400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпорынның қаржы қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
қаржы мамандықтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәсіпорынның қаржы қызметін реттеу жүйесі

Кәсіпорынның қаржылық қызметін мемлекеттік нормативтік-құқықтық реттеу. Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау - мемлекеттің ішкі қаржы саясатын жүзеге асырудың бір бағыты болып табылады. Бұл саясаттың заңдық және нормативтік негіздері әр түрлері бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейді.

Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін нарық механизмі. Бұл механизм ең алдымен қаржы нарығы саласының жекеленген түрлері мен сегментерінің шеңберінде қалыптасады. Қаржы нарығында сұраным мен ұсыныс баға (проценттер ставкасын) және кейбір қаржы құралдары бойынша баға белгілену деңгейін қалыптастырады, ұлттық және шетелдік валюталары бойынша несие ресурстарының қол жеткізе алатындық деңгейі, капитал табыстылығының орташа мөлшерін табады, кәсіпорынның өз қаржылық қызмет ету процесінде қолданылатын кейбір қор және ақша құралдарының өтемпаздық жүйесін анықтайды.

Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі жеке тұрғыдағы ішкі реттеу механизмі. Мұндай реттеудің механизмі кәсіпорынның қаржы қызметіне қатысты тиісті шұғыл басқару шешімдерді өзара ұштастыра отыра кәсіпорынның өз шеңберінде қалыптасады. Айталық, кәсіпорынның қаржы қызметіндегі бір қатар мәселелері сол кәсіпорын жарғысының талаптарына сай реттеледі. Мұның ішіндегі кейбір мәселелері кәсіпорын тарапынан даярланған қаржы стратегиясы және қаржы қызметінің жеке бағыттары бойынша мақсатты қаржы саясаты арқылы реттеледі. Сонымен қатар, кәсіпорында қаржы қызметінің жеке бағыттары бойынша ішкі нормативтер мен талаптардың жүйесі даярланып және бекітіліп қойылуы мүмкін.

2. Кәсіпорынның қаржылық қызметін сырттай қолдау жүйесі мынаны қамтиды:

Кәсіпорынды қаржыландырудың мемлекеттік және басқа да сыртқы түрлері. Бұл механизм кәсіпорынның дамуын мемлекеттік бюджет жүйесі тарапынан, бюджеттен тыс (мақсаттық) қорлар, және де әр түрлі бизнестің дамуына ықпал жасайтын мемлекеттік емес қорлар есебінен қаржыландырудың түрлерін сипаттайды.

Кәсіпорынды несиелендіру. Бұл механизм кәсіпорынға әр түрлі несиелік институттар тарапынан алуан түрлі несиені қайтарымдылық негізінде, атаулы уақытқа және белгілі процент бойынша беруге негізделген.

Лизинг (аренда). Бұл механизм кәсіпорынның қажетіне атаулы уақыт кезеңіне білгілі төлем-ақы өтеп отыру арқасында тұтас мүлік кешендерін, айналымнан тыс активтердің кейбір түрлерін пайдалануына берілетіндігіне негізделген.

Сақтандыру. Сақтандыру механизмі кәсіпорын активтерін қаржылық қорғауға, кейбір қаржылық қауіп-қатерлердің орын алған жағдайларында оның мүмкін боп қалар деген шығындардың орнын толтыруға бағытталған.

Кәсіпорынның қаржы қызметін сырттай қолдаудың басқа да түрлері. Бұған кәсіпорын қызметіне лицензия бері, инвестициялық жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу, және т.б.

3. Қаржылық тұтқалар жүйесі қаржылық қызметтерінің салалары бойынша басқару шешімдерінің қабылдану және жүзеге асыру процестеріне әсерін тигізетін мына негізгі түрлерді қамтиды:

- баға;

- процент;

- пайда;

- амортизациялық аударым;

- таза ақша ағымы;

- дивидендтер;

- синергизм (компаниялардың қосылу нәтижесінен туындалған аса үлкен тиімділік);

- өсімақы, айыппұл, тұрақсыздық төлемі;

- басқа да экономикалық тұтқалар.

4. Қаржы әдістерінің жүйесі негізгі тәсілдер мен амалдар арқасында кәсіпорынның қаржы қызметіндегі әр түрлі салаларында нақты басқару шешімдері негіздеме табатын және бақыланатын сол тәсілдер мен амалдардан құралады:

- техникалық-экономикалық есептеулер әдістері;

- баланстық әдісі;

- экономикалық-статистикалық әдістері;

- экономикалық-математикалық әдістері;

- эксперттік (сараптау) әдістері;

- құнды дисконттау әдістері;

- құнды өсіру әдістері;

- әртараптандыру әдістері;

- активтерді амортизациялау әдістері;

- хеджерлеу әдістері;

- басқа да қаржы әдістері.

 

5. Қаржы құралдарының жүйесі кәсіпорынның кейбір басқарылатын шешімдерін жүзеге асыру механизмін қамтамасыз ететін және оның басқа да экономикалық объектілерімен қаржы қатынастарын нақтылайтын мына келесі контрактілік міндеттемелерден құралады:

- төлем құралдары (төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер және т.б.);

- несиелік құралдар (несиелендіру жөнінде келісім-шарттар,вексельдер және т.б.);

- депозиттік құралдар (депозиттік келісім-шарттар, депозиттік сертификаттар және т.б.);

- инвестициялау құралдары (акциялар,инвестициялық сертификаттар және т.б.);

- сақтандыру құралдары (сақтандыру келісім-шарттары, сақтандыру полисі және т.б.);

- басқа да қаржы құралдары.

 

Барлық қаржы менеджменті амалдарының жалпы мазмұны ретінде капитал айналымы және ақша қозғалыстарымен байланысты ақша қатынастары болып табылады. Яғни, кез келген қаржы ресурстарының қозғалысы негізінде капитал қозғалысы жатыр.

Осыған орай, қаржы менеджментінің амалдары дегеніміз нақты мақсатқа қол жеткізу үшін ақшалай қатынастардың белгілі басқару объектісіне әсер ету тәсілі болып табылады.

Қаржы менеджменті амалдарының бағыттары бойынша оларды төрт топқа жіктеуге болады:

1) ақшалай қаражаттарды аударуға бағытталған амалдар;

2) капиталды өсіру мақсатындағы оның ауыстырылуына бағытталған амалдар;

3) алып-сатарлық сипаты бар амалдар;

4) капиталдың жоғары табыс әкеле алатын қабілетін сақтауға бағытталған амалдар.

Ақшалай қаражаттарды аударуға бағытталған амалдары дегеніміз бұл сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысуға қатысты тәсілдер болып табылады. Оның негізін осы тауарлардың сатып алынуына-сатылуына қатысты ақшалай қатынастары құрайды. Бұл амал: несие карточкалары, дебет карточкалары, смарт-карталары, төлем тапсырмалары, аккредитивтер, чектер, банк аударымдары, есепшотты ашу, инкассо және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Капиталды өсіру мақсатындағы оның ауыстырылуына бағытталған амалдары - бұл, іс-жүзінде, белгілі мерзім ішіндегі капитал жұмсалымына қатысты инвестициялық мәміле. Сондықтан, капиталдың ауыстырылуына бағытталған амалдары дегеніміз - бұл осы капиталдың өсірілуіне ықпал жасап отыратын тәсілдері, сонымен қатар осы капитал бойынша оның өсімі ретінде табысқа қол жеткізу тәсілдері болып табылады. Бұлардың қатарына: депозит, аренда, рента, лизинг, траст, франчайзинг, фирмалық несие, факторинг, форфейтинг, вексельдік несие, овердрафт және т.с.с. жатқызуға болады.

Алып-сатарлық сипаты бар амалдары бұл сатып алу мен сату бағаларының (бағамдарының) айырмасы, алынған несиелер бойынша проценттердің айырмасы және т.б. түрлеріндегі табыстарға қол жеткізу мақсатындағы қысқа мерзімді мәміле болып табылады. Алып-сатарлық операцияларының түрлеріне мынаны жатқызуға болады: репорт, депорт, бағам айырмаларына қатысты операциялар, процеттік арбитраж, валюталық алып-сатарлық.

Капиталдың жоғары табыс әкеле алатын қабілетін сақтауға бағытталған амалдары дегеніміз бұл қауп-қатер және шаруашылық ахуалының тұрлаусыздығы жағдайындағы капитал қозғалысын басқару тәсілдері болып табылады. Оларға мынаны жатқызуға болады: сақтандыру, хеджерлеу, кепілдік, ипотека, асыл металдарды қазына қорына жинау, әртараптандыру және т.с.с.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі