Кел, Жаңа жыл,
Жаңа жыл
Мақсаты:
балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы
ұғым беріп, оны татулықпен, бірлікпен,
достықпен өткізуге баулу.
Би:
Вальс
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті бұлдіршіндер,
ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы!
Біз сіздерді кележатқан жана жыл
мерекесімен құтықтаймыз! Сіздерге жаңа
жылда жаңа табыс, бахыт тілейміз. Ендеше
№2 «Балдәурен» тобының Жаңа жылға
арналған ертеңгілігін бастап беру үшін
Балабақшамыздың директоры: Усенова
Зәуреш Орунбасарқызына
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы
неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп
алды маңайды.
Бақыт, шаттық,
молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін
мына арай жыл.
Ән:
«Қыс қызығы»
Жүргізуші:Жаңа
жылға арналған тақпақтарды айтып береді.
Сезім:
Лебі мұздай ызғарлы
Алып келді қыс
қарды
Қысқа түндер
ұзарды,
Ұзақ түндер
қысқарды.
Қоныс:
Аққала, аққала
Сені жасап
мақтанамын.
Қорғауменен
жүреміз,
Бұздырмастан
басқаға.
Абдуллах:Жел
гулейді тоқтамайды,
Қар борайды,
борайды.
Асыл қария , ақ
самайлы
Алды артында
орайды.
Әнуар:
Жас ұланмын шыныққан
Жасқанбаймын
суықтан.
Қардан жасап аққала
Сырғанаймын шаттана
Сайқымазақ
келеді:
Ойын:
«Кім жылдам?»
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге
жұмбақ жасырайын. Кім жұмбақтың шешуін
тез табады екен?
Жүргізуші:
Сақалды шал жылына,
Бір-ақ рет келіп
кетеді.
Қыздары мен ұлына
Сыйлық
алып келеді. /
Аяз ата /
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, енді Жаңа
жылдық мерекеге Аяз атамызды шақырайық.
Олар орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Аяз атаның орнына
Мыстан кемпір ұшып келеді. Шыршаны бір
айналып қонақтардың алдына келіп тұрады.
Мыстан:
Пай-пай! Мен қайда келдім өзі? Мына
шыршанын кереметін-ай! Үйге алып кетсем
бе екен?
( Осы
кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны
түбімен жұлып алғысы келеді.)
Жүргізуші:
Мыстан кемпір! ...Мыстан кемпір оған мән
бермейді, шыршаны жұлуын тоқтатпайды.
Жүргізуші:
Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз,
тимеңіз біздің шыршаға!
( Мыстан сөзге мән
бермейді.)
Мыстан:
Түу, (маңдайындағы терін сүртіп тұрып),
мына шыршанын тамырын терең отырғызғанын-ай,
жұлынбайдығой өзі!
Түлкі
мен қоян : Мен
әдемімін, мен сұлумын деп айтысып залға
кіреді. Осы сөзді естіген мыстан ашуланып
түлкі мен қоянға.
Мыстан:
Бәрінен мен әдемімін....
Сайқымазақ:
Мыстан
әжей, түлкі, қоян сіздерге не болды
, балалардың
алдында ұрысуға болмайды. Кәне бәріміз
бірге балалардың көңілін көтеріп жаңа
жыл мерекесін көңілді өткізуге ат
салысайық.
Мыстан
мен түлкі:
Балалар кешіріңдер!
Жүргізуші:
Балалар,
қане, тойды жалғастырайық. Аяз атамыз
кешікті гой!
Мүмкін
жолда адасып кеткен болар! Олай болса
Аяз ата мен Ақшақарды қаттырақ айқалап
шақырайықшы!
Балалар: Аяз ата,
Ақшақар!
(Осы
кезде Аяз ата, Ақшақар, жыл басы Ит залға
кіріп келеді. )
Аяз ата:
Уа, жұртым, жиналған,
Көңілдерін бүр
жарған.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан!
Аяз ата Ақшақар
Жетті жолдан
қыйналған.
Алдымызда күллі
арман.
Мықтылығым мәлім
гой
Өтіп кеткен
жолдардан.
Ақшақар:
Жаңа жыл ит:
Ескі
жыл: Тауық
қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші:
Аяз атамен Ақшақар , алыс жолдан шаршап
келген шығарсыздар.
Отырып
кішкене деміңізді алып, балаларымыздың
өнерін тамашалаңыз! Бүлдіршіндеріміз
тақпақ айтып берсін.
Гаухар:
Жаңа жылым жыл болсын,
Басқа қадам оң
болсын.
Төрлет, төрлет
жаңа жыл
Бізге құтты жыл
болсын.
Иса:
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа
жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық
бала жүр.
Ясина:
Жасыл шырша ортада,
Ән саламыз ойнаймыз.
Қаһарлы аяз болсада
Жаңа жылды тойлаймыз.
Ерсұлтан:
Көптен сені аңсаған
Күтіп отыр барша
жан
Кел жаңа жыл, жаңа
жыл
Шуақ төгіп жеріме
Қуат беріп еліме
Кел жаңа жыл жаңа
жыл.
Ердаулет
К:
Көрікті шыршамыз
Шамдарың самғаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап
ән.
Жүргізуші:
Аяз ата, қане, олай болса балалармен
бірге шыршаның шамын жағайық.
Аяз
ата: Қуан
бізді, таңырқат,
Шамдарымды жарқырат.
Ән:
«Елочка»
Аяз
ата:
Ой бәрекелді, балалар! Жарайсыңдар!
Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар
ғой.
Ойын:
«Сиқырлы таяқша»
Би: «Ақшақарлар»
Нұрдаулет:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Ердәулет:
Добрый Дедушка Мороз
Ты подарки нам
принес
Начинаеи хоровод
Потому что новый
год.
Ержан:
Аяз ата ақсақалды
Ақ таяқты пак ата.
Асып өтіп асқар
тауды.
Жеттің міне таң
ата.
Қадыржан:
Тілеймін мен бар әлемде
Дос көп болса
жанашыр
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа
жыл.
Асел:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ
күріштей.
Көк ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Рахымбек:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы,
Көз тоймайды
қараса.
Ата-ана
мен ойын:
«Кім жылдам?»
Шарт:
ойынға
5 ата-ана қатысады әуен ойнағанда
билейді, әуен тоқтағанда орындыққа
отыру керек.
Жүргізуші:
Аяз
ата сізге біздің ата-аналадың ойыны
ұнады ма?
Аяз
ата: Әрине
ұнады, балаларымның ата-аналары өте
епті, әрі шапшаң екен. Ал тағы қандай
өнерлерің бар?
Би:
«Санта клоус »
Ән:
«Келіңіз, Аяз ата!»
Флешмоб:
Аяз
ата:
Ал, балаларым біздің кететін уақытымыз
болды, басқа балабақшаның балалары
күтіп отыр біз жолға шығайық. Балалар
Аяз атаны әнмен шығарып салады.
Жүргізуші:
Құрметті балалар ата-аналар, қонақтар,
балабақша ұжымы жаңа-жыл құтты болсын.
Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет, жылдан жылға аман есен жетіңіздер.
Отбасыңызға амандық, дендеріңізге
саулық тілей отырып №2 «Балдәурен»
тобының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Балалар музыка
әуенімен залдан шығады.