400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Катализ сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C Кинетика

Мектеп:

Күні: 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Катализ.

№ 3 зертханалық тәжірибе «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.11 катализ процесінің мәнін түсіндіру;

10.3.2.12 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;

10.3.2.13 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру;

10.3.2.14 сутек пероксидінің айырылу жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

Сабақ мақсаттары

  • Катализ реакцияларындағы химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау

  • Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін зерттеу

  • Катализатор мен әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне орай катализ реакцияларын жіктеу

Жетістік критерийлері

Дағды: Сын тұрғасынан ойлау және

зерттеу

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

  • нәтижелер кестесінде өзінің іс-әрекеті мен бақылауларын тіркейді

  • сутек пероксидінің каталитикалық ыдырау реакциясының теңдеуін дұрыс жазады және катализ түрін анықтайды.

  • қорытындыны дұрыс шығарады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Катализатор ұғымына анықтама бере отырып, катализ процесіне ауызша және жазбаша түсініктеме бере алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

катализатор, катализ, ингибитор, фермент, соқтығысу, әрекеттесуші заттар, реакция жылдамдығы,гомогенді, гетерогенді, тез, баяу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Гетерогенді катализ .... арқылы реакция жылдамдығын арттырады

Тиімді соқтығысулар ..... әсерінен тез жүреді

Химиялық реакция жылдамдығы артады, себебі ....

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Академиялық адалдық

Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-10мин


Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Өткен тақырыпты қайталау

Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар бойынша сұрақтар қойылады:

- Химиялық реакция ұғымына анықтама беріңіз?

- А+В=С теңдеуі үшін химиялық реакция жылдамдығын анықтау формуласын жазыңыз.

- Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?



Әрі қарай оқушыларға «18 түйе» атты араб өсиетін тыңдау ұсынылады. Оқушылар тыңдап болған соң сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын болжау ұсынылады.



Слайд №1















Слайд №2-3

Сабақтың ортасы

11-20мин


















21-40мин

































41-75мин

Мұғалім оқушыларға көрсетілім көрсетеді. Көрсетілімнен бұрын мұғалім оқушыларға сұрақтар таратады.

- Реакция жүргуінің қандай белгілерін көрдіңіздер? Не байқадыңыз ?

- Сынауықтардағы реакциялар бірдей жүреді ме?

- Егер реакция жүріп жатқан сынауықтың біреуіне мыс сульфаты ерітіндісін қосқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

- Ерітінді түсі қалай өзгерді?

- Бұл реакциядағы мыс сульфаты рөлі қандай ?

Көрсетілім: .

Екі сынауыққа мырыш түйіршіктерін салып, үстіне бірдей көлемде сұйытылған тұз қышқылын құямыз. Осы жерде оқушылар екі сынауықта сутек бөлінуі бірдей екеніне көз жеткізу керек. Мұғалім сынауықтардың біреуіне мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Сутектің бөлінуі тез ұлғаяды.

Жұппен талқылау. Мыс сульфатының катализатор рөлінде болатындығын түсіну

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Катализатор  – активтендіру энергиясын төмендетіп, химиялық реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция аяғында өзгермей қалатын заттар

Катализ түрлері:

  • гомогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар бір агреграттық күйде кездесетін болса)

  • гетерогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар әр түрлі агреграттық күйде кездесетін болса)

Катализаторға тән сипаттамалар:

  1. Катализатор жаңа процесті қозғамайды, тек қана оның жылдамдығын арттырады.

  1. Қайтымды реакциялар үшін катализатор тепе-теңдікті ығыстырмайды.

  2. Катализатор реакцияға қажетті белсендіру энергиясын төмендетіп, реакция жылдамдығын арттырады

  3. Катализатор талғампаз болып келеді, себебі олар бірнеше реакциянын біреуінің жылдамдығын ғана арттыра алады.

Практикалық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын оқушылар Қауіпсіздік техника ережелерін еске түсіріп, қайталайды.

Жұмыс үстелінде берілген заттар бойынша Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер тізімін жазады.Кейіннен болжам жазады.

Тақырыбы:

«Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»

Жұмыс мақсаты:

Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

Болжам:

Егер ....

Жұмыс барысы:

  1. Төмендегідей сурет бойынша құрылғыны жинаңыз

  2. Реагент ретінде сутегі асқын тотығының ертіндісін ал катализатор ретінде марганец қос тотығы, темір сульфаты мен мыс сульфатын қолданып, газ бөліну жылдамдығын салыстырыңыз

Нәтиже:

  1. Кестені толтырыңыз

  2. Уақыт / бөлінген газ мөлшері, мл

    H2O2

    H2O2 + MnO2

    H2O2 + FeSO4

    H2O2 + CuSO4

    30 сек





    60 сек





    90сек





    120 сек





    150 сек





    180 сек





  3. Тәжірибеде орын алған үрдістің реакция теңдеуін жазыңыз

  4. Берілген катализаторлар ішінен тиімдісін анықтап, жауабыңызды түсіндіріңіз

  5. Катализ түрін анықтаңыз

  6. Осы тәжірибені жақсарту бойынша ұсыныстар жазыңыз

Қорытынды

Таратпа қағаздар



Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М тұз қышқылы ерітіндісі, 0.5 М мыс сульфаты ерітіндісі, мырыш түйіршіктері, сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуыр

Слайд №4-7

















































Жұмыс парағы









сутегі асқын тотығы, марганец қос тотығының ұнтағы, темір(ІІ) сульфаты мен мыс сульфаты ерітіндісі, конустық колба, тығын, түтікше, газ жинауға арналған пісек, секундомер, зертханалық тұрғы, тамшуыр, қасықша, өлшеуіш цилиндр



Сабақтың соңы

76-80мин

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар зертханалық жұмысты сипаттап, қорытынды жазады

Рефлексия.

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Барлық оқушылар

Зертханалық жұмысты нұсқаулық бойынша орындап, болжам жасай алады

Көптеген оқушылар

Жаңа ұғымдарға анықтама бере алады.

Кейбір оқушылар

Жаңа кілт сөздерді қолдана отырып, қорытынды жасай алады





Мұғалім оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруі, болжам жасай білу мен бақылау жасап, оны қорытындылай білу бойынша бағалайды

Белсенді оқыту түрлері, Қауіпсіздік техника ережелері

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
2800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі