Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қызылжар орта мектебі

Муканбеталина Баян Сапаргалиевна-мектеп психологы

Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері
Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.

1.Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен .Детерминизм –психикалық
құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.
/Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап ,алға тартты.Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін
қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты
қарастырады.
2.Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/.
Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/.
3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды.Осылайша ,әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай ,өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды.Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады.
Адамның ішкі де,сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте.Осындай пайымдаудан ,сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал/Л.С.Рубинштейн/.
Демек,психика ішкі де,сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүе,ал іс-әрекет болса,осы психикалық жүйені өзіне қамтып,оның қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12