Кауіпсіз Интернет

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кауіпсіз Интернет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А.

Тақырыбы: Кауіпсіз Интернет

Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:

Сабақ түрі: пікірталас

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру,

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім сөзі: Жылдың 11 ақпанында 100 ден астам елде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін атап өтеді. Осынау дәстүр 2004 жылдан бастау алды. Биылдан бастап, Назарбаев Университетінде алғаш рет осы маңызды маселелермен байланысты іс-шаралар өткізілді.

ІІІ. Сұрақ- жауап бөлімі:

Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма? Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің  ішкі-сырты құпияларын ұрламақ болды ма?

Негізінде әлеуметтік желіні  «әлеуметтік медия» деп те атайды екен.  Бұл –адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

Әлеуметтік желі деген не?

Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

Әлеуметтік желі не үшін керек?

Әрине, селбесіп,  араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен  еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.

Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі қолдың саусағын қосып санасаңда жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бағыттағы , тақырыптық әлеуметтік желі бар. Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша рейтінгі ең жоғары  әлеуметтік желіні атап өтейін.


Тіркелудің түрлері ?

Әр желінің өзінді тіркелу шарттары бар. Мысалы: МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс орның, бойың, салмағың, жұмыс орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен, хоббиіңмен таныс болады.  Яғни өзіңді-өзің басқаның қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ секілді барлау қызметтерінің жобасы деп.


Әлеуметтік желінің денсаулыққа қандай зияныбар?                                       

Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді. Деп дабыл қағып отыр.

Әлеуметтанушылар мен психологтар “Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз” деп отыр.

ІV. Қорытынды:

Қысқаша тест жұмысы:

1. Әлеуметтік желі дегеніміз не?

  1. адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара

байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт

b) адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы

c) интернеттегі сайт

d) фото-альбомдарымызды көрсететін сайт

e) Интернет ресурс

2. Әлеуметтік желі не үшін керек?

  1. селбесіп,  араласып-құраласып өмір сүру үшін.

  2. адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы

  3. Ермек қылу үшін

  4. Керек затты алу үшін

  5. Медия файлдар көру үшін

3. Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?

  1. Нақты саны жок

  2. 3 түрі

  3. Youtube, vk, mail.ru

  4. Бетпе-бет

  5. 8 түрі

4. Facebook әлеуметтік желісінде неше адам тіркелген?

  1. шамамен 640 млн адам

  2. 55 адам

  3. 1 млрд адам

  4. 11 млрд адам

  5. 15 млн адам

5. Twitter әлеуметтік желісі құрылған уақыты

  1. Құрылған жылы 2006 шілде айы

  2. Құрылған жылы 2013.12.1

  3. Құрылған жылы 2000.06.2

  4. Құрылған жылы 1998.11.28

  5. Құрылған жылы 2011.8.12









Сыныбы:10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А.,Қаржау Г.


ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ"

Сынып сағатының мақсаты: 
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; 
Міндеттері: 
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; 
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю. 
Қолданылатын көрнекіліктер: 

- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ; 
- Кеңестер слайдтар арқылы; 
- Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар; 
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы; 
- Жарнамалар; 
- Кинофильм «Әдемілік және диета» 
- Слайдты презентациялар «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны»

Дұрыс тамақтану

 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.


Дұрыс тамақтану ережелері:

 ·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.


Сыныбы: 10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А.,Қаржау Г.

Білекті бірді, білімді мыңды жығар

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ойын элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады.

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» сынып сағатын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.»

«Мақал - сөздің мәйегі»
1-кезең: бұл шартта оқушылар мақалдың екінші сыңарын айтады.

Көп тілесе алар,........(Күн бұлттанса жауар).
Сумен ойнама батарсың,........(Отпен ойнама жанарсың).
Ел жаусыз болмас,........ (Жер таусыз болмас).
Елу жылда -........ (Ел жаңа)
Ер салмағын ел көтереді,........ (Ел салмағын жер көтереді)
Жан қиналмай жұмыс бітпес,........ (Талап қылмай мұратқа жетпес)
Істегенің еліңе жақсы,........ (Үйренгенің өзіңе жақсы)
Ақыл – тозбайтын тон,........ (Білім – таусылмайтын кен)
Білген кісі тауып айтады,........ (Білмеген кісі қауып айтады)
Өз білмегеніңді кісіден сұра,........ (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
Күте білсең,.........(жер жомарт)
Жері байдың -.......(елі бай)
Сулы жер -...........(нулы жер)
Су біткен жерде......(өмір де бітеді)
Құлан қырдың көркі,....(құндыз судың көркі)
Дана көптен шығады,......(дәрі шөптен шығады)

2-кезең: мақалдан түсіп қалған сөзді табады.
Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең....(бала боласың)
Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,...
(иттен) басқаның үргені сөкет
Ойдың көркі тіл, тілдің көркі...(сөз)
Ауырып ем іздегенше ауырмаудың....(жолын) ізде
Жердің сәні егін, ердің сәні...(білім)
Кісі көркі жүз, жүздің көркі....(көз)
Жер -...(ана), ел - бала
Гүл қайда болса,...(көбелек ) сонда болады
«Анаграмма»
Бұл айналымның шарты бойынша оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.
Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына
Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек 
Зыбоқ – қобыз

«Кім жылдам?»

шарты: берілген сұрақтарға жылдам жауап бер:
Қымыз - түйенің сүті ма?
Қыз қуу - қазақтың ұлттық ойыны ма?
Наурыз жаз айында басталады ма?
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?
Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма?
Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?
Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?
Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?
Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма?
Қазақстан Украинамен шектеседі ме?

«Ойлан тап»
Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.
1. 1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма? ( тең)
2. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? ( түйеқұс
ұшпайды)
3. Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Сонда қанша адамға орамал сыйға тартылды? (3 адам)
4. Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі артында, біреуі алдында. Барлығы қанша үйрек? (3 үйрек)
5. Егер «М»-дан бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын (Май - ай)
6. «К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы. (кекілік - екілік)
7. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)
8. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?
9. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және мысығы бар. Әженің неше немересі бар? (1 немересі бар)
10. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
11. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе?(жоқ, өйткені күндердің арасында
түн бар)
12. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (Аққайыңда алма өспейді)
14. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (көз)
.
ҮІІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептеліп, жеңімпаз топтар марапатталады

Сыныбы: 10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А.,Қаржау Г.


Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

Түрі: Дәстүрлі емес.

Нақыл сөздер:

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» /И.Песталоций/. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.»/Әл-Фараби/.

Әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Нақыл, даналық сөздер, плакат, суреттер т.б.

Өту барысы.

Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.

Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.

Әдептілік – ар-ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі.

Қазақта «Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат» деген мақал бар. Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез-келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай армандаған кемел адам:

Өзек қуа ағады, Өзен судың саласы

Алыстан сәлем береді Әдепті елдің баласы.

«Сөздің көркі мақал» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екендеріңізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.

Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,

Үйреніңіз жақсы мінез ідеппен.

Бұл ойынның шарты, оқушылар, мақалдың бірінші бөлімін мен айтамын, ал келесі бөлімін сіздер айтуларыңыз керек.

  1. Әдепті бала – арлы бала....................... (Әдепсіз бала – сорлы бала).

  2. Дос жылатып айтады.............................(Дұшпан күлдіріп айтады).

  3. Сыйлай білсең кәріні...............................(Жарылқаймын бәріңді).

  4. Аға әдепті болса, іні әдепті,...................(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

  5. Ардагер аға алдында тұрсын,.................(Әдепті іні ортасында тұрсын).

  6. Балапан ұяда не көрсе,.............................(Ұшқанда соны іледі).

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).

Яғни қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.

Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).

Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын моральдық ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.


Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.

  1. Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/

  2. Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/

  3. Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/

  4. Отбасында ата-аналар, мектепте ұстаздар баланы неге баулиды?/тәрбие/

  5. «Өкпелемеңіз» сөзіне мағыналас сөз?/ренжімеңіз/

  6. Қазақ халқында қыз балаларды қандай мінезді болуға тәрбиелеген?/инабатты/

  7. Қиын жағдайда досыңа не істеуің керек?/көмектесу/

  8. Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?/талапты/

Әдептілік туралы барлық тапсырмадан мүдірмей өттіңдер. Ендігі кезекте күнделікті өмірде болатын жағдайларға жауап берейік.

1. Сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе участігінде жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол «Мен болашақта дәрігер боламын. Маған күректің қажеті болмайды» - деп тәкаппарлықпен жауап берді. Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек деп ойлайсыздар?

2. Сен автобусқа мініп, алдыңғы орындыққа отырдың. Себебі артқы орындықтар бос емес еді. Келесі аялдамада бір үлкен кісі мен балалы әйел адам мінді. Сеннен басқа адамдар үлкендер. Сен үлкен кісіге ме әлде балалы әйелге орын бересің бе? Сенің баратын жерің алыс. Өз ойыңды жеткіз.

3. Бірде Сәкен мен Мұрат мектептен шығып, автобусқа отырды. Соңғы орындыққа екеуі отырып алды. Сәлден кейін бір қарт әже кіріп, қастарына келіп тұрды. Осы кезде Сәкен мен Мұрат не істер еді? Олардың орнында сіздер болсаңыздар не істейсіздер?

4. Света мен Самал жақын достар. Олар үнемі асханаға бірге барады. Бірде Самал самса алатын ақшасын жоғалтып алды. Ал Света дәмді самсаны алып жеп тұрды. «Самал, мен саған ақша берер едім, бірақ анам ұрсады »,-деді Света. Қалай ойлайсыздар, мұндай жағдайда не істеу керек еді? Нағыз достар қалай әрекет етер еді?

5. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Қанат қарияның жолын кесіп өтеді. Қанаттың қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па?

Қорытынды: Мына сөздерге көңіл аударайық. Не ұғынып отырсыңдар? Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ауызша ойлап, айтып көрейік. Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер береді. Бойыңда ерік-жігерің болса, бас тықтырар ақылың болса, неден кемдік көрмексің! Еркін еңбегіңнің ертеңгі игілігі өзіңдікі емес пе? Соған жетер қайрат, адами асыл қасиеттер берсін деп тілейік. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек» дегендей, бүгінгі «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.









Сыныбы: 10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А., Қаржау Г

Сабақтың тақырыбы: «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз»

Мақсаты:

Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.
Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау,

Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.

Нәпсі деген не?

Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.

Жаман қасиеттерге нелер жатады?

Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.

Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.


Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.

Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.

Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.

Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.

Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.

Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.

Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.

Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.

Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.

«Ситуациялық сұрақтар»

  1. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың

шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып

жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?

Мектептегі әдептілікке нелер жатады?

Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.

Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?

Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.


«Ситуациялық сұрақтар»


  1. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін

өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.


  1. Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?

«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.

Сыныбы: 10 А

Сынып жетекшісі: Байтенова А., Қаржау Г.


Тақырыбы: «Адал еңбек»

Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.

Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарларын шараға аударып,қызығушылықтарын ояту.(Жай әуен тыңдап,соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді)

Ой шақыру. Бейне сөз арқылы тақырыпты табу: «Адам көркі — адал көркі»

Міне, Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Бұл құжат – еліміздің болшақтағы айнасы, құнды бағдарлама, келешекке деген үмітті нығайтады. Елбасының жолдауы – егеменділіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.
Бұл – көкірегіне, болашққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі жолдау, бағалы байлық. XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мық-ты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған. Сонда ғана біз өр-кениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, ма-қал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегені-міздің өзі – күнделікті өмірден алынады.Үйде ата – ана, мектепте мұғалім: -Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, – дейді.
Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек.

Бұл – еңбек тәртібі.
Еңбекпен өмір өркенді,

Еңбекпен келер бағың да.

Білім терең теңіз бе,

Білім, еңбек егіз бе? – деп,бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.

Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз.

Олай болса, «Алтын қақпа» ойынын басатайық!

1.«Тас қақпа»

Мақалдарды жалғастыр:

1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)

2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)

3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)

4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)

5.Еңбек етсең ерінбей,

……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)

6.Еңбек ердің – көркі,

……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)

7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)

Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)

Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)

10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)

2. «Қола қақпа»

Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

(Абай)

Елге сіңірген еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

(Спандияр Көбеев)

Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс)

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

(Абай)

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)

Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

/мұғалім/

Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз/

Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/

Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

/футболшы/

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

/ұшқыш/

3. «Күміс қақпа»

«Суреттер сөйлейді»

(Суреттер бойынша не айтамыз?)

Осы суреттерді бір-бірімен байланыстырып,оқушылар өз ойларын баяндайды.

2.«Слепи сам своё счастье» видеоролигін қарап,оқушылар

өз ойларын ортаға салып,бір-бірінің пікірлерін толықтырады.

4. «Алтын қақпа

1. Венн диаграммасы бойынша «Еңбектің пайдасын» топтастырады.

Тәрбиешінің сөзі: Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Олай болса, еңбектің пайдасын жекелеп айта отырып, мына диаграмманы толықтырып көрелік.

Мысалы:

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақыт-ты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтыра-ды.

2. «Біз –еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару.

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады.

4.Қорытынды: Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні,мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі