400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"КЕЛ ЖАҢА ЖЫЛ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.Оброздық бейнелерді сомдай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кел Жаңа жыл»

(Мерекелік іс-шара)

Мақсаты:Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.Оброздық бейнелерді сомдай білуге үйрету.Хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.би қимылдарын қызығушылықпен ырғақты сақтайорындауға төселдіру.

Тәрбиеші: Жаңа жыл-кемел ойдың кеңесі

Жаңа жыл-12 айдың өресі

Жаңа жыл-тірліктің арай шаттығы

Жаңа жыл-бар бақыттың белесі

Жаңа жыл-жылдардың ғана емес,армандар мен үміттердің де жалғасы.Жаңа келген 2019 жылы асыл армандарыңыз орындалып,үміттеріңіз үкіленсін дегім келеді!

«Кел Жаңа жыл!» тақырыбында өтілгелі отырған мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер!

Жаңа бақыт,жаңа жігермен

Қарсы алайық жыл басын

Ән мен күй,көңілді би

Жыл бойы тынбасын!-деген тілекпен ортаға «Бәйшешек» тобының өнерпаз балаларын шақырайық!

Думанды өтсін жаңа жылдың күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі

Алғашқы сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Имандосова Шаки апайға береміз!

Тәрбиеші:Рахмет,апай!

«Бәйшешек» тобының сүйкімді қыздары Алуа мен Ақторғын ортада: «Жаңа жыл» әнімен.

Тәрбиеші:Балалар бізге Аяз атамыз бен Ақшақарымыз келмей жатыр.Қәне бариміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:Аяз ата! Ақшақар!(бірнеше рет қайталайды)

(Ақшақар жүгіріп,қорқып келеді)

Ақшақар:Балалар құтқарыңдар,қуып келеді!

Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе,Ақшақар!Не болды?Кім қуып келеді?

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе,Ақшақар!

Тәрбиеші:Біз Аяз ата екеуіміз өздеріңе арналған сыйлықты алып, жолға шыққанбыз,жолдан қарақшылар ұстап алды.Қап толы сыйлықты Аяз атамен бірге үңгірге алып кетті.Мен әрең дегенде қашып құтылдым.Жоқ!Әне олар келіп қалды.

(Жағымсыз әуенмен жүгіріп қарақшылар келеді)

Қарақшылыр: Қайда?Қайда Ақшақар?

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме,қарақшы мырзалар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Қарақшылар: Сендер кімсіңдер?Мұнда неғып жүрсіңдер?

Тәрбиеші:Біз жаңа жылды тойлауға жиналдық.Аяз атаны күтудеміз.

1-Қарақшы:О,бар байлық мұнда тұр ғой!(шыршаға жақындайды)

Қап әкел,жинап салып алайық!

2-Қарақшы:Қапқа салып қайтеміз?Жұлып-жұлып алып кетейік те...

Тәрбиеші:Жо-жоқ, бұл біздің жаңа жылдық шыршамыз ғой!

1-Қарақшы: Енді бұл біздің шыршамыз болады.

2-Қарақшы: (Шыршаны ұстай бере жылап отыра қалады).Ай-ай-ай!Шырша шамына қолымды күйдіріп алдым.

Тәрбиеші: Балалар көмектесейік.

Ақшақар:Шырша шамының күйдіруі мүмкін емес,бұл қарақшылардың озбырлықтары ойлап тұрған.Сиқыр әлемінің патшайымы жазаларын берген болуы керек.

1-Қарақшы:Енді біз озбырлық жасамаймыз.

2-Қарақшы:Ешкімге зұлымдық жасамаймыз.

Ақшақар:Айналаңдағылардың құрметіне бөленгің келсе,алдымен өздерің оларды құрметтей білулерің керек.

2-Қарақшы:Сонда біздің қолымыздан қандай жақсылық келеді?

Ақшақар:Алдымен ой-ниеттеріңді тазартып,кең пейілді болуға тырысыңдар.Аяз атаны босатып,балалармен қауышуына мүмкіндік беріңдер.

(Екі қарақшы бөлек шығып ақылдасады)

2-Қарақшы:Қайтеміз,Аяз атаны босатып,сыйлықтарды қайтарып береміз бе?

1-Қарақшы:Қап толы сыйлықты өзімізбен бірге алып кетейік те?

2-қарақшы:Жаңа Ақшақар:»Өздерің жақсы болсаңдар,құрметке бөленесіңдер»,-деді ғой.

1-Қарақшы:Алдымен сұрап алайық.(балаларға қарап:)

2-Қарақшы: Балалар,біз Аяз атаны ертіп келсек,сыйлықтарды қайтарсақ,осында қалып жаңа жылды тойлауға рұқсат бересіңдер ме?

Балалар:Әрине.

Қарақшылар:Онда біз Аяз атамен бірге келеміз.

Тәрбиеші:Балалар Аяз ата келгенше біз тойымызды жалғастыра берейік.

Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға ап

Би билейік бәріміз-деп,ортаға биші қыздарды шақырайық.Ақшақарлар биі.

(Бидің аяғында қарақшылар Аяз атаны ертіп келеді)

Аяз ата:Амансыңдар ма,балаларым!

Балалар:Сәлеметсіз бе,Аяз ата!

Аяз ата:Әнмен қарсы алғандарыңа рахмет!Араға жыл салып,орталарыңа тағы да келіп қалдым.Аталарыңды немен қуантасыңдар?



Тәрбиеші:Кімде жақсы тақпақ бар

Жаңа жылды мақтап қал

Аяз ата сыйлығын

Өнеріңе шақтап ал!

Енді тақпақтарға кезек берейік.

Нұржан:Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Айболсын:Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже,әке-ана

Құтты болсын жаңа жыл

Мәулен:Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Ілтипат:Снег на земле

Снег на деревьях

Снег на домике

Снег на мне!

Аман:Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Ернияз:Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жыл да келеді

Бізге қарай жылыстап

Бегайым:Тоғай да,баулар да

Ақ күміс жамылды

Дала да,таулар да

Өзіңді сағынды

Азамат:Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға ап

Би билейік бәріміз

Ақторғын:Snow on the ground

Snow on the tree

Snow on the house

Snow on me

Нұрадин:Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

«Бәйшешек» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Шыршаға бардық» әні

Аяз ата біздің балаларымыздың өзіңізге айтатын тағы да тақпақтары бар екен.Тақпақтарын айтып берсін.

Медина:Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз,ән саламыз

Бақмұхаммед:Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Алуа:Winter,winter

Let’s go skate

Winter,winter

Don’t be late

Раяна:Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Риза болсын балаша

Аппақ атамыз

Рәбия:Тамаша сый алып

Келді аяз атамыз

Шаттанып,қуанып

Шырқап ән айтамыз

Тәрбиеші:Балалар,Жаңа жылды ортаға шақырайық

Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме,Балалар!Мен Жаңа жылмын.Жаңа нұрмын.

Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе,Жаңа жыл!Төрлетіңіз!

2-Қарақшы:Аяз ата,бізге қашан сыйлық бересіз?Сыйлықтар таусылатын болды ғой.

Ақшақар:Сыйлық алғыларың келсе,өнерлеріңді көрсетіңдер.

Қарақшылар:Ендеше біз «Щаплин»биін билеп береміз.

Ақшақар:Бұл қалай болды?Менде сыйлық біреу-ақ,ал сендер екеуің де өнерлеріңді көрсеттіңдер.

2-Қарақшы:»Өле жегенше,бөле же»-дегендей,біз сыйлықты досымыз екеуіміз бөліп аламыз.

Аяз ата:Жарайсыңдар!Сендер Ақшақардың сынынан сүрінбей өттіңдер.Ниеттерің түзу болып,пейілдерің жақсы жаққа өзгеріпті.Әрқайсысыңның өздеріңе тиесілі сыйлықтарың бар.Ризамын сендерге.

Тәрбиеші:»Аяз ата»биімен ортада «Бәйшешек»тобының жігіттері

Ән: «Зырлайды шанамыз»(хор)

Ендігі кезекті ойынға берейік.Ортаға ата-аналар шығады.

Ойынның тақырыбы:«Кім жылдам?»деп аталады.

Мақсаты:Үш ата-ана шығып, мына 3алманы жеп тауысу керек.Кім бірінші алманы тауысып жесе,сол жеңімпаз атанады.

Кел жаңа жыл,игілік боп,иба боп

Жер бетіне кереметті жина көп

Ақ қауырсын қанатына қайғы емес

Түтін емес,рауан нұрын жинап өт!

Би: «Просто мальенки звезды»

Құрметті ата-аналар,апайлар,әріптестер,балалар, «Бәйшешек»тобының бүлдіршіндерінің «Кел Жаңа жыл»атты мерекелік іс-шарасы аяқталды.Тамашалағандарыңызға рахмет!Келесі кездескенше!Сау болыңыздар!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі