жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кейіпкерлер мен декорациялар құру
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: көркем еңбек |
Сынып:6 А |
Мерзімі: 23.10.2019 |
Пән мұғалімі: Хавден Бердігүл
|
||
Сабақтың тақырыбы |
|||||
Оқу мақсаты |
6.1.4.1 Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау . |
||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Уақыт пен басқа да факторларды ескереді. Көптеген оқушылар: іс-әрекеттің реттілігін анықтайды. Кейбір оқушылар: іс-әрекеттің реттілігін анықтайды және жоспар жасайды . |
||||
Бағалау критерийі |
Уақыт пен басқа да факторларды ескере алады. іс-әрекеттің реттілігін анықтай алады. жоспар жасай алады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Анимация, декорация құру, сценарий құрастыру
|
||||
Құндылықтар |
Адамгершілік, сыйластық, адалдық |
||||
Алдыңғы білім |
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) туралы біледі.. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 мин |
«Билет алу» әдісі Мақсаты:Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру және оқушылардың назарларын сабаққа аудару. «Тілек білдіру шеңбері» әдісі Мақсаты: Оқушылардың бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамыту,сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін пайдаланып: -алдыңғы білімді жаңа сабақпен байланыстыру; -суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу; -жаңа сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтап, мақсатқа жетелеу; -суреттер бойынша топпен жұмыс істеу . |
Билеттер, кейіпкерлер суреті
|
|||
Сабақтың ортасы
7 мин
10 мин
8 мин
|
1. «Үш қой» ертегісі әдісі арқылы іс-әрекеттің реттілігін анықтайды. Мақсаты: креативтілік, ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу дағдыларын қалыптастыру. 1-тапсырма. Оқиғаны тоқтаған жерден жалғастыру , дамыту . ҚБ: «Ауызша мадақтау» әдісі.
2.«Кейіпкерлер» Мақсаты: Басқалармен жұмыс істей білу, ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыру. 2- тапсырма: Әртүрлі жанрдағы (тарихи мультфильм,ертегі мультфильм , қиял-ғажайып мультфильм)фотосуреттерді қарастыру, фотосуреттегі жанр түрін ажырату. Саралау тапсырмалары: Топтық жұмыс. Сахнаны декарациялау.
ҚБ: «Стикерлер» арқылы
«Ойлан, жұптас-бөліс » әдісі (ЖЖ) арқылы сценарий жоспарлайды. 3-тапсырма:Кейіпкерлерді өмірмен
байланыстырып сценарий жазады. - Дескриптор -оқушылар сценарийін жоспарлайды; – қиялынан шыққан кейіпкерлерді өмірмен байланыстырады. – сценарий желісімен кейіпкерді қимыл-қозғалысқа келтіріп оған мінездеме береді. ҚБ: «Билет арқылы» әдісі арқылы топтар жұмыстарын бағалайды.
Қолдануға рұқсат етілетін материалдар: Ермексаз Анимацияны жасау қадамдары: 1. Анимацияның сценарийін жазыңыз; 2. Ұяшықтан шыққан кейіпкерлердің образдық мүсінін ермексаздан жасаңыз; 3. Декорация мен реквизиттерді таңдап, әсерлі безендіріңіз;
Дескриптор: -Оқушы жұмыстың сценарийін жоспарлайды; -Ұяшықтан шыққан кейіпкерлердің образдық мүсінін ермексаздан жасайды; -декорация мен реквизиттерді таңдап, әсерлі безендіреді;
ҚБ: «Билетті беріп тілек жазу» әдісі |
Мультфильмдердің суреттері.
Стикерлер
Ертегі кейіпкерлерінің суреті
|
|||
Сабақтың соңы 5 мин |
Рефлексия:«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
|
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген