400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кейіпкерлер 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық сауаттылық. Қыска мерзімді жосар, Кейіпкерлер 3-сынып. 2-бөлім. «Ойын құру» (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

2-бөлім. «Ойын құру» (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:

Ділдабек Ақерке Қошқарқызы

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу;

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Көрініс пен кейіпкердің айырмашылықтарын атай алады.

Оқушылардың көбі үшін:

Жобаға кейіпкерлерді қосудың түрлерін үйренеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеуді үйренеді.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Үй тапсырмасын тексеру, сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.



(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • 1-суретте қандай сағат түрлері бейнеленген?

Әңгімеле.

  • Сағаттарда уақыт нешені көрсетіп тұр?

(1-сурет)

  • Еліміздің барлық өңірінде уақыт бірдей ме? Ойыңды ортаға сал.

  • Сағат тілдерінің қозғалысын қалай жобалауға болады?

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта


Слайд

Оқулық

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Тізбектей оқу» әдісі

  • Топта оқушылар оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы мәтінді кезектесіп бірінен соң бірі тізбектей оқиды. Әрбір оқушы өзінің оқыған мәтіні бойынша топта өзара талқылау жасайды. Бір-біріне және мұғалімге сұрақтар қойып, өздерінің білімін толықтырады.

Топтық жұмыс

1-тапсырма

Жер шарында 24 сағат белдеуі бар. Нөлінші сағат белдеуі Британия мемлекетінің Гринвич аймағында орналасқан. Нұр-Сұлтандағы сағат Гринвичтегі сағаттан 6 сағат алда жүреді. Яғни екі қала арасындағы уақыт белдеуі 6 сағат айырмашылықты көрсетеді. Тапсырма: 9суреттегі «Уақыт» жобасына Гринвич уақытын көрсететін 3сағатты қосуды ұсыныңдар.

Жұптық жұмыс

2-тапсырма

Төменде көкегі бар сағат, электрондық сағат және қабырға сағатының суреттері берілген. Scratch-те осы сағат түрлерінің бірін таңдап, жобасын дайындаңдар

Жеке жұмыс

3-тапсырма

  • Көрініспен кейіпкердің қандай айырмашылықтарын атай аласың?

Жобаға кейіпкерлерді қосудың қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Дескриптор

Тапсырмаға толық талқылау жасайды.

«Уақыт» жобасына Гринвич уақытын көрсететін 3сағатты қосуды ұсынады.










Дескриптор Тапсырмаға жұптық талқылау жүргізеді.

Scratch-те берілген сағат түрлерінің бірін таңдап, жобасын дайындайды.



Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.













Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу»

әдісі арқылы бағалайды


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өзін-өзі сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Слайд


Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Араның ұясы» техникасы

Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің көмегімен берілген мәліметтер қорытындыланады, өңделеді.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2::



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
4571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі