немесе адамдардың өзара қос әрекетін сипаттайды. Сондықтан экономикалық қатынас деп адамдардың қандай да бір затқа байланысты қатынасын айтамыз. Дәлірек айтқанда, экономикалық қатынас дегеніміз – экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы. Әрбір экономикалық агент үнемі және бірмезгілде бірнеше экономикалық қатынасқа түсіп отырады. Көп жағдайда адамдар экономикалық қатынасқа пайда табу мақсатында қатысады [2]. Біздің пікірімізше, экономикалық қатынас дегеніміз – ұдайы өндіріс процесіндегі еңбек өнімін өндіру, иемдену, айырбастау және тұтыну жөніндегі адамдар арасындағы объективті қалыптасқан қатынас. 10 Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады. Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бірбірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады. Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисті А.Курно мен экономист А.Маршал береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген. Нарық жағдайындағы экономикалық байланыс пен қатынастарда тауарды өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар, байланыстар анықталса, екіншіден, ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайды, үшіншіден, бұл байланыстарда өзара бәсекелес болады, өйткені онсыз нарық болуы мүмкін емес. Соның нәтижесінде экономикалық жағынан әлсіз шаруашылықтар бірліктерінен тазартады, ал тиімділігі жоғары, келешегі бар шаруашылық субъектілеріне жол ашылады. Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Нарық – тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады [5]. Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың 11 субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар–ақша, нарықтық байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құралжабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарықтық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды. Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Ағылшын экономисті А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі «Халық байлығы» 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, - алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде 12 бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілетқарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б тән нәрсе – олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы «ресурстар Заңы» деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген «көрінбейтін» қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты – өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет жасайды. Алайда, қандайда бір өнімді тұтыну үшін, адамдар оны алдын-ала меншіктеп немесе иеленіп алуы керек. Меншіктеусіз өндіріс те жоқ. Кез-келген өндіріс, К.Маркстың ойынша - бұл индивидуумның (жеке адамның) табиғи заттарды белгілі бір қоғамдық түрдің шеңберінде иеленуі. Бұл мағынада жеке меншік өндірістің шарты болып табылады. Сонымен өндіріс құралдарын иелену, адамдар арасындағы ерекше қоғамдық қатынастарды тудырады. Адамдардың мұндай қарым-қатынастары, олардың өндіріс құралдары мен еңбек нәтижелерінің өзінің немесе басқалардың қатынасына сәйкес келуі - меншіктік қатынас деп аталады. Көрсетілген қатынастар адамдардың қатысуымен өнімдерді тұтас өндіру мен оларды игілігіне жаратудағы қажетті шарт болып табылады. Меншіктік қатынас әрдайым заттармен, басқаша айтқанда амалдар мен еңбек құралдары, сондай-ақ еңбек нәтижесі - өнімімен байланысты. Яғни, меншіктік қатынас дегеніміз - зат арқылы адамның басқа 13 адамға қатынасы. Меншіктік қатынастар адамдардың бір-біріне, өндіріс үрдісіне объективті, материалды, экономикалық қатынастарын сипаттай келе, олардың өндіріс құралдары мен еңбек нәтижелеріне өзінің немесе бөтен біреудің қатынасын көрсетеді. Ф.Энгельс былай деген: «Саяси экономия - заттармен ғана емес, адамдар арасындағы қатынастармен айналысады, дегенмен бұл қатынастар әрдайым заттармен байланысты болады, ал белгілі бір шарттарда заттанған түрде де көрініс табады».

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

Экономикалық қатынастар қоғамдық қатынастармен қоса өндірістік

үрдістің өзінде құрылмайды, егерде ең қажетті жағдайда ғана барлық өндіріс

қатынастарының жүйесінің бір жақ қыры болып табылғандықтан. Келешекте

өндіріс үрдісіндегі ең қажетті қатынастарды объективті түрде адамдардың

өндіріс шарттарымен бірігу тәсілін білдіреді. Өндірістік үрдісте адамдардың

қарым-қатынасын (өндірістік қажеттілікпен) адамдар арасындағы іскерлікпен

алмасу және басқа экономикалық қатынастар анықтайды.

Егерде қоғамда өндіріс қаражаттарының арқасында қоғамдық меншік

орнаса, онда мұнда адамды адаммен жабдықтау жойылады, шаруашылық

жоспарлы түрде дамиды, қоғамдық өндіріс адамдардың өскен сұраныстарын,

қажеттіліктерін қанағаттандыруға мәжбүр болады, еңбек қызметкерлерімен

алмасу жолдастық қарым-қатынас және біріне-біріне көмек түрінде болады.

Егер шешуші өндірістік қажеттіліктер түгелдей қоғамның қолында

жинақталып, адамдар арасындағы жолдастық, өзара түсінушілік түрде іскерлік

алмасу ағып жатса, онда құрылған материалдық жабдық осы қоғамға жатады.

Бұл жағдайда олар барлық қоғамның қызығушылығына орнығып, мақсаты

толық қажеттіліктермен қанағаттанып еңбекшінің (қызметкердің) жан-жақты

дамуына әсер етеді. Егер өндіріс қажеттіліктер жеке адамдарға немесе топтарға

берілуі керек болса, ал іскерлік алмасу адамды адаммен жабдықтау түрде болса,

онда өндірістің нәтижесі осы адамдарға немесе топтарға беріледі, яғни оларды

байыту мақсатында. Мұндай қоғамда күрт баю немесе күрт төмендеуі мүмкін,

олардың өмірлік іскерліктерін қамтамасыз ету үшін, ең қажетті шарттарын

көтермелеу үшін, қызметкерлер үнемі еңбек үстінде болуы шарт. Бұл қоғамда

жеке тұлғалы еңбекшінің орны төмен. Іскерлік алмасудан өндіріске қатысты

азық-түлікпен алмасуын айыру керек. Меншікті қатыстың байланыстылығы

өндіріс қажеттілігіне алмасу жоспарлы немесе стихиялы сипатта болуы мүмкін.

Нарықтық механизмді қалыптасқан базистік қатынастарға – меншік

қатынастарына араласусыз жүргізу экономикалық тұрғыдан аңғырт болып

көрінеді. Нарық – бұл көп түрлі, өз экономикалық құқықтарын іске асырудағы

тең меншік иелерінің өзара әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік

формаларының әртүрлі болуынсыз мүмкін емес, себебі:

- біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс құралдары, мүлік,

жұмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар

дамиды;

- екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары

экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізу

нәтижелерінде шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр;

- үшіншіден, экономиканың дамуына өсіңкілік беретін экономикалық

механизм қажет. Өзара бәсекелесетін меншік иелері мен меншік формаларының

көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып

табылады.

Меншіктің түрі мінез алмасу іскерлігімен және бұл алмасу сапалы түрде

іске келтіріле ме, жоспарлы немесе стихиялы бола ма соны анықтайды. Осымен

қоса ол азық-түліктің тікелей орнықтылуы да тауар алмасудың алғашқы не

кейінгі түрінің көмегімен ажыратылады.

Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында азық-түліктің алмасуы алып

сатарлық жолмен жүзеге асады. Бірақ тауар алмасу мәңгі құбылыс. Марксизмлениннизм классиктері байқағандай, белгілі бір қоғамдық даму сатысында ол

жойылады деген болатын.

Сонымен қоғамдағы қатынастардың негізгі түрлерінің бірі болып тұтыну

аймағындағы қатынас болып табылады. К.Маркс дәлелдеген өндіріс және

тұтыну екеуі бір-біріне қарама-қарсы үрдіс болғанымен, бірін-бірі жоққа

шығармайды, сонымен қатар өзара бір-біріне сіңісіп, бір-бірінсіз өмір сүре

алмайды [5]. Әрине тұтыну биологиялық немесе технологиялық үрдіс сияқты

әлеуметтік экономикамен қарастырылмайды. Бұл басқа ғылымдардың есебі.

Бірақ тізбектілі тұтынудың өндірілуі экономикалық зерттеулердің қоршауына

ене береді. Сонымен өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну өзара тығыз

орнастырылған өндірістің бір тұтас үрдісін білдіреді.

Адамдардың өндірістік үрдіске қатынасын қалған барлық экономикалық

байланыстар және қоғамдағы қатынастар анықтайды. Қоғамдық өндірістің

нәтижесінде қоғамдық өнім құрылады. Ол өзінің қозғалу барасындағы бірбіріне байланысты бірқатар кезеңдерден өтеді:

а) Өндірістік қатынастар әртүрлі жағынан өзінше біртұтастықты білдіреді,

оның барлық бөлшегі бір жақты әсер етеді. Сонымен меншіктік қатынастар

немесе жұмыс күшінің өндіріс қажеттілігімен бірігу тәсілі, айырбастау іскерлігі

қатынасымен әсер етуін сезеді, кейінгілері қатаюына жол береді немесе

берілген меншіктік қарым-қатынастың әлсіреуіне соқтырады. Мысалы: құл

иеленушілік қоғамында өндірістік қатынастардың мақсаты ретінде тұтыну

болатын. Ал, натуралды шаруашылықтарда тұтыну өндірістің мақсаты болып

табылады. Бірақ та нарық шаруашылығының жүйесінде өндірістің мақсаты

ретінде пайда табу болып табылады. Бұл нарық экономикасының жетістігі.

Белгілі австрия экономисі Ф.Хайек «Пайдаға ұмтылу неғұрлым ресурстарды

тиімді қолдануға мүмкіндік береді»- деген болатын [6].

Өндіріс қатынасы және бөлу өзара бір-біріне әсер етеді. Мысалы: бөлу

айлық жалақы түрінде сыйлық және басқа төлемақы сияқты өндірістік еңбектің

өнімі ретінде өндірілуін жоғарылатады.

б) Бөлу қатынасы өндірістік қатынасқа әсер етіп қоймай, соған сіңіп кетеді.

Бөлу жоғарыда көрсетілгендей, экономиканың тиянақты аясы болып табылады.

Келешекте зерттеу өндірісі, бөлу сол уақытта өзін-өзі өндірудің элементін

құрайды. Ол үздіксіз меншікті өндірістің қажеттілігіне адамдар арасындағы

әрекеттің тәсіліне айырбастайды. «Бөлуден бұрын азық-түлікті бөлу» қажет

және ол бар деген К.Маркс

Біріншіден, өндірістің бөлінуі; екіншіден ол әрі қарай сол қатынастың

қоғамдық мүшелеріне әртүрлі өндірісте әсер етеді... Азық-түлікті бөлу, оны

үйлестірудің нәтижесі ретінде ғана көрсетеді, яғни өндірістік қатынастың

мұндай жағы меншік қатынасына кіреді. Міне, саяси экономиканы меңгеру

кезінде сол және басқа процесс құбылыстың бірінші орында болуы, сол меншік

барлық экономикалық қатынастарды жалпы байланыстырады және қоғамдық

қатардың сипатын анықтайды.

Айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен нарықтық қатыныстар

қалыптасты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезендерге

бөлуге болады:

1) нарық элементтерінің пайда болуы;

2) натуралды айырбас кезеңінің нарығы;

3) тауар баламасы кезеңінің нарығы;

4) тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады олар

өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке саудасаттық көріністерде кездейсоқ болады.

Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2

көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.

Оның нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.

Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша

Т1-Т2, балама-Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол

ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып

шығып қалып отырады.

Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:Т1-тауар емес баламаТ2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілерінесие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады.

Сонымен қатар нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты -

өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік, белгілі бір дәрежеде дамыған

қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті.

ХХ ғасырда елдер арасындағы экономикалық қатынастар әрқилы болып

дамыды, олар тек сауда ғана емес, өндірісте капитал айналымында, ғылыми

зерттеулердің нәтижелерін айырбастауда да кездеседі.

Бұл өндіріс үрдісін үнемі қозғалысқа келтіретін факторлар болады. Оларға

өндірістің үш классикалық факторлары (жер, еңбек, капитал) және төртінші

фактор (ұйымдастырушы), яғни кәсіпкерлік қабілет жатады. Бірінші болып, осы

өндіріс факторларының төртінші факторын ұйымдастырушы деп атаған Андре

Маршалл болған. Осыған орай кәсіпкерлік институтының мәні қарастырылып

оның қызметтері зерттеліп, кеңейе түскен.

Қорыта келгенде, нарықты экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие

және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық

қарым-қатынастарды қамтиды. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет тіршілігіміздің

экономикалық жағдайларына да қатысты үлкен роль атқарады.

Сонымен бұл бөлімде жүргізілген талдауға былайша қорытынды жасауға

болады:

- нарықтық қатынастар жүйесінің қалыптасуы қаралып, оның жеке

элементтері талдауға алынды;

- тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстар

анықталды;

- бұл байланыстардың өзіндік ерекшеліктері: қайтарымдылықты, тепетеңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайтыны көрсетілді;

- мұндағы байланыстардың басымдылықта болу себебі зерттеу

нәтижесінде дәлелденді, демек, байланыстарда өзара бәсекелестік болуы

нәтижесінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің серпінді жұмыс негізі

қаланады;

- нарықты экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол

әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық қарымқатынастарды қамтиды;

- бұған қоса қарастырылған қатынастар - бұл меншіктің, өндіру, бөлу,

айырбастау және тұтыну араларын ұйымдастырып жүргізу үрдісіндегі

ұйымдастырушы әлеуметтік-экономикалық байланыс. Олай болса, бұл

қатынастар жүйесіндегі кәсіпкерлік қызмет жалпы қоғамның жедел дамуына

елеулі әсер етеді.

Сондықтан да кәсіпкерліктің қалыптасуын, даму эволюциясын талдау, бұл

мәселе түсінігін кеңейте түседі. Осы мәселе келесі бөлімде қаралады.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)

(5 минут)

   ҚР кәсіпкерлік қызметті ұғымының мәні және жүйесі тақырыпқа реферат жазу

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия

(5 минут)

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.

Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
78
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі