400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіптік білім беру – келешек кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада жаңа ғасырдың талабы ақпараттық білім алуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы келтірілген. Білім беру ресурстарының ішіндегі ақпараттық технологияларды сабақта қолдану жолдары мен білім берудегі АКТ технологияның маңызы көрсетілген. Презентация технологиясын, қашықтықтан оқыту технологиясын, мультимедиялық технологияларды қолдану туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация
Баяндамада жаңа ғасырдың талабы ақпараттық білім алуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы келтірілген. Білім беру ресурстарының ішіндегі ақпараттық технологияларды сабақта қолдану жолдары мен білім берудегі АКТ технологияның маңызы көрсетілген. Презентация технологиясын, қашықтықтан оқыту технологиясын, мультимедиялық технологияларды қолдану туралы айтылған.



«Кәсіптік білім беру – келешек кепілі»


Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі


Дюсенгалиева Арайлым Махмудовна, жалпы техникалық пәндерінің екінші санатты оқытушысы, магистр, БҚИТК


Кез келген әрекеттің нәтижесін көру үшін оған оңтайлы әдіс, тиімді жолмен келу керек. Бүгінгі таңда елімізде білім беру ошақтарының барлығында  педагогикалық тұрғыдан мойындалған, нақты тәжірибемен сарапталған жаңа технологияларды қолдану кең өріс алуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге шығу»- деп білім беру жүйесінің даму шарттарын айқындауды тапсырады. [1]

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. 

Осыған орай бәсекеге қабілетті маман даярлауда мемлекет оқытушылардың алдына келелі мәселелерді қойып, оны шешу жолдарын қарастырып, осы жолда нәтижелі еңбектену міндетін жүктеп отыр. 

Кәсіптік-техникалық кооледжде инновациялық технологияларды қолдану оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастырып,  практика мен оқу дәрісінің үйлесім табуы арқылы жетістікке жол ашады.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, белгілі жайт, педагогикалық мамандану болмағандықтан, бұл салада оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін көрнекі құралдар мен оқу әдістері тиімді болу керек. Сондықтан да, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жасау міндеті қойылады. Ең алдымен сабаққа оқушыларды қызықтыра білу талабын орындау қажет. Топтағы оқушыларды психо-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, әр топқа оқытудың өзіндік жолын пайдалану шарт. Өйткені бірізділік оқытушының сабағына деген көзқарасты сол деңгейде қалдырады.

Сондықтан оқытушы топтағы оқушылар құрамына қарай өз іс-әрекетін ұйымдастырады. Бұл,біріншіден, оқушының оқытушының алда қандай әрекеттер жасайды деген жұмбағын таптырмайды, екіншіден, әрдайым жаңашылдық танытуының арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятады, үшіншіден, оқушымен арадағы байланыс нығайып, оқытушының кәсіби шеберлігіне деген оқушының сенімі нығайып, құрметі жоғарлайды.  

Оқытушы-оқушы байланысы тек біржақты емес, кері байланысты болуы шарт. Себебі үнемі тек оқытушы белсенділігіне құрылған сабақ оқушының оқу іс-әрекетін тежеп, олардың қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті кей кездері оқытушы оқушыға сенім артып, сабақты ұйымдастырып-өткізу мүмкіндігін тудыруға болады. Ой елегі мен тәжірибе сүзгісінен өткен әрекет қана нәтижелі болмақ.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

-    жүйелі ойлауды;
-    құқықтық ақпараттық мәдениетті;
-    кәсіпкерлік мәдениетті;
-    өзін-өзі тануды;
-    басқаларға ұсынуды;
-    өз қызметін білімді талдауды;
-    жаңа білімді;
-    нано технологияларды меңгеруді;
-    кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
-    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;
-    әр іске жауапкершілікпен қарауды;
-    нәтижеге бағытталған істерді жасауды. [3]

Осыған орай, біздің – мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері  қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді

Техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектерін сапалы көрсеткішке дайындау жолдарының бірі - ақпараттық технологияларды пайдалану.

Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-    оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
-    уақытын үнемдейді;
-    білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
-    қашықтықтан білім алу мүмкіндігін тудырады;
-    қажетті ақпаратты жедел түрде алу алады;
-    экономикалық тиімді;
-    қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
-    оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
 Тәжірибе барысында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі былайша көрінетінін байқатты:

- Ой еркіндігі мен шығармашылық дамуға жол ашады;

- Техник-мамандардың оқу-іс әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі білімге қол жеткізеді;

- Оқушылардың оқу процесінде туындайтын қиыншылықтарын шешу жолдары табылады;

- Оқушының сабаққа деген ынтасы өсіп, қызығушылығы артады;

- Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығаяды. [3]

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. [2]

Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады.

Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал  кәсіби қасиеті екінші орында болады. Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді.[1]

Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық – технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды.

Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді.  Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады. [4]

«Нағыз оқытушы» - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып, өндіріске, өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе. Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім, соның ішінде ол педагог алдына койылған, жүктелген – міндет екенін ескере отырып, кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озім де жалпы білім беретін пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыс жасаймын.

Ақпараттық технологияны қолдана оқыту - білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы білім беретін пәндердің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ал жалпы білім беретін пәндерді оқыту барлық адамға ортақ міндетті орта білім алуға бағытталады.

Ақпараттық технологиялық үдерісі – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс. [3]

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Өз тәжірибемде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушыларды интернет олимпиадаларға қатыстырдым, оқушылардың авторлық жұмыстарының сайттарда жариялануына мүмкіндік жасадым. Ғаламторда өзге әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, өз біліктілігімді арттырдым.

Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:

1.Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;

2.Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;

3.Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;

4.Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.

5.Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді. [3]

Жоғарыда аталғандармен бірге білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім.

Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, оларды пайдалана отырып оқытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады. [4]

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуды білім берудің бір бөлігі ретінде қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы деп білем. Сабағымда АКТ қолдану арқылы біршама нәтижелі істерге қол жеткіздім.

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім баспасы», 1998.
2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.
3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005.
4. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі