400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіптік қызметіне талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.С. Дюсенбаеваның кәсіптік қызметіне өзіндік талдауы


Жаңалыққа жаны құмар мұғалім әрдайым білім саласына енгізілген жаңаша әдіс-тәсілдерге жақын болып, өз тәжірибесінде шеберлікпен қолдана алады. Қазіргі таңда мұғалімнің қоғамдағы рөліне баса назар аудырылып келеді. Алайда үнемі өзгеріп отыратын әлемде әсіресе, білім беру кеңістігіне қажетті білім мен машықты игеру үшін үздіксіз кәсіби даму керек екені айқындалды.

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилік пен жаңалыққа ілесу, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу, өз білімін жетілдіруді талап етеді.

Менің педагогикалық еңбек өтілім 9 жыл және үнемі өзімнің кәсіптік деңгейімді жетілдіріп отырамын. Себебі, жаңа технологияларды меңгеріп, өз сабағында шебер қолдану оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда мен де оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі тиімді түрлерін іздестіріп, қолданып отыруға жұмыстанамын.

Әдістемелік тақырыбымды: «Оқушыларды ағылшын тілі дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, сауатты сөйлеуге баулу» деп алып осы бағытта оқушылармен бірнеше жылдан бері жұмыстанудамын. Мақсаты: ағылшын тілі фонетикасындағы әр дыбыстың өзіндік ерекшелігін ескере отырып оқушыларды сауатты оқуға үйрету, сөйлеу қабілетін дамыту және шығармашылық ізденісін арттыру.

Қазіргі уақыттағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің алдында тұрған проблема ол – оқушылардың ауызекі сөйлеуі және өз ойын еркін жеткізе алмауы. Осыған орай, озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді таңдап, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Әр сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстарды атқаруға тырысамын, әртүрлі технологияларды пайдаланып, топтық жұмыстар, тіл ұстартуға арналған жаттығулар, түрлі шығармашылық тапсырмалар, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстың жүйелі орындап, жекелеген қабілеті жоғары және қабілеті төмен оқушылармен жеке жұмыстарды жүргіземін.

Оқушыларымды пәндік олимпиадаларға және сайыстарға дайындауға көп көңіл бөлемін. Бұл еңбегімнің жемісін де көріп жүрмін. Оқушыларым облыстық «Достық» пәндік олимпиадасында, қалалық кіші пәндік олимпиадаларда, мәнерлеп оқу сайыстарында жүлделі орындардан көрінуде.

Соңғы үш жыл бойынша сабақ беретін сыныптарымдағы білім сапасы төмендегідей:

2013-2014 оқу жылында – 65%

2014-2015 оқу жылында 69%

2015-2016 оқу жылында – 75%.

Мұғалім өз ұжымында, ата-аналар мен оқушылар алдында – көшбасшы. Мұғалімнің жан-жақтылығы мен ізденісінің басты нәтижесі – сабағы болып табылады. Ендеше әр сабағыма тыңғылықты әзірленіп, өзімнің кәсіби тұрғыда өсуімді басты назарда ұстау, мен үшін маңызды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі