Материалдар / Кәсіптік бағдар беру жұмысы - бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы - бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледждің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысы ақтық мақсатқа - өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Джакаева Гульзира Баженовна

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің тәрбие жұмысының орынбасары

Кәсіптік бағдар беру жұмысы - бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып


Каспий өңірі «Болашақ» колледжі – Маңғыстау облысы бойынша бірінші аккредиттелген оқу орны. 1997 жылы құрылған білім ордасынан қазіргі таңда 8000 – нан аса түлек ұшырылып, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, оқуын жалғастыруда. Тұрақты даму бағыты бар білім мекемесінің миссиясы - еңбек нарығында Республика аумағында, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.

Колледждің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысы ақтық мақсатқа - өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған. Осы мақсатты орындау жолында колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім жүйесіне бағытталып, заманауи ақпараттық технологияларға қарай бейімделген. Оқытушыға жоғары талаптар қойған қоғамда колледждің педагогикалық құрамы теориялық білімді тәжірибемен сабақтастыруда, рухани тәрбиемен байланыстыруда оқыту мен білім сапасын арттыруда. Бұның дәлелі, бітіруші түлектердің соңғы үш жылда жұмысқа орналасу көрсеткіші 84-86 % құраса, әлеуметтік серіктес мекемелермен келісім шарттар барлық мамандықтар бойынша қамтылған.

Колледждің материалдық-техникалық базасы дәрісханаларды, зертханаларды, шеберханаларды, компьютерлік сыныптарды, арнайы пәндер дәрісханаларын, лингафондық кабинетті, оқу полигонын, спорт залды, медициналық пунктті, мұражайды, оқу залын, асхананы, акт залды, конференция залын құрайды.


Колледжде жыл сайын студенттердің бойындағы өнерлерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдарды саралау, жекелеген студенттің сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық пәндік үйірмелер мен спорттық секциялар кестесі жасақталып, бекітіледі.


Заман талабының сұранысына сай ойы жүйрік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыруда жоспар бойынша іс-шаралар атқарылуда.


Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты міндет - бәсекеге қабілетті, шығармашылық, үдемелі өзгерістер жағдайына тез бейімделуге дайын, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетінше шешім қабылдай білетін қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды дайындау. Осы қоғамдық талапқа сай кәсіби маман дайындауда олардың кәсіби шыңдалуына басымдық жасайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атқаратын рөлі ерекше болып отыр. Талапкерлердің сапасын жақсартуға көмектесетін жүйелі және кеңейтілген кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу, болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету, қоғамның кадрлық сұранысы мен адамның жекелей ерекшеліктеріне сәйкес білім алушыларда өз бетімен кәсіптік анықтауды қалыптастыру – кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер ететіндіктен, әр талапкер алдағы өміріндегі кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алу керек. Осы орайда, әр оқу жылында «Болашақ» колледжі кәсіби бағыт-беру жоспарын жаңартып, жан-жақты бағдарлап, психологиялық тұрғыдан қамтып, әдістемелік көмек беруде іргелі істер атқарады. Кәсіби бағыт-бағдар беру жоспарын екі бөлімге (1.Педагог мамандармен жұмыс, 2. Ата-аналармен және талапкерлермен жұмыс) бөліп қарастырады, педагогикалық ұжымды таныстырып, жауапты тұлғаларға мектеп оқушыларына әлеуметтік желілерге салынатын видеолар, слайдтар, психологиялық тренингтер дайындауға нұсқаулықтар беріледі. Қала, облыс пен ауданның білім беру ұйымдарын, ата-аналар мен оқушыларды колледждегі мамандықтар бойынша нақты ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік желілерге (Telegram, Instagram, Facebook, сайт) орналастырылып, WhatsApp желісі арқылы таратылып, колледж сайтының ата-аналар мен талапкерлерге арналған ақпараты жаңартылып отырады. Облыс, қала және аудандар бойынша мектептер тізімі жасақталып, қашықтықтан байланысуға ақпарат көздері жинақталып, кәсіби бағыт-бағдар беруде мектептерде колледж әкімшілігі мен оқытушылары тарапынан кездесулер ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда кәсіптік бағдар беру жұмысы ең өзекті, жиі талқыланатын тақырып. Өйткені, «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар 9 сынып оқушыларын мазалайтынын бәріміз білеміз. Бұл жауапты сәт олардың болашағына әсерін тигізеді. Сондықтан да, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің басшысы Г.М.Қаламқали және педагогикалық ұжым жүйелі түрде жұмыстар атқаруда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!