Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды
ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа
уақыт.
І жүргізуші: Армысыздар,
ардақты ұстаздар, оқушылар!
Жаңа жыл! Әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке
екен.Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен
шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық
шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін
бақыттың құшағында жүреді екен!
Ән шашуымызды қабыл алыңыздар:
Ертегілер елі
Құрметті, ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз!
Құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті
қонағы аудандық білім бөлімінің бас
маманы______________беріледі.
Жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін дей
отырып, бүгінгі келесі қүттықтау сөз
кезегін білім ұясының білікті
басшысы Мукужанова Айнаш Болатовнаға
береміз.
Ортада Би: Балапандар(Даярылық
топ)
1
Жүргізуші:
Жаңа күнде ән
қылып,
Тек жүрмеңіз сән
құрып.
Көңілдердей
қартаймай,
Шырша тұрар
мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша»
жырын айтайық.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа
жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа
жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып
тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл
сырын.
Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне
сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді
Ақша қар келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз.
Кәне, достар, не тұрыс, шын
ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз
ата! Аяз ата келеді. Хормен
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын,
тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар
салыңдар.
* Аяз ата келеді
Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңдар!
Аяз
ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен
ел,
Нарына нарық заман мінгескен
ел.
Дәуірдің
дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің
тылсымымен бірлескен ел.
Ақша қар:
Амансыздар ма
балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа
жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен ит жылына аман есен саулық
тілеп, келер жылымыз Доңыз жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін
деп, тарих жыл болсын
деймін.
2-жүргізуші:
Армысыз Ата!
Армысың Ақша қар.
Аяз
ата:
Бар бол,
балам! Біз қай жерге келдік
қарағым?
1-жүргізуші:
- Балығы
тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Ырысы мен
берекесі
мол
ауылымызға
келдіңіз.
Аяз
ата:
- Бәрекелді, балам! Бұл ауыл әнмен жырдың
мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар
шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер
мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз
болды.
Аяз
ата:
-Рұқсат шырақтарым,
рұқсат.
Би билейік
бұралып,
Қыздар тұр
сұранып.
Мен де тұрмын құр
қалып,
Шаттанайық
қуанып
Би:
Айгөлек
1-жүргізуші:Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ
шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?!
Ортамызға тарихтан өтер “ИТ” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі
жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай
қарайсыздар?
Аяз
ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, ит жылы
келсін...
/ит жылы
шығады./
Ит жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын!
Армысыздар, Аяз ата Ақша
қар!.
Аяз
ата:
Иә, ИТ жылы қайда
тарттың?
Ит
жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде доңыз бауырыма
жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде доңыз жылы
келеді./
Жаңа
жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын!
Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, ескі жыл! Армысың,
Ақша қар.
Жаңа
жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел
тілегіне сайлы болуға ант
етемін.
ИТ
жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың
құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен
жыл!
Ар бол, Жаңа
жыл!
Бар бол, Жаңа
жыл.
Қадамың құтты болсын,
Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол,
Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа
жыл.
Доңыз
жылы:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың
бар
Алға шығып өлең тақпақ
айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып
қайтыңдар.
1-жүргізуші:Келесі ән
шашу сенің құрметіңе
:
«Ақшақарлар»
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған
секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп
болғандықтан, сіздерді көп
бөгемейік.
Аяз
ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған
қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет.
Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан
көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама
құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ
болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ
қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы
көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен
берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке
қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта
болыңдар.
Ал енді Ақшақар біз
кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны
көрейік.
Ән: Базарбай Нұрай 4 а
сынып оқушысы « Кел, жаңа
жыл»
1-жүргізуші: Міне,
Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда
қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз бұлт
торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір
тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді
той боп Жаңа жыл Құтты
болсын.
Сау саламатта
болайық!