400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кейбір ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақша баламалары

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ ға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

№142 Жалпы білім беретін мектеп













Жобаның тақырыбы: Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді салыстыру













Жобаны орындағандар:

№142 Жалпы білім беретін мектебінің 9 «Б» сыныбының оқушылары:

Ибраева Айдана, Даулетхан Алтынай

Ғылыми жетекшісі: ағылшын пән мұғалімі: Райбаева Раушан Саметовна


Мазмұны:

1.Кіріспе

1.1.Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

1.2.Тақырыптың зерттелу деңгейі.

1.3.Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

1.4.Зерттеудің ғылыми жаңалығы, нысаны, пәні, әдіс-тәсілдері, ғылыми-әдістемелік негізі.

1.5. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні.

1.6.Мақсаты;

1.7.Мақал-мәтелдерге түсінік беру;

1.8.Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу;

1.9.Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақалдарды талқылау;

2.Екі тілдегі мақалдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру;

2.1. Мақал-мәтелдердің маңызын түсіну;

2.2. Қорытынды;






Мақсаты:

Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің мағынасын салыстыру;

Баламасын табу;

Мақал-мәтелдердің маңызын түсіндіру;

Мақал-мәтелдер білімін жетілдіру;

Мақалдар мағынасын жетік білу;

Болашақ ұрпақты рухани тәрбиелеу;

Ұлттық сана-сезімді ояту;

Рухани жаңғыруға үлес қосу;







Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.

Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады.

Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер.


Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.

Мысалы: “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұлымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады» деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық.







Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады.

Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз. Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді.

Мақал-мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. «Қызды асырай алмаған күн етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді» деген мақал-мәтелдердің мәнісі – жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ.


Ал енді мақал-мәтелдердің сырын ашайық:

1. Сөз қадiрiн бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi.

Сөзді дұрыс сөйлеу де, сөзді дұрыс түсіну де өте маңызды. Адамдардың

қарым-қатынасыныңбаянды болмағы, бір-бірін түсінуі, жұмыстыңалға

басуы – сөзге байланысты. Орынсыз сөзді айтып, адам жанын қатты

жаралап алу да оңай. Орынды айтылған сөз, біріншіден, өзіңіздіңбеделіңізді арттырады, екіншіден басқа адамдардыңар-намысына тимей, олармен жақсы қарым-қатынастыңнегізін салуға көмектеседі.

2. Халқын сүйген – салтын да сүйедi.

Әр халықтыңөзініңсалт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтыңкөне тарихымен бірге жасасып, озығы қалып, тозығы ескіріп ұмытылып жатады. Салт-дәстүрі жоқел болмайды. Қандай ел болмасын өз халқыныңсалт-дәстүрін сыйлайды, құрметтейді. Халықарасында мынадай аңыз бар: Ертеде, біздіңдәуірімізге дейінгі заманда біздіңата-бабаларымыздыжау шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға келгенше тиіспей тұрады екен де, олар ортаға келгенде жан-жағынан шабуылдайтын көрінеді. Сонда түріктердіңсалт-дәстүрін жақсы білетін бір азғын, жаудыңәскер басына: «Түріктер ата-бабаларыныңаруақтарын қатты

қадірлейді, егер ата-бабаларыныңбейітін талқандасаңыз, бүкіл түрік сонда жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.

«Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»

* «Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз.

Достықдегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің әрекетініңдұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басыңөте

адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз

айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді cабырға шақырыңыз.

Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достыққарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.

5. «Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар» Тіршілікте адамдар бір-біріне жүк артып, міндет қылып жүреді. Жалпы ол дұрыс емес. Әр адам «мен бір-ақ рет айтқанда істей қоймады, келісе қоймады»,– деп ренжіп жатады. Сіз бір рет айтсаңыз, басқа қаншама адамдар да бір рет айтқан болады. Сол себепті де сол адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Егер сіз сол жақсылықты, сол істі қиналмай жасайтын болсаңыз, сонда өкпелеңіз. Олай ете алмаған жағдайда, ренжімеңіз. Әр адамда өз тіршілігі, өз қамы бар.

7. «Ата ­ асқар тау,

Ана ­ бауырындағы бұлақ,

Бала ­ жағасындағы құрақ»

Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы суға, бұлаққа теңеуде де үлкен мән бар. Сусыз тіршілік бола ма? Құраққа теңеген бала асқар таудың етегінде болса, бұлақтан нәр алса, ол тамаша болып өспей ме? Ақылды, берекелі ата-ананың балалары да өз әкешешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.

8. «Тозбасты ұста соқпайды, Өлместі Құдай жаратпайды» Өмірдің өтпелі екенін ұқтыратын осындай қанатты сөздерді атабабаларымыз ежелден-ақ білетін болған. Сөзбен қайғылыны тоқтатып, басу айтқан, жұбатқан. Ал біздің халық қашаннан да сөзге тоқтаған. Сондықтан да бір жағдай болғанда, қимас заттыңды жоғалтып, сындырып алғанда қатты ренжімеу керек. Зат болған соң ол сынады, тозады. Ал қайғы келгенде де қарсы тұра білу керек. Абайдың сөзі бар емес пе: «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме» деген.

9. «Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ»

Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал арқылы қалдырғанын түсінейік. Тоқсан ауыз сөз айтуға болатын еді. Өткенге өкінбеуді, оның ешбір пайдасы жоқ екенін, ертеңгі күннің, мейлі ол 20,30,40 жыл болса да, оның жақын екенін тобықтай түйінмен жеткізіп тұрған жоқ па? Сондықтан да, өткенге өкіне берудің қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір сүру керек. Ал болашақтағы жақсылықтың іргесін ереңге қалдырмай, бүгін қалаған дұрыс.

10. « Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар»

Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы «білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарамақарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді. Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе

11. «Ұясын ұнатпаған құс – оңбас»

Қазақ халқы тұрақтылықты, адалдықты жақсы көреді. Құсқа байланысты да олардың қалыптасқан пікірлері бар: Сауысқанды бірлігі жоқ деп ұнатпайды, қарғаны тілеуі жаман деп ұнатпайды, көкекті өз атын өзі шақырады дейді, қарлығаш құстың еңбекқорлығын, адалдығын ұнатады, қараторғайды, бозторғайды әнге қосады, бұлбұлды, қыранды үкіні қатты бағалайды. Құс тіршілігін бақылаған бабаларымыз, адамдардың жөнсіз, өз үйінен безген жаман әрекетін бетіне айтпай, құстың жаман қасиетін айту арқылы түсіндіреді.

12. « Жақсы жолдас ерттiм дегенше, Жарты жолдан өттiм де»

Адамның жас күнінде жолдастары көп болады. Бірге ойнаған да жолдас, бірге жүрген де жолдас. Егер баланың сол жолдастары жақсы болса, талапты, мәдениетті болса, бала соларға еліктеп, өзі де жақсы болуға тырысады. Ал егер керісінше тәртіпсіз, бұзақы болса, ол қиын жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана баласының жанындағы жолдастарын танып, біліп жүргені абзал. Жора-жолдастары жақсы болса, көмектессе, қиындықты жеңуге болды. Мақалдың бізге айтпағы да мүмкін сол шығар.

13. «Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады»

Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да, жеке де болады. Қайғы мен қуаныш бір-біріне антоним сөдер, антоним ұғымдар. Бір біріне жанаспайтыны да сондықтан.

14. «Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың»

Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.



15. Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.





























Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

1.Dog does not eat dog.

Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын өзі кесе алмайды;

Қарға қарғаның көзін шұқымайды.

2. It's a bold mouse that nestles in the cat's ear;

Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа.

3. A lazy sheep thinks its wool heavy.

Еріншекке есік те асу көрінер, Жалқауға бұлт та жүк көрінер;

Бiр тауды төңкеретiн де бар,

Бiр дәндi зiл көретiн де бар.

Жалқаудың ертеңі бітпес.

4. A danger foreseen is half avoided.

Сақтықта қорлық жоқ,сақтансаң сақтайды

5. Better early than late.

Ештен кеш жақсы.

6. Everything comes to him who waits.

Сабыр түбі - сары алтын.

7. Haste makes waste.

Асыққан шайтанның ісі.

8. Tomorrow come never.

Еріншектің ертеңі бітпес.

9. Time cures all things.

Уақыт емші.

10. Think today and speak tomorrow.

Жеті өлшеп,бір кес.

11. Care killed the cat.

Жаман атқа жал бітсе ,жанына торсық байлатпас

Қасқырды қанша бақсаң да ,орманға қарап ұлиды.

12. Every dog has his day.

Шошқаға да 1 мейрам

13. One cannot run with the hare and hunt with the hounds.

Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

14. The scalded cat fears cold water.

Қорыққанға қос көрінер

15. Too much pudding will choke the do.

Қанағат қарын тойғызады,қанағатсыз жалғыз атын сойғызады.

16. An old ox ploughs a straight furrow.

Ескі пышақ ұялғаннан өтеді.

17. Wait for the cat to jump.

Қоянның қашуына ,мылтықтың атуы

18. When the cat is away, the mice will play.

«Әй» ,дейтін әже жоқ , «қой »дейтін қожа жоқ.

19. Who keeps company with the wolf will learn to howl.

Дос адамның айнасы

Досына қарап өзін таны.

20. A good dog deserves a good bone.

Еңбек етсең ерінбей ,тояды қарының тіленбей.

21. A shy cat makes a proud mouse.

Ит жоқ жерде,шошқа үреді.

22. Love me, love my dog.

Итті қонақ жараспас

23. A fool at forty is a fool indeed.

Қисықты жер ғана түзейді.

24. A fool may ask more questions in an hour than a wise man can answer in seven years.

Аз сөз алтын,көп сөз көмір

25. An hour in the morning is worth two in the evening.

Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

26. A danger foreseen is half avoided.

Сақтықта қорлық жоқ,сақтансаң сақтайды.

27. Better early than late.

Ештен кеш жақсы

28. Everything comes to him who waits.

Сабыр түбі сары алтын

29. Everything is good in its season.

«Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар»

Iстiң сәтi ­ өз уақыты.

30. Haste make swaste.

Асыққан шайтанның ісі

31. It is no use crying over spilt milk.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Жоғалған пышақтың сабы алтын.

32. Little strokes fell freat darks.

Еңбек етсең емерсің.

33. You must reap what you have won.

Не ексең соны орасың.

34. Patience is bitter but its fruit is sweet.

Шыдаудың өзі ащы болғанымен, жемісі тәтті.

35.Nothing is impossible to a willing heart.

Қиын іс жоқ ғаламда, ықылас қойға адамға.

36.Where there is a way there is hope.

Қайда үміт болса жол сонда.

37.Failure is the mother of success.

Жеңіліс – жеңістің анасы.

38. Good beginning is half done.

Жақсы бастама – жұмысты жартылай тәмамдау.

39.A tree is known by its fruit.

Еңбегіне қарай өнбегі.

40. All is not gold that glitters.

Ештен кеш жақсы,

Жылтырағанның бәрі алтын емес. 

41.Care killed the cat.

Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.

42. A good medicine tastes bitter.
Дос жылатып айтады (Шипалы дәрі ащы болады).

43.A little  learning is dangerous things.
Үйрен де жирен (Аз үйрену қауіпті іс)

44. Friend not takes enemy much, a mind not takes dispute much

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

45. Begins from family of motherland

Отан отбасынан басталады.

46. Live and learn

Окусыз білім жоқ

Білімді күнін жоқ.

47. A bird in the hand is worth two in the bush.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

48.  There is no smoke without fire.

Жел соқпаса,от шықпайды.

49. Murder will out.

Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам.

50.  A man can die but once.

Ердің екі сөйлегені өлген.

51. Custom is a second nature.

Ауру қалса да әдет қалмайды.

52. What is done cannot be undone.

Айтылған сөз –атылған оқ.
53. An apple a day keeps the doctors away.

Алманы күнде жесең, саған ауру жоламайды.
54. Two heads are better than one.

Бір бастан екі бас артық.

55. A friend in need is a friend indeed.

Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қосып айтар.
56. Make hay while the sun shines.

Темірді қызғанда соқ.

57. To be or not to be.

Баяғы жартас- бір жартас.
58. The voice of voice of one man is the voice of no one.
      Жалғыздың үні шықпас,жаяудың шаңы шықпас.
59. One man no man.

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас .
60. One is no number.

Бір сан емес, екі көп емес.
61.One flower makes no garland.

Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас.
62. A cat in gloves catches no mice.

Еңбегіне қарай өнбегі.
63. Brevity is the soul of wit.

Қысқалық –тапқырлықтың жаны.
64. He who begins many things finishes only few.

Екі кеменің басын ұстаған, суға кетеді.
65. Talk of the devil and he will appear.

Кімді айтсаң сол келеді.
66. Everything comes to him who wants.

Іздеген жетер мұратқа.
67. Every dog has its day.

Дүние кезек , терме тезек.
68. Catch the bear before you sell its skin.

Қашпаған  сиырдың уызынан дәметпе.
69. A tree is known by its fruit.

Ағаш жемісімен танылады.
70. A good name is better than a good face.

Түсі игіден түңілме.
71. The more you live, the more you see, the more you see, the more you know.
Көпті көрген көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.

72.Four eyes see more than two.

Екі көзден төрт көз көбірек көреді.
73. The leopard cannot change its spots.

Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді.
74. Better a glorious death than shameful life.

Өлімнен ұят күшті.
75. An idle brain is the devil is workshop.

Бос ақыл –ой шайтанның шеберханасы
76. The more haste, the less speed.

Асыққан сайын шапшаңдық бәсеңдейді.
77. The proof of the pudding is in the eating.

Бәрі іс жүзінде тексеріледі.
78. The fat is in the fire.

Болар іс болды, бояуы сіңді.
79. Necessity is the mother of invention.

Мұқтаждық нанды жеуді де үйретеді.
80. As the tree , so the fruit.

Ағаш қандай болса, жемісі сондай.
81.
Better to do well than to say well.

Жақсы сөйлегеннен жақсы істеген артық.
82. A great ship asks deep waters.

Үлкен кемеге ұзақ сапар.
83. A watched pot never boils.

Қазанның қайнауын күтсең қайнамас.

84. To kill two birds with one stone. Бір оқпен екі қоянды ату.
85.Handsome is as handsome does.

Адамды сыртынан емес, ішінен таны.
86. Appearance an deceitful.

Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде.
87. Everything is good in its season.

Әр нәрсенің орны бар.
88. First think then speak.

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
89. To tell tales out of school.

Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
90. Don’t count you chickens before they are hatched.

Балапанды күзде санайды.
91. Don’t trouble, trouble until trouble you.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
92. Don’t look a gift horse in the mouth.

Орамал тон болмайды, жол болады.
93. Better late than never.

Ештен кеш жақсы.
94. The rotten apple injures its neigbours.

Бір қарын майды бір құмалақ шіртеді.
95. It never rains but it pours.

Бір айналдырғанды  шыр айналдырады.
96. Live not to eat, but to leave.

Жеу үшін өмір сүрмей, өмір үшін күресу керек.
97. Live and learn.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
98. The early bird catches the worm.
 Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық.
99. Business before pleasure.

Бейнет түбі-зейнет.
100. East or west, home is best.

Отан оттан ыстық.
101. The more we learn the more we know.

Неғұрлым көп оқысақ, соғұрлым көп білеміз.
102. All is not gold that glitters.

Жылтырағаннның бәрі алтын емес.
103. Honesty is the best policy.

Арыңды жасыңнан сақта.
104. Friendless is poor.

Досы жоқ адам-кедей адам.
105. All roads lead to.

Қызыл тіл Римге жеткізер.
106. Knowledge is power.

Білімдіге дүние жарық.
107. A good beginning makes a good ending.

Бітер істің басына, жақсы келер қасына.
108. No pains, no gains.

Еңбексіз-өнбек жоқ.
109. He who laughs last laughs best.

Соңғы күлген күледі.
110. Seeing is believing

Естігенге емес, көргенге сен.
111. Nothing venture, nothing have.

Әрекет болмай, берекет болмас.
112. Where there is a will there is a way.

Іздеген мұратына  жетеді.
113. You cannot eat your cake and have it.

Бір өткеннен екі өтпек жоқ.
114. Neck or nothing.

Шешінген судан тайынбас.
115. Never say die.

Салың суға кетпесің.
116. No gain without pain.

Тірліксіз-бірлік жоқ.
117. Nothing comes from nothing.

Ештеңеден ештеңе де шықпайды.
118. One good turn deserves another.

Қайтқан малда қайыр жоқ.
119. The devil is not so black as he is pained.

Қорыққанға қос көрінеді.
120. To make a mountain out of the hill.

Түймедейді түйедей қылу.
121. Don’t cross a bridge before you come to it.

Байыбына бармай бал ашпа.
122. Gossiping and lying go hand in hand.

 Өсек бар жерде өтірік бар.

123. Rome was not built in a day.

Игіліктің ерте-кеші жоқ.
124. Poverty is no sin.

Кедейлік –күнә емес.
125. So many men, so many mind.

Көптің ойы кемеңгер.
126. Health is better than wealth.

Денсаулық-зор байлық.
127. Tastes differ.

Талғамға талас жоқ.
128. When angry, count a hundred.

Ашуланғанда жүз рет сана.
129. You can’t eat your cake and have it.

Бір өткелден екі өтпек жоқ.
130. Bad news travel fast.

Жаманат жатпайды.
131. Neck or nothing.

Шешінген судан тайынбас.
132. A word is enough to the wise.

Ақылдыға бір сөз де жеткілікті.
133. An hour in the morning is worth two in the evening.

Кешкі екі сағаттан таңғы бір сағат артық.
134. To be head over ears in dept.

Қарызы бастан асады.
135. To be up to the ears in love.

Өлердей ғашық.
136. He that is full of himself is very empty.

Аузымен бәрін айтады, ал іске келгенде түк білмейді.
137. Every man is an architect of his own fortune.

Әркім өз бақытына ие.
138. A good beginning is half the battle.

Жақсы бастама-шайқастың жартысы.
139. Deed is not words.

Сөз емес-іс керек.
140. Better en egg today than a hen tomorrow.

Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.
141. When in Rome, do as Romans do.

Римде болсаң, римдіктерше істе.
142. What the heart thinks the tongue speaks.

Ойнаса да, ойындағысын айтады.
143. Four eyes see more than two.

Екі көзден төрт көз көбірек көреді.
144. The leopard cannot change its spots.

Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді.
145. Better a glorious death than shameful life.

Өлімнен ұят күшті.
146. An idle brain is the devil is workshop.

Бос ақыл –ой шайтанның шеберханасы
147. The more haste, the less speed.

Асыққан сайын шапшаңдық бәсеңдейді.
148. The proof of the pudding is in the eating.

Бәрі іс жүзінде тексеріледі.
149. The fat is in the fire.

Болар іс болды, бояуы сіңді.
150. Necessity is the mother of invention.

Мұқтаждық нанды жеуді де үйретеді.
151. As the tree , so the fruit.

Ағаш қандай болса, жемісі сондай.
152. Better to do well than to say well.

Жақсы сөйлегеннен жақсы істеген артық.
153. A great ship asks deep waters.

Үлкен кемеге ұзақ сапар.
154. A watched pot never boils.

Қазанның қайнауын күтсең қайнамас.

155.  After dinner comes the reckoning.

Қыста арбаңды, жазда шанаңды сайла.

156.Art is long, life is short.

Ұста өлсе, істеген ісі қалар,

Білімді өлсе, қағазда аты қалар.

157. Honey is not for the ass `s mouth.

Талғамы жаман татымдыны сасытады.

158. In doing the learn.

Өмір үйретеді, еңбек ширатады.

159. Knowledge is power.

Білім – қуат.

160. Little stokes fell great oaks.

Тамшы тама берсе, тас жарады.

161.Knowledge is power.

Білім –қуат.

162. Live and learn.

Өмір бойы үйрен.

163. The fool does think he is wise,

but the wise man knows himself to be a fool.

Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.

164. Learn wisdom by the follies of others.

Көргеніңді көңілге түй.

165. Learn wisdom by the follies of others.

Денсаулық – зор байлық.

166. Take a hair of the dog that bit you.

Демі бардың емі бар.

167. If each would sweep before his own door,

he should have a clean city.

Тазалық бар жерде денсаулық бар.

168. Agues come on horseback but go away on foot.

Кесел батпандап кіріп, мысқалдап шығады.

169. A friend in need is friend indeed.

Досыңды қиналғанда бір сына, қуанғанда бір сына.

170. A friend in court is better than a penny in purse.

Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

171. Old friends and old wine are best.

Жаңа дос жаныңда жүргенде, ескі дос есіңде жүрсін.

172. Better an open enemy than a false friend.

Ақымақ достан ақылды дұшпан артық

Қорытынды:


Халқымыздың асыл мұрасы мақал-мәтелдерді сақтау, кейінгі ұрпаққа

аманаттау – ұстаздың ғана емес, барша қауымның ата-бабалар алдындағы

парызы. Автор бұл еңбегінде өзі дәріс беретін студенттерге, атап айтқанда,

қазақ тілінен практикалық сабақта қолданып жүрген мақал-мәтелдерін және

ол мақал-мәтелдерді өмірде қолдануға септігін тигізетін сұрақтапсырмаларды ұсынған.

Еңбек мектеп оқушыларына, студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға,

жалпы оқырман қауымға арналады.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі