400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Каспий теңізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: білімділік: Қазақстанның ең ірі көлдері туралы түсінік бере отырып, олардың қалыптасуы мен ерекшеліктері туралы ой қалып тастырып, шаруашылықта қолданылуын,экологиялық жағдайларын анықтау. дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру. тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Пәні: География

Сыныбы: 8 Күні:


Сағат саны: №34

Сабақтың

тақырыбы

Каспий теңізі

Сілтеме

География. Қазақстанның физикалық географиясы. 8 сынып. Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Алматы «Атамұра», 2012, §30. 123-127 бет

Мақсаты


Мақсаты:

білімділік: Қазақстанның ең ірі көлдері туралы түсінік бере отырып, олардың қалыптасуы мен ерекшеліктері туралы ой қалып тастырып, шаруашылықта қолданылуын,экологиялық жағдайларын анықтау.

дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.

тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Көлдер», «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, Каспий теңізі картасы, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе




2 мин













3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.





Психологиялық ахуал туғызу. Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерің білесіңдер?


Кіріспе сұрақ: Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар?

Анықтаушы сұрақ: Көлдердің су деңгейінің көтерілуі неге байланысты?

Нақтылаушы сұрақ: Көлдер қазаңшұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?

Тікелей сұрақ: Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді,олардың қандай маңызы бар?

Түсінік беруші сұрақ: Өздерің тұратын жерлеріңдегі көлдер мен бөгендерді атаңдар.

Ассоциацияларың: Өзендердің қай өзенге құятының қалай анықтаймыз?

Олардың шаруашылықта маңызықандай?

Жабық сұрақ: Алаптар дегеніміз не?

Ашық сұрақ: Сыртқы алап және оғанқұятын өзендер?



Оқушылар қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді қарамай таңдап алып, қиындының пішініне байланысты бір-бірін сынып ішінде тауып, топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.








Әр топтан жауап сұрау, оны картадан көрсету

Тұсаукесер.

(POWER POINT)





3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Каспий теңізі ерекшеліктерін көрсететін суреттер көрсетіледі

-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық?

-Дұрыс айттыңдар, Көлдер мен бөгендер

-Тектоникалық көлдер дегеніміз не?

-Дұрыс айттыңдар, Тектоникалық көлдер-төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады

-Олай болса, бүгін біз сабақта Каспий теңізінің ерекшелігімен тереңірек танысамыз.



Негізгі бөлім:

Білу





5 минут

Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан

(I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан Үлесіне 29% (2340 км), Ресейге- 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы 14% тиеді.

1.Оқулықпен жұмыс, 123-127 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша каспий теңізі туралы конспект жазып алады.


Түсіну





5 мин










Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Оқулықпен жұмыс.

1 топ. Каспий теңізі қандай тектоникалық құрылымдар үстінде жатыр

2 топ. Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай

3 топ. Теңіз жағалауына жақын орналасқан елді мекендердің экологиялық жағдайы қандай

4 топ. Каспийдің қандай шаруашылық маңызы бар



Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы Каспий теңізінің ерекшелігін түсіндіреді.




Қолдану


5 мин









Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма.

1-топ. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың қанша түрі кездеседі?

2-топ. Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай қаншаға бөлінген?

3-топ. Каспий теңізі қай дәуірде пайда болған?

4-топ. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы қандай?










Оқушылар берілген тапсырмаларды дәптерлеріне жауабын жазып бірін –бірі тексеріп бағалайды.





Сергіту сәті






2 мин

Сергіту сәті.

«Көлдер» ойыны.

Оқушылар бір көл атауын айтады, келесі оқушы сол көлдің ең соңғы әрпінен басталатын тағы бір көл атын айтып жалғастырады.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау





5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

1.« Жердің ойық жеріне жиналған суды не деп атаймыз??»

2. «Каспий теңізі алабының өзендері?».

3. «Облысымыздың ең ірі көлі? Қазіргі жағдайы?».

«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар қатысты жауаптарды тауып, талдайды.


Жинақтау




8 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау

Кластерлеу арқылы Каспий теңізінің ерекшеліктерін көрсет.




Оқушылар топпен кластерлеу арқылы теңіздің ерекшеліктерін құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды

Рефлексия

6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?


Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.


Үйге тапсырма

1 мин

§31.Арал теңізі


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

















1 топ. Каспий теңізі қандай тектоникалық құрылымдар үстінде жатыр


2 топ. Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай


3 топ. Теңіз жағалауына жақын орналасқан елді мекендердің экологиялық жағдайы қандай


4 топ. Каспийдің қандай шаруашылық маңызы бар



1-топ. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың қанша түрі кездеседі?



2-топ. Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай қаншаға бөлінген?



3-топ. Каспий теңізі қай дәуірде пайда болған?



4-топ. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы қандай?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі