Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда баланың болашақ мансабын қалыптастыру- қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың және мектеп ұжымындағы шығармашылықпен айналысатын кез-келген мамандардың әр оқушынының қабілетіне қарай шәкіртіне мамандық таңдауға көмектесуі, қолдауы деп ойлаймыз. Әрине, баланың тәрбиесіне, жан-жақты білім алуына керекті нәрсемен толық қамтамасыз етілуіне ата-анасы жауапты. Дегенмен де, баланың болашағы таңдаған мамандығымен тығыз байланысты. Сол себепті әлі көп нәрседен хабары жоқ оқушыға мектеп ұжымы, сынып жетекшісі, ата-ана керек ақпаратпен толық қамтамасыз етуі керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметбеков Наурызбай Дюсенович.,

әлеуметтік педагог

19 жалпы білім беретін мектеп

Қарағынды қаласы, Қазақстан



КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі таңда баланың болашақ мансабын қалыптастыру- қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың және мектеп ұжымындағы шығармашылықпен айналысатын кез-келген мамандардың әр оқушынының қабілетіне қарай шәкіртіне мамандық таңдауға көмектесуі, қолдауы деп ойлаймыз. Әрине, баланың тәрбиесіне, жан-жақты білім алуына керекті нәрсемен толық қамтамасыз етілуіне ата-анасы жауапты. Дегенмен де, баланың болашағы таңдаған мамандығымен тығыз байланысты. Сол себепті әлі көп нәрседен хабары жоқ оқушыға мектеп ұжымы, сынып жетекшісі, ата-ана керек ақпаратпен толық қамтамасыз етуі керек. Әр оқушының мамандықты қателеспей дұрыс таңдап, жеке тұлға болып қалыптасуы мектеп кезінен басталатыны анық.

Мектеп тек білім беретін орта ғана емес,болашаққа нық қадам жасауды үйрететін ыстық ұя болғаны дұрыс. Жоғары сынып оқушыларының басты проблемасы-мамандық таңдау екені баршаға мәлім. Қазіргі ақпарат заманында дұрыс және жалған ақпаратты ажырату оңай емес. Ақпараттың шектен тыс көптігінен оқушылар қайсының дұрыс не бұрыс екенін білмей жатады. Сол себепті осы жағдайда үлкендер көмектесуі қажет. Мамандық туралы жеткіліксіз білу-оқушыны кездейсоқтыққа, болашағына деген сенімсіздікке итермелейді. Мамандықты дұрыс таңдамаған адам болашақта ол бірнеше жұмысқа ауысып, еш жерде тұрақтамайды. Әр нәрсенің басын бір шалып, түбінде сонша жыл оқып алған дипломын сандықтың түбіне салып қойып, қара жұмысшы болып шыға келгенін өзі де аңғармай қалуы мүмкін. Сол себепті болашақта таңдау жасап отырған мамандықтың қыр-сырын терең зерттегені абзал.Менің ойымша, кәсіптік бағдарлау жұмысы арқылы балалардың болашақ мансабын қалыптастыруға болады. Мектеп ұжымы мұндай жағдайда қалай оқушыларға көмектесе алады? Мен осы мәселе төңірегінде ойланып, көп толғандық. Әрине, әр оқушының мамандық таңдауы өзінің жеке қызығушылығына байланысты. Адамдардың белгілі бір хоббимен айналысуы сүйікті ісін табуға көмектеседі. Сол себепті оқушыларға үйірмелер санын көбейту керек. Мысалы кейбір ауылдарда үйірмелер мүлдем жоқ. Сондықтан оқушылардың бос уақыты көп болып, есесіне уақыттарын телефон шұқылаумен, ойын ойнаумен бекер өткізеді. Ал бос уақытын пайдасыз іспен өткізген адамның болашағын ойлауы екіталай. Үйірмелерге жазылып, қалаған ісімен айналысқан оқушының бойында өзінің қолынан бір іс келетініне деген сенімділік болады. Көшбасшылық, дарындылық, өзіне деген сенімділік қасиеті дами түседі. Ондай оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ іс-шараларға белсене қатысып, өзінің жетістік жолын бастайды. Екінші ұсыныс ретінде айтарымыз, бұрынғы мектеп бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастыру қажет. Себебі олар мамандықты дұрыс таңдаса да немесе қателессе де сол жолдан өтті.

Мамандық таңдаудағы өз қателіктерін айтып, жас түлектердің қателеспеуінің алдын алар еді. Тек бітірген түлектерді ғана емес, өмірде өз жолын ерекше жолмен тапқан қызықты оқиғасы бар адамдарды да кездесуге шақырған жөн. Негізінен біздің мектебімізде соңғы жылдары осы бағытта көптеген іс-шаралар өткізілді. 9-11-сынып оқушыларының қатысуымен өзіміздің мектептен білім алып, таңдаған мамандықтары арқылы үлкен жетістіктерге жетіп жатқан түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Оқушылар өздерінің мамандық жайында көкейіндегі мазалаған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдауда қателеспеу керектігінен сабақ алып отырады. Негізінен жоғары оқу орындары мен колледждерден кәсіптік бағдар беріліп отыратыны баршамызға мәлім. Бірақ, ол іс-шаралар мектеп аяқталатын кезде, көктем айында басталады да, қаптап бірінен кейін бірі мектептерге келіп жатады. Балалар өздерінің бұрыннан таңдап отырған мамандығынан да айнып қалып жатады. ҰБТ тапсыратын кезде сол мамандыққа байланысты пәндері де ауысып, баланың дайындалған еңбегі зая кететін кездер де болады. Біздің ойымызша, ондай іс шаралар оқу жылы басталғаннан бастап қолға алынса, нұр үстіне нұр болар еді. Мектепке келіп таныстырылым жасағаннан гөрі, сол оқу орнына оқушыларды апарып, саяхат жасатқан әлдеқайда дұрыс деп ойлаймыз. Себебі мамандық таңдаумен қатар сол мамандықты мықты оқытатын университетпен де танысу маңызды. Жақын маңдағы унивеситеттерге барып көріп қайтудың өзі оқушыға керемет әсер сыйлайды. Таңдаған мамандығына сенімді болып, шабыт алып, алға ұмтыла бастайды. Сосын кәсіптік колледждер мен училищелерге, сол аймақтағы кәсіпорындарға тур жасауды да айтар едік. Себебі мамандық таңдаумен ғана шектеліп қалмай, сол кәсіптік оқу орнымен, кәсіпорындағы маман иелерінің жұмыс барысын көзбен көріп, қолмен жасап көру оқушыларға кез-келген еңбектің қиыншылығы мен қызығы болатыны түсінікті болар еді. Мектепте кәсіптік бағдар беру жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіліп отыру қажает.

«Шәкіртсіз ұстаз-тұл» демекші, әрбір ұстаз өз мамандығына қарай шәкірт тәрбиелеуі керек. Ата-бабамыз «Бұлақ көрсең- көзін аш», деп бекер айтпаса керек. Мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде талай оқушыларыма бағыт-бағдар бере отырып, мамандықты шатыспай таңдауына жол көрсете білдік деп ойлаймыз.



Әдебиеттер:

1. Пряжников Н.С. Профориентация в школе и колледже: игры, упражнения, опросники (8-11 классы). – М.: ВАКО, 2006. 296 МАТЕРИАЛИ ЗА XXI МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ 17 - 25 май , 2024

2. Савченко М.Ю. Профориентация. Личностное развитие. Тренинг готовности к экзаменам (9-11 классы): Практическое руководство для классных руководителей и школьных психологов. – М.: ВАКО, 2006.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11