400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кәсіптік білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама, Кәсіптік білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру көзделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Танатова Сая Танатова

Кәсіптік білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі қабілетті елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қастамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Ұлт болашағы – жастар, яғни болашақ тізгінін ұстайтын бүгінгі өскелең ұрпақ. Елбасы Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген сөзі кәсіби бағдарланудың өзектілігін нақтылай түседі. Олай болса, біз кәсіптік білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған бағдарламаның негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заман талабына сай студенттерге сапалы білім беруіміз керек.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәденеиет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру көзделеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Заман талабына сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттернің бірі- білім беру бағдарламаларының меңгеру үшін жағдайлар жасау керек » - деп көрсетілген.Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық –техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технолгияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен нәтижесін алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын колледждерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:

  • Колледждің материалдық-техникалық базасына;

  • Ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;

  • Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;

  • Педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;

  • Оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтеу сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін –бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық  технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының  ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру ақпараттық ізденіс қабілеттерін арттырады.

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында тізбе жоспары бойынша әр тақырыпшаға байланысты үлгі сызбалар, құрастырулар жұмыстарын рет-реттілігімен оқушыға түсінікті болу үшін көрнекілік ретінде слайд түрінде интерактивті тақты арқылы жүзеге асыруға болады. Бірінші курстар үшін қол тігістері және машина тігістерін, ұсақ бөлшектерді өңдеу жұмыстарын интерактивті тақта арқылы жасалу жолдарын іске асыру тиімді. Ал екінші курста өткізілетін тақырыптық жоспарда жоспарланған әйелдер мен ерлер шалбары, әйелдер көйлегі, желеті, жейделерін өңдеуді жаңа сабақты пысықтау барысында , ютуб бағдарламасымен бұйымдарды пішу, тігу, бірізділігін арнайы бейне баяндар сабақ барысында өте тиімді. Себебі, студент теориядан алған білімін ауызша практика жүзінде бұйымның пішілу, тігу, құрастыру әдістерін тез меңгереді.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану.

Қорыта келгенде қазіргі жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден –бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологияларды өңдеп, нәтижелі пайдалана білгенде төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады. 
- Уақыт үнемделеді; 
- Сабақтың сапасы көтеріледі; 
- Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады; 
- Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. 











Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Информатика негіздері» журналдары.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»
5. Ғылыми-әдістемелік журнал Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2012 ж., №5-2009 ж
Интернет материалдары №72
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
299
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі