Материалдар / Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға терминдерді жүйелі меңгертудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда «Кәсіби қазақ тілі» пәнінде «Автокөлік жөндеуші слесарь» мен «Электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша кәсіби терминдерді меңгертудің, болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, болашақта қызмет барысында кәсіби терминдерді қолдануға машықтандырудың тиімді жолдары қарастырылған. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс, үлестірмелі қиықшалармен жұмыс жүргізудің үлгілері ұсынылған. Бұл әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
376
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ













Кәсіптік оқу орындарында білім алушыларға

терминдерді жүйелі меңгертудің

тиімді жолдары











Талдықорған-2022

Талдықорған

Кіріспе


Кәсіптік оқу орны-үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Кәсіби білім беру оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім-бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіптік білім-бағдар бере отырып оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Әдістемелік жинақта болашақ маманға мамандығына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін үйретумен қатар, сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде,  болашақта қызмет барысында қолдануға машықтандырудың жолдары көрсетілген.Өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері берілген.

Кәсіптік орта білім беруде мемлекеттік тілді оқытудағы басты мақсат- кәсіби бағдарына сәйкес, оның болашақ өміріне қажетті тілдік дағдылар мен сөз мәдениетін меңгерту. «Кәсіптік қазақ тілі» пәнін арнаулы орта оқу орнында окыту- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде алған бір белесі десек те, бұл бағдарламамен оқыту-оқытушылардан көп ізденісті талап етеді. Кәсіптік қазақ тілінің окытушылары оқу орнында дайындалатын мамандық иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді игеріп, ауызекі сөйлеу тілін, іс кағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын, үйрету талабын іске асыру мақсатында жұмыстар атқаруда.Бұл жинақта болашақ маман иелеріне терминдерін меңгерту үшін сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу жолдары көрсетілген. Белгілі бір мамандыққа байланысты    сөздіктермен жұмыс , аударма және түсіндірме сөздіктерді дұрыс пайдалану мүмкіндігі айқындалған.




















Ғылым мен техникадағы терминдердің мәні

Қазіргі кездің жастары өз болашақтарының Қазақстанмен,өз елінің нарығымен тығыз байланыста екендігін жақсы түсінеді.Ел экономикасына мемлекеттік тілді жақсы меңгерген мамандар қажеттілігі күн санап артып келе жатқандығын да біледі.Сондықтан да қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздығын түсініп,оны меңгеру жолында тер төгіп,күш-жігерін салып жүрген жастар арасында біздің Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледж білім алушылары да бар.

Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет.

Термин жасауда негізгі мынадай тілдік тәсілдердің басты нысанаға алынатындығы баршамызға аян. Біріншіден, қазақтың өз сөздерін термин қатарына тарту, екіншіден, туыстас түркі тілдерінің сөздік қорын және озық тәжірибелерін пайдалану, үшіншіден, халықаралық терминдерді алғанда тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеру

Кәсіби терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің аударылу және жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген атауларды есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Тіл үйренушілерге терминдерін меңгерту үшін ең алдымен сөздік жұмысын  дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сөздіктермен жұмыс негізінен, белгілі бір мамандыққа байланысты   аударма және түсіндірме сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан әрбір сабақта  сөздік жұмысын дұрыс пайдалану қажет. Таныс емес сөздердің мағынасын  жан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау жасатып, ол сөздің стилдік  мүмкіндігін  тиімді  пайдаланып отырамыз.Белгілі бір терминді сөздік арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет; екіншіден, оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден, жаңа терминнің ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату,  сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу қажет; төртіншіден,  жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып,  мәтін, диалог, әңгіме,  құрастыру қажет.Осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданатын болсақ,  мамандыққа қатысты терминдерді  тиімді  меңгерте аламыз.  Әр терминді өз орнына  дұрыс қолдана алатын,  өз ойын дұрыс жеткізе алатын  білімді маман даярлау үшін тіл дамыту жұмыстары жүргіземіз. Тіл дамыту жұмыстарының барлық түрі лексикалық материал негізінде тіл үйренушілерге мәтіннің мазмұнын игеру барысында жүзеге асады.

Тіл үйренушілердің тілді білу деңгейіне қарай кәсіби қазақ тілін оқыту екі топқа (бастауыш және жалғастырушы) бөлінеді. Бастауыш топта кәсіби сөздермен, сөз тіркестерімен, оңтайландырылып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен жұмыс жүргізілсе, ал жалғастырушы топта көбінесе мамандықтарына байланысты тақырыптармен сабақтастыра, күрделенген кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтіндер білім алушыларды мамандық тілін меңгертуде ерекше қызмет атқарады. Сабақ барысында кәсіби мәтінмен жұмыс істеу тіл үйренушінің кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге деген қызығушылығының артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Кәсіби мәтіндер негізінде білім алушының мамандығы туралы білімін жетілдіреді, өзінің келешекте атқаратын жұмыстары туралы пайдалы, өте қажетті ақпараттар алады, кәсіби танымдары кеңейеді, сонымен қатар кәсібіне сай сабақта алған білімдерін болашақ қызметінде пайдалана алады.

         Кәсіби мәтіндер – мамандыққа қатысты лексикалық минимумдарды қамтитын, белгілі бір мамандықты игеру үшін қажет кәсіби білім беретін күрделі қатысымдық бірлік. Әр сала бойынша білім алатын студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеу кезеңінде терминдерді өте жақсы қабылдайды және олармен қызыға жұмыс істейді. Осыған орай кәсіби қазақ тілі сабағында көбінесе мамандығына қатысты кәсіби мәтіндермен жұмыс жүргізіледі. Кәсіби мәтінмен жұмыс жүргізудің мақсаты – студенттің мәтінді практика жүзінде игеруін жүзеге асырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруға икемдеу. Кәсіби мәтіндер–мазмұндық, тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленіп, пәрменді лексика нормасына құрылған, мамандыққа қажетті ақпаратқа толы, кәсіби терминдері мол, студенттердің білім деңгейіне сай болуы шарт. 

Кәсіби қазақ тілі сабағын студенттің мамандықтарына қатыстыра, тығыз байланыстыра оқыту студенттердің өз мамандығы жайлы мағлұматын кеңейтіп, кәсіптік ынтасын арттырады, әрі пәнге қызығушылығын күшейтеді.

Болашақ маман алған білімін өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады. Тілді мамандыққа сай оқытуда тіл үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады.

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында терминдерді оқытудағы басты мақсат - болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа, кәсіпке байланысты атау  сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады, терминдердің түсініктемесіне мән береді және оны келешекте қызмет барысында қолдану-олардың өз саласын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Терминдермен жұмыс барысында сөздердің мағынасын меңгерілмейінше, еш нәтиже бермейді.

Өзінің таңдаған мамандығының нағыз шебері болу үшін оқытушы термин жасаудың жолдарын үйретіп, студенттің қызығушылығын арттыруы қажет.Мамандыққа қатысты сөздік қорды байыту дегеніміз – мамандыққа қатысты лексикалық единицалар мен терминдердің толық түсінігін қалыптастыру. Терминдерді аударғанда сыртқы пішін ұқсастығы, қызмет бірлігі, мағыналық жақындығы болуы шарт.

Мамандыққа, кәсіпке қатысты тіл үйрету бір жағынан осы тілді оқытудың мотивациялық аспектілерін кеңейтуді көздесе, екінші жағынан, олардың жалпы тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндағы басты міндет-тілдің өзі қалаған мамандықпен тікелей қатысын, осы саладағы жұмсалу ерекшеліктерін, терминдерді, кәсіби сөздік қорын игерту. Сондай-ақ бұл сабақтарда талапқа сай білім алушының өзіндік ізденісінің салмағын арттыруға мән беріледі. Бұл бағытта білім алушылар әр сабақ сайын өз мамандықтарына қатысты мәтіндерді оқып, кәсіби сөздер, сөз тіркестері, терминдермен танысып, оларды есте сақтауға, сауатты жазуға, сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйренді.

Бүгінгі білім алушы – ертеңгі білікті маман. Кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың термин меңгерудегі білімі жүйелі берілсе, келешекте оны тәжірибе жүзінде пайдалануда ақсамайтыны мәлім. Сондықтан колледж түлегіне және оның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге міндетті оқытушыға қойылатын талаптар жоғары болмақ.Біздің колледжіміздің тіл мамандары өзінің алдына қойылған маңызды тапсырмаларды орындау мақсатында еңбек етуін жалғастыра бермек.


ІСКЕР ЗАМАНДА КӘСІПТІЛІККЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ


Қазіргі нарық заманында жұмысшы маманның іскерлік қарым-қатынасқа, кәсіптілік бәсекеге түсе білетін-жеке тұлға ретінде қалыптасқан білікті маман болуы шарт. Болашақ жұмысшылардың осындай талапқа сай білікті маманды дайындап шығу-кәсіптік білім беретін оқу орнында қызмет атқарып жүрген әрбір ұстаздың парызы.Соның ішінде кәсіптік қазақ тілі пәні оқытушыларының да қосатын өз үлестері мен маңызды міндеттері бар.Жұмысшы маман иелеріне өз мамандығына тән кәсіби сөздерді меңгертіп, іскерлік тілді жете игертіп, іс қағаздарының түрлерін қазақ тілінде сауатты толтыруын үйрету талабын іске асыру мақсатында қызмет атқаруда.

Кәсіптік білім беру оқу орындарында қазақ тілін оқытуда кәсіптік терминдерге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кәсіби қазақ тілі сабақтарының басты мақсаты- мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс істеу арқылы, болашақ мамандарға мамандыққа байланысты сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту және оны келешек қызмет аясында қолдану. Мысал ретінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдану арқылы өткізген «Менің мамандығым», «Іскерлік қарым-қатынас» сабақтар барысын саралайық.

Сабақтың тақырыбы: «Менің мамандығым»

Сабақтың мақсаты: Тақырып мазмұнын ашу, білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.Білім алушыларды өз оқу орнын қадірлей білуге , мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабактың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: INSERT стратегиясы , кестелер, нөмірленген асықтар.

Сабақ барысы:

І.Қызығушылықты ояту сатысы:

1.«Нысана санды» табу

Білім алушылар «Сандар кестесінен» жасырылған нысана санды табуы керек. Ол үшін оқытушы білім алушыларға жәрдем береді.

-Мен жасырған сан- 5-тен артық, 10-нан кем, ол қай сан?

Білім алушылар ол санды ( 8 саны) тапқан соң оның артында жазылған ребусты шешу керек. Ребуста «Мамандық» деген сөз жасырылған. Топтың жауаптары нөмірленген асықтармен бағаланады. Осылай білім алушылардың назарын бүгінгі сабаққа аударамын.



ІІ.Мағынаны тану

А). Топпен жұмыс .Білім алушылар 3 топқа бөлінген. «Біздің колледж » мәтінімен әр топ танысады. Қолданылатын жаңа сөздер:

-келісім шарт-договор

-өндірістік тәжірибе- производственная практика

-әлеуметтік қорғаныс-социальная защита

-кіші кәсіпорындар-малые предприятия

-негіз-база

-квалификациялық байқау жұмыстары-квалификационные пробные работы

-өндірістік мінездеме- производственная характеристика

Мәтінді талдауға 3 минут уақыт жеке-жеке жұмыс істеуге беріледі. 2 минут уақыт топта жұмыс істеуге беріледі.Содан кейін INSERT стратегиясын толтырады.

V- білемін

-- білгеніме сәйкес келмеді

+- жаңа нәрсе

?-тереңірек білгім келеді.

Ә).Мамандықтарына байланысты дайындалған сұрақтар бойынша жауаптарын жазу.

І-топ сұрақтары

1.Мамандығыңның қоғамдық маңызы.

2.Сендер оқып жүрген колледж түлектері қай жерге оқуға түсе алады?

Қоғамдық маңызы-общественная значимость

Колледждің түлектері-выпускники колледжа

ІІ-топ сұрақтары

1.Болашақта мамандығың бойынша кәсіби қарым-қатынасқа дайынсың ба?

2.Көрсетіп беріңдер.

Кәсіби қарым-қатынас- профессиональное сотрудничество

ІІІ-топ сұрақтары

1. «Электр және газбен дәнекерлеуші»мамандығы қандай жеке қасиеттердің болуын талап етеді?

2.Осы қасиеттер сендердің бойларыңда кездеседі ме?

Жеке қасиеттер-личные качества.

3 минут уақыт жеке-жеке жұмыс істеуге беріледі. 2 минут уақыт топта жұмыс істеуге беріледі. Әр топ спикер арқылы жауап береді. Оқытушы тақтаға «Түртіп алу» кестесін толтырады.

ІІІ.Ой толғаныс

Тақтадағы толтырылған кестеге байланысты әр топ кластер стратегиясын құрастырды.

1-топ «Біздің колледж» мәтіні бойынша

2-топ «Мамандығым» мәтіні бойынша

3-топ «Жұмысшы» мәтіні бойынша.

Үйге тапсырма: «Менің мамандығым» тақырыбына эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: «Іскерлік қарым-қатынас»

Білімділік мақсаты: Тақырып мазмұнын ашу,негізгі ойды ұгындыру, оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды өз оқу орнын қадірлей білуге, мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабактың түрі: жаңа білімді игерту.

Сабақ барысы:

I. ¥йымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу, білім алушыларды жасырылған тағам атауларына байланысты 3 топқа бөлу:

ет тағамдары- бесбармақ,азу,қуырдақ,бефстроганов,бифштекс;

сүт тагамдары-қаймақ,ірімшік, шұбат,қымыз,құрт;

балық тагамдары-бөктірілген балық, орысша балық,балық тефтелі,мидий қуырдағы,пісірілген шаян.

II.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақ етістіктің шақтарына байланысты слайд арқылы тапсырма жазылған кесте ілінеді. Білім алушылар өздері шақтың басқа түріне сол сөйлемді ауыстырып жазады.

Осы шақ Келер шақ Өткен шақ

Мен шеберханада жұмыс істеп тұрмын.

Мен шеберханада жұмыс істеймін.

Мен шеберханада жұмыс істемекпін.

Өндірістік сабағында тәжірибе алмаспақпын. Өндірістік сабағында тәжірибе алмасамын. Өндірістік сабағында тәжірибе алмасып тұрмын.

ІІІ.Қызығушылығын ояту: «XXI ғасырдың автокөлік слесарь- жөндеушісі қандай болу керек?» деген сұракқа байланысты үш топқа бөлінген білім алушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп кластер құрастырады.

IV.Мағынаны тану: Білім алушылар үш топқа бөлініп Талдықорған қаласындағы өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждің білім алушылары өндірістік тәжірибе өтетін дәмханалар мен мейрамханаларына байланысты рөлдік диалогын құрастырып, ойнап береді.

1-топ тапсырмасы:Талдықорған қаласындағы өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждің бітірушілерінің бір- бірімен сұхбаттасуы.

Қолданылатын тірек сөздер мен сұрақтар:

1.-Біздің колледжді бітіргеннен кейін не істемекшісің?

2.-Өз мақсатыңа жету үшін,сен қандай іс- әрекет жасайсың?

2-топ тапсырмасы: Автокөлік жөндейтін орынға жұмысқа тұру.

Қолданылатын тірек сөздер мен сұрақтар:

1 -Бұл мамандықты сіз қай жерде алдыңыз?

2 -Сіз өзіңіздің алған кәсіби дайындығыңызға көңіліңіз тола ма?

3.-Сіз түйіндеме жазып әкелдіңіз бе?

3-топ тапсырмасы: Өз кәсібіңізді ашу үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз?

Қолданылатын тірек сөздер мен сұрақтар:

1.-Сіздің кәсіпорындағы жұмысшылардың барлығы білікті мамандар ма?

2.-Сіз өз еңбек жолыңызды қалай бастадыңыз?


V.Ой толғаныс. Әр білім алушы «Іскер маманның» қандай қасиеттерінің өз бойында табылатынын тауып,жазып, тақтаға ілінген жүректі толтырады.

VI.Үйге тапсырма: «Менің болашаққа жоспарым» шағын әңгімесін құрастыру.


Кәсіби терминдерге байланысты мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері

Жұмысшы мамандарға кәсіби тілді үйретуге арнайы окулықтардың жоқтығы, ал бар оқулықтардың деңгейіне сай келмейтіні баршамызға белгілі. Сондықтан біздердің бірнеше жылдардан бері атқарып жатқан жұмысымыз-оқу процесін дидактикалық материалмен қамтамасыз ету. Оқулықтардағы мәтіндерді ықшамдап, оқушылар деңгейіне сай келтіру, көптеген тақырыптар бойынша газет, журналдардан арнайы пәндер оқулықтарынан материал жинақтап, мәтін құрастыру болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің үлгісі:

1)мәтінді мәнерлеп, дауыстап, бір ырғақпен оқып шығу:

2)дұрыс оқылуын қадағалау;

3)сөздікпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздерді еске сақтау және ауызша оқылуына мән беру;

4)Осы сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару;

5)Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

6)Мәтінді қалай түсінгендігін тексеру, қорыту мақсатымен мәтіннің мазмұнын айту және осы мәтіннің тақырыбын ашатындай сөзжұмбақ, кластер құрастыру.

Білім алушы өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды.Мұндай мәтін арқылы білім алушыларға келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі. Ол білім алушы білімін, білігін ,танымын толықтыра түседі. Болашақ «Электр және газбен дәнекерлеуші» маман иелеріне «Доғаның жануы», «Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру»,«Доғалы пісіруге арналған электродтар», «Электродтық сымдар» т.б. мәтіндерімен жұмыс жүргізілсе, болашақ токарларға «Шеберханада», «Жұмыс орнында», «Көрмеде», «Бұны әрбір токарь білуі керек» т.б. тақырыптары бойынша мәтіндермен жұмыс жүргізіліп, терминдер үйретіледі.

I курс білім алушылары мамандықтары бойынша «Жұмысшы қолдары», «Жұмыс орнының техникалық қауіпсіздігі», «Автокөлік жөндеуші слесарь жұмыс орны», «Жұмыс күнінің басталуы» мәтіндерімен жұмыс жүргізу арқылы терминдер минимумын меңгеріп шығады.

Өзге тілді үйренуде сөздіктің орны ерекше. Сөздік сөздерді байланыстырып сөйлеуге, сұхбат кұруға , сөйлем құрастыруға көмектесетін басты құрал. Сабақта сөздік қорын үнемі байытып отыру- тіл дамытудағы негізгі мәселе болғандықтан, бұған ерекше мән беріледі. Сөздік қоры бай адам ойын да анық жеткізе алады. Белгілі бір мамандыққа байланысты лексиканы үйрету сөздік жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Сөздік минумумға кіретін сөздер тілдік қарым- қатынасқа сәйкес, қолайлы болуы шарт.

Оқытушы әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектеліп қана қоймай, оларды естерінде тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізуі кажет. Онда төмендегі жұмыстар орындалады: сол сөздерді қатыстырып, бір-біріне сұрақ қойғызып жауап бергізу, сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу.

Сөздік жұмысына сабақ уақытын арнайы бөлмей , оны жұмыс барысында жүргізуге болады.Себебі, жаңа сөзді құр қайталаудан гөрі , сөз тіркесі , сөйлем ішінде, мәтінді оқыту барысында меңгерту элдеқайда пайдалы. Мәтінде кездескен сөздің мағынасын түсіндіре отырып, оның грамматикалық құрлымына тоқтала кеткен жөн.Мүмкіндік болса , сөздің синонимін, антонимдерін беріп, сөздерге құрамы бойынша талдау жасап, түбірлес сөздерді тапса, сөздік жұмыстың нәтижелі болғандылығы. Сөзді бекіту барысында оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырма берілуі шарт.

Тіл ұстарту жұмысындағы тиімді әдістердің бірі-сұрақ қоюды үйрету. Ойды өсіретін әдістемеде кез келген іс-әрекетке жетекшілік ететін-сұрақ. Сұрақ қою арқылы сөзді анықтауға , ойлантуға , сұрақ арқылы жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді әңгімелеуге үйрету жұмыстарын жүргіземін. Мысалы, білім алушылар мәтінді ынтамен тыңдайды,оқып шығады. Әрбір білім алушы мәтінге сұрақ жазып , оны оқытушыға береді. Сосын оқытушыдан кез келген сұрақ жазылған парақты алып, жауабын ойластырады. Немесе сұрақтар арқылы жаңа сөз ретінде сөздікке жазылатын кәсіби сөздерді анықтайды.Мысалы: «Дәнекерлеу қызметі немен айналысады?», «Өндірістік тәжірибе дегеніміз не?»,«ТӨИ және ЖТ колледж мамандықтары туралы не білесің?».Ең жиі жүргізілетін жұмыстың бір түрі- кәсіби терминдерге сұрақ қою арқылы олардың қай сөз таптарына жататындығын анықтау. Бұл жұмыс өз кезегінде терминдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыруды жеңілдетеді.

Жаңа технология бойынша сабақты бекітудің әр түрлі әдістері бар. Интерактивті тәсілдерден басқа біздің колледжде кеңінен қолданылып жүрген сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары диаграмма жасау, сөзжұмбақ шешу, кластер құру. Кластермен көбі таныс және оның тіл дамытуда көмегі зор. «Жұмыс орны» тақырыбынан Венн диаграммасын толтырғанда білім алушылар «Автокөлік жөндеуші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!