15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Кел, Жаңа Жыл » ертеңгілігі
«Кел, Жаңа Жыл » ертеңгілігі
Ақша қар биімен ашылады. 4 сынып оқушылары
І жүргізуші: ( Әсет )
Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: ( Жадыра)
Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
I жүргізуші:( Әсет)
Қош келдіңіздер, бастауыш сынып оқушыларының жаңа жылдық
«Кел, Жаңа Жыл » ертеңгілігіне құрметті қауым.
II-жүргізуші: Жадыра
Кешімізді бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айжан Нығметқалиқызы
Психолог: Қабдиқызы Айман.
І жүргізуші: Әсет
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Би 3-сынып «Новогодные танго» Қарсы алыңыздар
ІI жүргізуші: Жадыра
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік! Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
І жүргізуші: Әсет
Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
ІI жүргізуші: Жадыра
Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дейміз.
І жүргізуші:Әсет
Жаңа
жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын
болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге
қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп
тұрып.
2 жүргізуші: Жадыра
2 сынып Ән « Жаңа жыл » Орындайтын: Зейнолла Мағжан
Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.
( Мағжан) О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.
І жүргізуші: Әсет
Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!
ІI жүргізуші: Жадыра
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Бірге: Аяз ата! Ақша қар! Аяз ата! Ақша қар!
І жүргізуші: Әсет
Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Аяз ата: (Мәди)
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Ақша қар: (Тоғжан) Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
II-жүргізуші: Жадыра
Иә, Аяз ата біздің де той думанымыздың куәгері болыңыз, Шырша төрінен орын алыңыз.
Ендеше ортаға әншімізді шақырайық. Ән 2- сынып « Жаңа жыл »
Орындайтын : Зейнолла Мағжан Қарсы алыңыздар!
Келесі кезекте МАД тобының жаңа жылдық тақпақтары
Аяз ата: Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.( Аяз ата сыйлық тарату)
( Ескі жыл шығады) Ит жылы:( Аят)
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын доңызға берем
(Сахнаға доңыз шығады,)
Доңыз: (Данагүл)
Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ит жылы ( Аят)
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, ит , қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Аяз ата:Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Доңыз жылы : ( Данагүл )
Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
I Жүргізуші: Әсет
Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аяз ата: Мәди
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.
II жүргізуші: :Жадыра
Ән 1 сынып
4- сынып Би «Микки маус» Қарсы алыңыздар!
I-жүргізуші: Әсет
Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.
ІІ жүргізуші: Жадыра
Ендеше ортаға 2-сыныптың биін қарсы алыңыздар!Би «Адай»
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамсанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!!
. (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
І жүргізуші: Әсет Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Ән 4 сынып Орындайтындар:Әбішева Жадыра қызы Мадинамен
Би МАД тобы «Тик-так»
Ән 3 сынып «Келді міне Жаңа Жыл» Орындайтындар:Серікжанова Гүлім мен Алдажарова Аймара Қарсы алыңыздар
Келесі кезекте МАД тобының тәрбиеленушісі: Бауыржанқызы Наргиздің орындауында ән « »
Құрметті достар!
ІІ жүргізуші:Жадыра Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеле берейік.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар
1-жүргізуші: Әсет
Ендігі кезек әділқазылар алқасында

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген