8
сынып. Физика.
Динамикалық
электр бөлімі.
Кедергі.
Ом заңы. Вольт- амперлік сипаттама.
Тізбек
бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі
жасау қасиетін сипаттайтын шаманы
кедергі деп атайды немесе электрлік
кедергі – электр тізбегінің немесе
өткізгіштің электр тогына қарсы
бағытталған әсерін сипаттайтын шама.
Кедергі-бөгет, яғни, материалдың (өткізгіш
сымның) кедергісі көп болса, осы сымның
бойымен токтың өтуіне бөгет көп дегенді
білдіреді.
Георг
Симон Ом – неміс физигі. Ол 1787 жылы 16
наурызда Эрланген қаласында туған. Көп
жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның
еңбектерінің негізгі бағыты электр,
оптика, акустика салаларына арналған.
Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп,
1827жылы электр тізбегінің негізі заңын
ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері
Ом есімімен аталып келеді.
Пропорционалдық
k коэффициенті өткізгіш материалының
тегіне және оның өлшеміне тәуелді
екендігін, бірқатар тәжірибелер
нәтижесінде осы тәуелділікті ашып, k
коэффициентінің орнына оған кері R = 1/
k шамасын алып, оны өткізгіш кедергісі
деп атады.
Г. Омның құрметіне кедергі
оммен (Ом ) өлшенеді.
Ом
заңы: Тізбектің бөлігіндегі ток күші
осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура
пропорционал өткізгіштің кедергісіне
кері пропорционал :
I=
k·U
;
-
тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық
өрнегі.
Өткізгіштегі ток күшінің
кернеуге тәуелділігі вольтамперлік
сипаттама деп аталады.
-
өткізгіш кедергісінің формуласы.
Кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом=1 Вольт/1
Ампер—өткізгіштің ұштарындағы кернеу
(потенциалдар айырмасы) 1 В болғанда осы
өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 А
ампер ток өтетін өткізгіш кедергісі –
Ом болатынын көрсетеді.
Мұндағы
ρ – өкізгіштің меншікті кедергісі, ол
өткізгіш жасалған материалдың өзіндік
кедергісі дегенді білдіреді. Әр
материалдың меншікті кедергісі әр
түрлі, және кестелік мәні болады. Меншікті
кедергінің өлшем бірлігі – Ом·м.
l
–
өткізгіш сымның ұзындығы, S-өткізгіштің
көлденең қимасының ауданы. Егер өткізгіш
сым жуан болса, оның көлденең қимасының
ауданы да үлкен болады, ендеше кедергінің
формуласына сәйкес, жуан өткізгіштің
кедергісі аз, ендеше одан көп ток өтеді.
Ал, сымның ұзындығы артқан сайын, оның
кедергісі де артып отырады да, ток күші
кемиді.
Тізбек
бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек
ұштарындағы кернеуге тура пропорционал
және оның кедергісіне кері пропорционал.
Яғни, кернеу көп болғанда ток күші де
көп болады, ал, кедергі көп жерден аз
ток өтеді дегенді білдіреді.
Ток
күші кернеуге тура пропорционал,
графигі-түзу сызық, осы графикті
вольт-амперлік сипаттама деп те атайды
(вольт-амперлік сипаттама-ток күшінің
өткізгіш ұшатарындағы кернеуге
тәуелділігі); ток күші кедергіге кері
пропорционал, графигі-гипербола
Төмендегі
графиктерге қарап, қай графикте
өткізгіштің кедергісі көп, ал, қайсында
аз екенін айтуға бола ма?
Видео:
https://www.youtube.com/watch?v=bH_-qGnjJqc
https://www.youtube.com/watch?v=qSbeIInunZo
https://www.youtube.com/watch?v=DmGBdgME-7k
https://www.youtube.com/watch?v=xNw6LNBeNzc