400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

кел, балалар оқылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы . Кел, балалар, оқылық»

Сабақтың мақсаты: Білімділік:. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.

Ыбырай өлеңдерінің мағынасын біліп-үйренуге талпындыра отырып, жатқа айтқызу

Дамытушылық: . Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. Сөздік қорын молайту еркін сөйлеуге қабілетін арттыру. 

.Тәрбиелік:Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге, жаман мен жақсыны, еңбек пен жалқаулықты ажырата білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, 
Көрнекілігі: оқулық, суреттер 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?

Қызығушылығын ояту. Оқушыларды үш топқа бөлу.» Ой ашар»:

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Ы Алтынсарин өлеңдерінен үзінділер жаттау Ыбырай Алтынсарин өмірі ағартушылық қызметі.

-Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне тусіріңіздер. Оқушылар білетіндерін топтасып жазады әр топтың бір екі оқушы қорғайды.

ІІ.Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 
ІІІ. Жаңа сабақ: 
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік. 
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. 
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. 
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады? 
2.Білім не үшін керек? 
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты? 
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: 
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? 
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны) 
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың? 
б/ Дәптермен жұмыс 
Ыбырай Алтынсариннің өсиетін дәптерге түсір. 
Сөздік жұмыс жүргізу. 
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.

ІҮ. Рефлексия. Түсінгендерін тексеру: 
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? 
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? 
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? 
Тауып оқу 
Ү. Қорытынды: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинау
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту. 
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау. 

Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері 

    Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері

                               (1841-1889)

        Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.

Мақсаты:

  а) Білімділік:қазақ еліне білімінің шамын жаққан ағартушы,жазушы Ы.Алтынсариннің өмірі,шығармашылығы,қызметімен таныстыру,өлеңдерін талдау.

  ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту

  б) Тәрбиелік: адамгершілікке,еңбекті сүюге баулу,тақырыпқа байланысты халқымыздың мәдениетін,мінез-құлқын аңғаруға баулу.

  Түрі: жаңа сабақ

  Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндірме,мәнерлеп оқу,топтау әдісі

  Көрнекті құралдар: сурет,интерактивті тақта,кесте,үлестірме қағаздар

  Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,түгендеу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. "Жұмбақ сандықша"ойыны(блиц-турнир) Мұғалім: «Жұмбақ сандығым ашылды,ішінен Шоқан туралы сұрақтар шашылды» деп, әр оқушыға сұрақтар алғызып,жауабын сұрайды)

  • Ш.Уәлиханов қай жылдары өмір сүрген?

  • Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?

  • Шоқанның зерттеушілік қызметіндегі алғаш жазып алған халық жыры

  • Шоқан тамамдаған білім ордасы?

  • Қай жылы Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланды?

  • "Мұндағы мақсатым-өз халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді"-деп кімге жазады?

  • "Сот реформасы туралы жазбалар" не туралы?

  • Сот реформасына Шоқан қандай үміт артты?

  • "Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп"кімнің сөзі?

2.Үш қатардан 3 оқушыға Шоқанның өмірбаянын айтқызады.

а)Қашқария жері туралы не білесіңдер?Шоқанға дейін Қашқарияға кімдер сапар шекті?

ә) "Сот реформасы туралы" жазбалар Сот реформасына Шоқан қандай үміт артты?

б) Шоқанның асыл мұраларының бірі-бейнелеу өнері.

 

Жаңа сабақ:Мұғалім интерактивті тақтаны қолданып, Ы:Алтынсарин туралы мәліметтер көрсетіп,өмірбаянын түсіндіреді.

Ы.Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы,аса көрнекті педагог,тұңғыш оқулық авторы.

1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келді.

1850 жылы Ыбырай мектепке қабылданды.

1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шықты.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып,сонда келеді.

 (оқытушылық қызметін бастайды)

1864 жылы Торғай мектебі ашылды.

1876 жылы Петербор,Қазан қалаларына барады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1879 жылы Орынборда "Қазақ хрестоматиясын" бастырып шығарады.

1881 Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1883 жылы қолөнер мектебін ашады.

1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырады.

 Сөздікпен жұмыс:

Айшылық,жалықпай,өркениетті,айнадай,мұнарланған,т.б. сөздердің мағыналары түсіндіріледі.

                                                                                                         

Өлеңдері:

                       Өлеңдерінің тақырыптары

Ақыл-кеңес,

өсиет өлеңдері«Әй,достарым!», «Ананың сүюі»

 

 

 





Әлеуметтік     теңсіздік

«Азған елдің хандары», «Залым төреге»

 



«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясы- қазақ қауымына өркениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Өмірді көркейтуші,өркениетті болашақтың иесі-жастар,ал жастардың көркі-білім,мәдениет деп ұқты.

«Өзен», «Жаз» өлеңдері табиғат көрінісін суреттеуге арналған

Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейді.Негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты,Отанды сүю сезімдерін дарыту мақсатынан туған.

«Азған елдің хандары», «Залым төреге» өлеңдерінде елдегі теңсіздікті,әлділердің үстемдігін баяндайды.

«Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!» өлеңдерінде жастарға ақыл-кеңес беріп,жақсы мен жаманды ажырата білуге шақырады. «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуді айтады.

 

Оқулықпен жұмыс: «Өнер-білім бар жұрттар», «Өзен», «Жаз» өлеңдері мәнерлеп оқылады.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Алтынсарин қандай мектепте оқыған?

2.Ыбырай қайда,қай жылы қыздар мектебін ұйымдастырды?

3.Ы.Алтынсаринді «кемеңгер кісі» деп кімдер бағалаған?

4. «Қазақ хрестоматиясы» неден құрастырылған?

5. «Ыбырайдың жастарды өнер-білімге шақыру мақсатында жазылған қандай өлеңдері бар?»

6.Табиғат көріністерін суреттеуге арналған өлеңдерін ата.

 

Қорытындылау                     Үйге тапсырма:

Бағалау                            Ы.Алтынсарин өмірбаяны,кестені толтыру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі