казан айы жоспар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

казан айы жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
қазан айы жоспар тәрбие
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Даму-Білім1» мектеп ЖШС



2025-2026 оқу жылы бойынша «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 03.11-07.11.2025ж.күн аралығында жүргізілген іс-шараларға анықтама.

2025-2026 оқу жылының біртұтас тәрбие бағытының мақсаты Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бұл міндетті іске асыру барысы, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады. Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.Қараша әділдік және жауапкершілік айы болатын.Құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шаралар ұйымдастырылды.Білім1ю

03.11.2025ж. – Әр дүйсенбі күндері барлық сыныптарда жоспарға сай сынып сағаты өтілуі тиіс.Сынып жетекшілердің сынып сағатын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылғандығы, мақсаттың дұрыс қойылғандығы, қолданылған әдіс-тәсілдер (сұрақ-жауап, пікірталас, топтық жұмыс және т.б.) оқушылардың қатысу белсенділігі: жоғары / орташа / төмен,сынып сағатының тәрбиелік мәні, мазмұны қазіргі заман талабына сай және мұғалімнің дайындық деңгейі: жақсы / қанағаттанарлық осы талап бойынша тексеріс өтті. Қорытынды:Сынып сағаты тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, қойылған мақсатқа жеткен, оқушылардың тәрбие-білім деңгейін арттыруға ықпал етті.

04.11.2025ж- Құқықтық жалпы оқыту айлығы — бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң үстемдігін нығайту мақсатында өткізілетін кешенді құқықтық-тәрбиелік іс-шаралар жүйесі.Оның негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, заңдарды білу мен сақтауға ынталандыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік саясат пен заңнамалық өзгерістер туралы оқушыларды хабардар ету.Құқықтық жалпы оқыту айлығының мазмұны:Құқықтық тақырыптағы дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өтті, оқушыларға заңгерлік кеңестер берілді, заңнамалық жаңалықтарды түсіндірілді, құқық сабағында дебаттар ұйымдастырылды осы атқарылған іс - шаралар әлеуметтік желілерге жарияланып отырды.

05.11.2025ж.- «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» сурет байқауы — бұл балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілетін, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарасты қалыптастыруға және бейбіт, мейірімді, қауіпсіз қоғам құндылықтарын насихаттауға бағытталған шығармашылық іс-шара болды.Байқаудың мақсаты:Балалардың құқықтары туралы түсінігін кеңейту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру, балалардың өз ойын бейнелеу өнері арқылы еркін жеткізуіне жағдай жасау, қоғамда «зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» идеясын дәріптеу.Байқаудың мазмұны:Қатысушылар өз шығармалары арқылы махаббат, достық, қамқорлық, қауіпсіздік сияқты тақырыптарды бейнеледі. Суреттер көрмелерде көрсетілді.Үздік жұмыстар марапатталды.

06.11.2025ж- Ауылдық және қалалық жерлерде тұратын балаларды, «тәуекел тобындағы» балаларды қосымша біліммен, спорт секцияларымен және үйірмелермен, жазғы демалыспен қамтамасыз ету — бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік тұрғыдан осал немесе мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың жан-жақты дамуына, әлеуметтенуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қолдау шарасы.Мақсаты:Тәуекел тобындағы балаларды қоғамға бейімдеу және құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, бос уақытын пайдалы іспен өткізу арқылы теріс мінез-құлықтың алдын алу, денсаулығын нығайту және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру болды.Балаларды қосымша білім беру ұйымдарына (өнер, музыка, техника, тіл үйірмелері және т.б.) тартылды. Спорт секцияларына (футбол, күрес, шахмат, т.б.) қатысуына жағдай жасалды.

07.11.2025ж. - Аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ есебінде, сәтсіз, мектепішілік есепте, қауіпті және тәуекел топтағы оқушыларды, қылмыс жасаған оқушылардың тізімі тапсырылды.Бірлескен жоспар бойынша тізімдегі оқушылармен түзету жұмыстары қолға алынды.





Дайындаған Шакирова З.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі