400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Касса және кассалық операциялар аудиті" тақырыбы бойынша ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Касса және кассалық операциялар аудиті" тақырыбы бойынша ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Күні: 25.09.2018

Топ: ЭБ-11

Пән: Аудит

Сабақтың тақырыбы : Касса және кассалық операциялар аудиті

Сабақтың типі: Жаңа материалды зерттеу және оқу сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Білім сапасын көтеру,білім алушының құзырлығын жан-жақты дамытып, ынтасы мен қызығушылыңын арттыру. Кассадан қолма қол ақшаға аудиториялық тексерудің міндеттері мен ақпарат көздерімен, түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесімен,кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібімен таныстыру.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Білім алушының ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге,тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету. 

3.Тәрбиелік: Өз бетімен әрекет ете алатын, ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: ұйым экономикасы,бухгалтерлік есеп
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, калькулятор, таратпа материалдар. 


Сабақтың құрылымы: 
1)
Ұйымдастыру кезеңі
2)
Бухалтерлік есеп пәнінен өткен материалды еске түсіру
3)
Жаңа сабақты түсіндіру

4) Жаңа сабақты пысықтау

5) Қорытындылау. Бағалау.

6) Үй тапсырмасы.

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, студенттерді түгендеу

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру, қадағалау: дәптерлерін тексеру, үй жұмысын тексеру

Бухалтерлік есеп пәнінен өткен материалды еске түсіру


2. Бухалтерлік есеп пәнінен өткен материалды еске түсіру

Интербелсенді тақтада өткен тақырып бойынша сұрақтар шығады. Білім алушылар осы сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіріп, қайталайды.

  1. Кассадағы қолма-қол ақша деген не?

  2. Кассалық операциялардын жүргізу ережелерін анықтайтын құжат

  3. Кассаның шаруашылықты ұйымдастыру тәртібі

  4. Кассирдің жұмысқа тағайындау туралы толықтырылатын құжат.

  5. Кассалық кіріс және шығыс кассалық ордерлерді, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі қандай?

  6. Касса кітабының жүргізу тәртібі қандай?

  7. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерге кімдер қол қояды?

  8. Журнал – ордерінің №1 толтыру тәртібі.

  9. Кассадағы қолма-қол ақшаға түгендеу жүргізу тәртібі. (кімдер жүргізеді, құжатталуы, есебі)

  10. Синтетикалық есебі қай шотта жүргізіледі?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдіс-тәсіл проблемалық: сұрақтар қою арқылы түсіндіру.

  1. Кассадағы қолма-қол ақшаға аудиторлық тексерудің міндеттері, ақпарат көздері.

  2. Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі.

  3. Кассадагы қолма-қол ақшаға түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесі.

1.Кассадағы, банк шоттарындағы қол ақшаға аудиториялық тексерудің міндеттері, ақпарат көздері

Шаруашылық субьектісінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.

Кассада қол ақшаны сақтау,қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Барлық мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жалгерлік, ұжымдық,біріккен,қоғамдық, жеке меншік және өзге кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер меншік нысандарына қарамастан өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінде сақтай алады.

Кәсіпорындар өзге шаруашылық субьектілерімен қз міндеттемелері бойынша есептесулерді банк мекемесі арқылы қол ақшалармен және аударымдар жасау жолымен жүргізе алады.

Кассадағы қол ақша аудитінің міндеттері болып мынаулар саналады:

-касса шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын және кассалық операцияларды жүргізу ережелерінің сақталуын тексеру;

-кассаға түгендеу жүргізу және бухгалтерлік есеп деректері мен нақты анықталған ақша қаражаттары арасындағы анықталған ауытқуларды есепте көрсету;

-қол ақша қаражаттарымен жасалатын операциялардың шынайлығын және шаруашылыққа қолайлығын,заңдылығын анықтау;

-валюталық операциялар бойынша бағам айырмаларының дұрыс көрсетілуін анықтау.

Қол ақша аудитінің ақпараттық базасын бас кітап: ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру; №1,2 журнал-ордер және №1,2 ведомостар (есеп қолмен жүргізілген кезде) немесе машинограммалар (компьютерлендіру көзінде); түгендеу комиссиясы мен материалға жауапты тұлғаларды (кассирлерді) тағайындауға аудиториялық тексеру жүргізілетін субьекті басшысының бұйрықтары: толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шар; қол ақша қаражаттарын түгендеу актісі; кіріс және шығыс кассалық ордерлер, төлем ведомостары;кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы; аұша және есеп айырысу чектері, қол ақшамен жарна төлеуге хабарлама; төлем талап-тапсырмасы; банк көшірмесі; валюталық карточкалар.

Қол ақша аудитін келесідей жалғастықта жүргізу ұсынылады:

  • Субьектінің есеп саясатымен, атап айтқанда: кассалық есеп берудің мерзімдері қандай,кассадағы қол ақшаға түгендеу жүргізудің мерзімдері;қай мекемелерде және банктің қандай шоттарында қол ақшалар бар, солармен танысу;

  • Бухгалтерлік баланс бойынша жылдың басы мен аяғындағы кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюталық, айрықша шоттардағы қол ақша қалдықтарының дұрыстығын және теңестірілушілігін анықтайды, оларды Бас кітап, талдау есебі регистрлерінің деректерімен салыстырып тексереді;

  • Құжаттағы барлық реквизиттер толтырыла ма соны,қол ақша қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды тексереді;

  • Өткен кезеңдердегі қол ақша қаражаттарын түгендеу жүргізу актілерімен таныса

2. Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі

Әрбір шаруашылық субьектісі қол ақшамен есеп айырсуды жүгізу үшін кассасы болуы керек. Касса-бұл қол ақшаны қабылдауға,беруге және уақытша сақтауға арналған,арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субьекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен акелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау көзінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жаңдайлар жасалған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.

Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.

Касса бөлмесі оқшауланған (бөлек) болуы тиіс, ал касса есігі операциялар жасау уақытында- ішкі жағынан жабылып, бектілген болуы керек. Оның жұмысына қатысы жоқ тұлғаның касса бөлмесіне кіріуіне тиым салынады.

Кәсіпорын кассаға кіруге рұқсат етілген тұлғалардың тізімін жасайды,оған кәсіпорын басшысы және бас бухгалтер қол қояды.

Кәсіпорындардағы барлық қол ақшалар мен бағалы қағаздар негізінен, сейфтерде немесе отқа төзімді жанбайтын металл шкафтарда, ал жекелеген жағдайларда, кассадағы жұмыс аяқталған кезде кілтпен жабылып және мөр соғып жабыстырылатын, соған айықталып жасалған және әдеттегі металл шкафтарда сақталады.

Металл шкафтардың кілттері мен мөр кассирде сақталады оларды көзге түсетін жерге қалдыруға, бөтен адамдарға ( тұлғаларға) беруге немесе қосымша кілт жасатып алуға тыйым салынады. Ал есепке алынған, кілттердің екінші данасы кассир мөр басқан пакеттерде (қапыптарда), штукатулкаларда және т.б. субьектінің басшысында сақталады. Тоқсанына кем дегенде бір рет оларға коммиссиялық тексеру жүргізіледі. Кілттің жоғалғандығы анықталған жағдайда субьекті басшысы ішкі істер органдарына хабарлайды және металл шкафтын құлпын тез арада ауыстыруға шара қабылдайды. Кассада, аталмыш субьектіге жатпайтын қол ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды сақтауға тыйым салынады.

Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық (өкім) шыққаннан кейін, субьекті (ұйым) басшысы кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен кассирді қол қойғызу арқылы таныстырады, содан кейін оның толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы кассирмен шарт жасалады.

Субьекті жетекшісі банк мекемелерінен ақша тасымалдау (әкелу) немесе банк мекемесіне ақша тапсыру көзінде кассирге күзет беруі тиіс, ал қажет болған жағдайда көлік беріледі.

Бір кассирі бар кәсіпорындарда,оны уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда,кассир міндетін атқару субьекті басшысы жазбаша бұйрығы бойынша (шешімі, қаулысы) өзге қызметкерге жүктелуі мүмкін. Бұл қызметкермен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

Шаруашылық субьектісі барлық түскен қол ақшалар мен оны беруді (таратуды) кассалық кітапта есепке алады. Әрбір кәсіпорынның бір ғана кассалық кітап жүргізеді және ол номерленген,жіп өткізілген және сурчуч немесе мөр басылған болуы тиіс.касса кітапбындағы парақтардың саны аталмыш кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің қолымен расталады. Кассалық кітаптағы жазу көшіргі қағаз арқылы шарлы қаламмен, химиялық қарындашпен немесе сиямен 2 данада жүргізіледе. Парақтардың екінші даналары жыртылатын болуы тиіс және кассирдің есеп беруі болып қызмет етеді. Парақтардың бірінші даналары кассалық кітапта қалады. Тазалау және расталамаған түзетулер жасауға кассалық кітапқа рұқсат етілмейді.

Кассалық кітаптағы жазуларды кассир әрбір ордер немесе оны алмастыратын құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейін бірден жүргізіледі. Күнсайын, әрбір жұмыс күннің соңында кассир бір күн ішіндегі операциялардың жиынан санап, есептеп шығып, келесі күнге кассадағы ақша қалдығын шығарады және кассирдің есеп беруі түрінде екінші жыртылатын парақ ( бір күндегі кассалық кітаптағы жазулардың көшірмесі) кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен кассалық кітапқа қол қою арқылы бухгалтерияға беріледі. Бір мергілде кассир кассадағы ақша қалдығын қолдағы нақты ақша қалдығымен салыстырып тексереді.

Касса бойынша бухгалтерияға есеп беру мерзімділігін жетекші белгілейді. Кассалық операциялардың көлемі көп болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Шығыс кассалық ордерге немесе оны алмастыратын, құжатқа алушының қолы қойылусыз кассадан ақша берілгенде, аталмыш шығыс кассалық ордері кассадағы қол ақша қалдығын райтайтын құжат болып қабылбандайды. Бұл сома жетпеушілік болып саналады және кассирден өндіріледі. Сенімсіз кіріс кассалық ордері бойынша қол ақша кассадан артық шығу болып саналады және субьектінің кірісіне есепке алынады. Субьектінің кассасына қол ақшаны қабылдау бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлға қол қойған кіріс кассалық ордері бойынша жүргізіледі. Кассадан қол ақша беру, бұл құжаттарға шығыс кассалық ордердің реквизиттерімен штамп (мөр табан) соғылу арқылы шығыс кассалық ордері немесе талапқа сәйкес рәсімделген өзге құжаттар (төлем ведомостары, ақша беруге өтініш, шоттар және т.б.) бойынша жүргізіледі. Ақша берілетін құжаттарға субьекті басшысы және бас бухгалтер немесе оған өкілеттігі бар тұлға қол қоюы тиіс.

Кіріс кассалық ордерлерге және оған тіркелетін квитанциялар, сондай-ақ шығыс кассалық ордерлері және оны алмастыра-тын құжаттарды бухгалтерия деп және анық сиямен немесе шарлы қаламдардың пастасымен толтыру немесе машинамен (жазылатын, есептейтін) жазылуы тиіс. Расталған болса да, бұл құжаттарда ешқандай тазалау, былғау немесе түзетулерге рұқсат етілмейді.

3. Кассадағы қол ақша түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесі

Субьекті жетекшісінің белгіленген мерзімінде, сонымен бірге тоқсанына кем дегенде бір рет, әрбір кәсіпорында барлық ақша толық санау және кассадағы өзге де құндылықтарды тексеру арқылы,кассаға тұтқиылдан түгендеу жүргізіледі. Кассадағы қол ақшаға түгендеу жүргізу үшін субьекті басшысының бұйрығымен акт жасайтын комиссия құрылады.

Түгендеу басталардың алдында кассир түгендеу комиссиясына оған растайтын құжаттарды тіркеу арқылы соңғы кассалық есепті, бағалы қағаздармен қатар есеп берілетін бланкілердің қозғалысы туралы есепті, сондай-ақ барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке кіргізілгендігі және ешқандай ресімделмеген құжаттың қалмағандығы туралы қол хат береді.

Түгендеу комиссиясы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен сапасына, олардың кассалық кітапқа жазылуына назар аудара отырып, кассалық есепті мұқият тексереді және содан кейін күнін көрсете отырып әрбір құжатқа және кассалық есепке қолын қояды.

Кассадағы ақшаларды кассир іріктейді және купюр бойынша қайта санайды, ал түгендеу комиссиясы бақылап тұрады. Уақытша өзара қарыз тәртібінде ақша беру туралы қолхат, қол ақшаның нақты қалдығына қосылмайды. Түгендеу кезінде кассада ақшаның жетпеуі немесе артық шығуы анықталған кезде түгендеу актісінде жетпеу немесе артық шығу актісі және оның пайда болу жағдайлары көрсетіледі. Түгендеу актісі субьектінің кассасндағы түгендеу жағдайлары көрсетіледі. Түгендеу актісі субьектінің кассасындағы түгендеу нәтижелері бойынша нақты қолдағы ақшаны көрсету үшін жасалады.

Түгендеу коммиссиясы кассадағы барлық ақшаны, бағалы қағаздарды және т.б. толық қайта санап шығу жолымен тексереді. Түгендеу актісі екі дана етіп қояды. Түгендеу актісінің бір данасы субьектінің бухгалтериясынна беріледі, екінші данасы материалға жауапты тұлғаның өзіне қалады. Материалға-жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (құндылықты тапсырған материалға-бухгалтерияға) акті үш дана етіп жасалады.

4.Жаңа сабақты пысықтау

4.1. Интерактивтік тақтадағы тапсырма: Бухгалтерлік диктант арқылы сұрақтарға жауап беру.

1.Кассадағы қолма-қол ақшаға аудитінің міндеттері.

2.Қолма-қол ақша қаражаты аудитінің ақпараттық базасы.

3.Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі.

4.Түгендеудің жүргізу тәртібі.


4.2. Берілген таратпа материалдар бойынша касса және кассалық операциялар аудиті тақырыбына байланысты ситуативті есептерді шығару

1. Мемлекеттік ұйым кассирінің есебі бойынша 10 тамыз күні жұмысшыларға еңбеқаыны төлеу үшін 300 000 теңге чек бойына банк мекемесінен алынды, 11 тамызда №200 төлем ведомісі бойынша 150000 тг, 12 тамызда №200 төлем ведомісі бойынша – 50000 тг, 14-16 тамызда шығыс ордерлері бойынша жалақы Иванов А.А. – 2000 тг., Петров В.В. – 10000 тг. берілді, 17 тамызда қалған сома – 88000 тг. банкқа тапсырылды.

Қандай бұзушылық жасалған? Бұл жағдайда аудитор өз есебінде бұзушылықты қалай сипаттайды, жауапкершілкке кім тартылады?

Ескертпе. Мемлекеттiк мекемелер өздерiнің кассаларында банктен чек бойынша және корпоративтік төлем карточкасын пайдалану арқылы алынған қолма-қол ақшаны қызмет көрсететiн банктен ақша алған күндi қоспағанда, 3 жұмыс күннен артық емес сақтайды.


2. Кассир Петрова И.С. 16 мамырда банк шотынан жалақыны төлеу үшін 100 000 тг алды, ал кассаға 20 мамырда кірістеді.

Қандай бұзушылық жасалған? Бұл жағдайда аудитор өз есебінде бұзушылықты қалай сипаттайды, жауапкершілкке кім тартылады?

Ескертпе. Уәкiлеттi банктен чек бойынша және карт шот бойынша алынған қолма-қол ақша дәл сол күнi мемлекеттiк мекеменің кассасына кiрiске алынады, сол үшiн мемлекеттік мекеменің кассалық операцияларды жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы кассалық кiрiс ордерiн жазып бередi.


3. Кассалық операциялардың аудиті кезінде келесі фактілер айқындалды:

1) кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімнің болмауы

2) кассирдің ауысуы және түгендеу актілерінің болмауы

3) кассалық кіріс ордерлерінде кассир қолының қойылмауы

Аудитор есебінде дұрыс рәсімделмеген құжаттар ведомісін толтырыңыз

№

Мерзім

Құжат атауы

Бұзушылық сипаттамасы

Бұзушылықққа жауапты тұлғалар

Қателерді жою және бұзушылықты болдырмау шаралары




















4. Аудитормен тексеру кезінде келесі фактілер айқындалды:

1) 2 наурызда шығыс ордері бойынша жауапты экспедитор Алексеев 5000 тг. алды

2) 20 наурыздағы 4500 тенге сомасына экспедитор Алексеев жасаған теміржол билеттері қосылған аванстық есебі

3) 20 наурыздағы кіріс ордерімен пайдаланымай қалған 500 тенгенің кассаға қайтарылуы

Аудитор іс-сапар бұйрығының болмауын және шығыс ордерінде басшының қолы қойылмағанын есепке алды.

Қандай бұзушылық жасалған?


5. Қорытындылау. Бағалау Барлық кезеңдерді игеріп ең жоғары ұпай жинаған студентімізді алған білімдерін бағалаймыз


6. Үй тапсырмасы Касса және кассалық операциялар аудиті жайында ҚР заңнамалық актілерін зерттеу

7.Әдебиет:

Негізгі:

1. Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы No304-I Заңы (2007 жылғы 12 қаңтардағы өзгертулермен)

2. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы No234 Заңы

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты

4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

5. Аудиттің халықаралық стандарттары

6. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және тереңдетілген аудит: теория, әдістемесі, тәжірибесі. Алматы: Экономика – 2007, 607б.


Қосымша:

10. Дюсембаев К.Ш. Аудит теориясы. - Алматы: Экономика, 1995.- 221б.

11. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005. - 400 бет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі