Материалдар / Кел, Жаңа жыл. Балабақшадағы Ертегілік.

Кел, Жаңа жыл. Балабақшадағы Ертегілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілердің Жаңа жылдық көңіл күйін көтеру. Жаңа жыл туралы түсініктерін молайту. Жаңа жылдағы қызықты қойылымдар
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК

Тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл!»

Ұйымдастырушы: Жұбанышова Үміт

Шырша жанында ақ ұлпа қарға оранып, сиқыршы, ескі жыл, жаңа жыл отырады.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша ұжымы, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз.

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға

Ертеңгілікті бастасын,

«Балбөбек» тобы да!

«Жаңа жыл» әуенімен балалар ортаға шыршаны айнала кіреді.


Жүргізуші: Балалар неге біздің жан-жағымыз көңілсіз? Бізді көңілсіз қылып тұрған не нәрсе, мүмкін мына ақ ұлпа қарға оранған таулардың астында сиқыр бар шығар, қалай ойлайсыңдар, балалар?! Мен мына таудың біреуін түртіп көрейін, барлығымыз тыныштықпен тыңдайық.

(Жүргізуші тауды түртеді, астынан сиқыршы шығып, өз сөздерін айтады)


Жүргізуші: Рахмет сізге, сиқыршы.


Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Құрметті қонақтар, ата-аналар келесі сөзді балабақша меңгерушісіне береміз. Бүгінгі жаңа жыл мерекесіне деген жылы лебізін тыңдайық.


Жүргізуші: Рахмет, апай.

Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, биде билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады – дей келе балалардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Ертеңгілігіміз көңілді әнмен басталыпта кеткен сияқты. Ендеше бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіген ескі жылға рахметімізді айтып, «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық. Сиқыршы, сіз біздің ескі жылымызды көрмедіңіз бе?, мүмкін сіз оны сиқыр сөздеріңізбен тығып тастаған шығарсыз?!

Сиқыршы өз сөздерімен ескі жылды шақырады.

Жүргізуші:

Ал халайық, халайық!

Ескі жылдай аға бар,

Оны ортаға алайық!

Қош айтысып қалайық.

Ескі жыл:

Шырша тойы құтты болсын ағайын,

Жыр тойында би-билеп, ән салайық.

Күлкінің керуеніне бізде ілесіп,

Езу жимай бір жарысып қалайық.

Достарым мен сендермен қоштасқалы келдім.

Жүргізуші: Аяулы да құрметті ескі жыл! Сен бізден қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың. Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз.

Ескі жыл: Мен сендерге сенемін, ұмытпаймын, сау болыңдар балалар!

Балаларым қарағым,

Күнім, нұрым, жанарым,

Алға бақыт алыңдар!

Орындалып ойларың.

Құтты болсын тойларың!

Келер жаңа жылдарың құтты болсын, балалар!

(Балалар ескі жылмен қоштасады)


Жүргізуші: Енді біздің сиқыршыға, қонақтарға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Шырша жыры».

Орындайтын: Нұрай.


Жүргізуші: Рахмет, нұрай. Сиқыршы бізге жаңа жылымызды шақырып беру үшін, балалар жаңа жылға деген жаңа жылдық тақпақтарына берейік.

1-бала: Нұрай

Алақай, жаңа жыл!

Бәрі аппақ, ой мен қыр,

Шыршада біз ойнаймыз,

Жаңа жылды тойлаймыз.

2-бала: Расул

Келді міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

3-бала. Балерке

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

4-бала: Нұрқадір

Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш.

Құттықтаймыз сіздерді.


Жүргізуші: Енді, сиқыршымыздан өтініш жасап, жылан жылымызды шақырып беруін өтінейік. (Сиқыршы ортаға жыланды шақырады) Балалар, кәне жыланды шақырайық. Сендер шақырмасаңдар, жыланның келетін түрі жоқ. Алдағы күтіп отырған жылымыз Жылан жылы ғой.

Балалар: Жаңа жыл, жаңа жыл! Қош келдіңіз!


Жаңа жыл:

Сәлеметсіздер ме, балақайлар!

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық шаттанып.


Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылымыз қызықты болуы үшін, ортамызға кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар (хормен).

Жүргізуші: Ендеше, сиқыршымызға соңғы үшінші өтінішімізді айтып, аяз атамыз бен ақшақарымызды шақырып беруін өтінейік. Сіз алыс-алыс сапарлардан келесіз ғой, бізге қонаққа келе жатқан аяз атамыз бен ақшақарымызды көрмедіңіз бе? (Сиқыршы өз сөздерімен, ортадан кетіп, аяз ата мен ақшақарды ерітіп әкеледі)


Аяз ата мен Ақшақар өз тартуларын жасайды.


Жүргізуші:

Әсем әні де, биі де бар,

Отыр ата, сәл дем ал.

Біздің сіздерге арнаған жаңа жылдық тартуымызды қабыл алыңыз.

Жаңа жылда өнер сынар, қайсың бар?!

Алға шығып, өлең, тақпақ айтыңдар,

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Балалар, аяз атаның сиқырлы шанасында көп деген сыйлықтар бар екен, ендеше сол сыйлықтарды алуға тырысайық. Балалардың жаңа жылдық тақпақтарына берелік.


5-бала: Нұрай

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары,

Сағындым, Аяз атаны.

6-бала: Бегім

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Сені күттім елеңдеп,

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

7-бала: Қайсар

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда ертегі,

Келе біздің бақшаға.

8-бала: Назым

Кезектесіп балалар,

Тақпақ айтып береміз.

Сұрақ қойса Ақшақар.

Ойланып жауап береміз.


Жүргізуші: Сиқыршы сіз манадан бері біздің балақайлардың өнерін тамашалап жатсыз ғой, енді қонақтар мен балалар сіздің де өнеріңізді тамашалағысы келеді.

(Сиқыршы өз өнерін көрсетеді)


9-бала: Сымбат

Жалтылдаса Ақшақар,

Қарай берем ынтығып,

Тұрған үнсіз бақшалар

Қалды үнсіз сілкініп.

10-бала: Бибінұр

Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне, Жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

11-бала: Ислам

Құтты болсын, балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым.

12-бала: Сұңқар

Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақты біз айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ біздің атамыз.

13-бала: Эльназ

Ақ боз күнде сақалы,

Қатты өзінің қаҺары

Шал келеді ашулы,

Қарсы алайық атаны.

14-бала: Кемел

Бізді көріп мұншама,

Қарын төгіп тұрса да

Ақ сақалды атамыз.

Ілді ойыншықты шыршаға.


Жүргізуші: Құрметті аяз ата, ақшақар біздің Бибінұрдың өздеріңізге арнаған «Зырлайды шанамыз» атты әнін қабыл алыңыз.


Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалаң,

Қонақ күтіп жатқандай – дей келе, келесі кезекті ата-аналармен ойынға береміз. Қанеки ата-аналар аяз атамыздың сыйлығын алуға тырысайық. (Ойынның шарты түсіндіріледі)


Жүргізуші: Рахмет, ата-аналар.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын

Аяз ата келген күні қуанғандай,

Балалардан қуаныш арылмасын. – дей келе, бір топ балақайлармен бірге, «Ертегілер» әні мен биін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өткен

Айналайын, халайық, қарсы алыңдар!

Жаңа жылды асыға көптен күткен.

Құрметті де, қадірлі қонақтар, тағы да жаңа жыл сіздерге жаңа табысымен, молшылығымен келсін. Бүгінгі ертеңгілігіміздің қадірлі қонақтары, әрі сәні Аяз ата, Ақшақар, Жылан жылы, Сиқыршы сіздерге көп рахмет. Біз сіздерге ризамыз. Келесі жыл келгенше, балаларды ренжітпейміз және өзіңізді асыға күтеміз. Балалар біздің енде қадірлі қонақтарымызбен қоштасатында сәт келген сияқты, біздің қонақтарымыздың әлі де баратын шырша тойлары бар екен, сендер сияқты балалар бұл кісілерді асыға күтіп отырған болар, барлығымыз қоштасайық ендеше.

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Қош, сау болыңыздар!

Жүргізуші:

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Біз билейік ән салып,

Баршамызда жар салып.

Ән: «Қыс мезгілі».

Орындайтындар: Назым бен Бегім.


Жүргізуші:

Құтты болсын мерекесі болашақтың,

Өмірімізге үмітпенен жол ашатын

Сәби үні күлкісіменен шаттық болып,

Тойлансын мерекесі болашақтың.

Әлемде тек бейбітшілік өмір болсын!

Ортамыз құшақ-құшақ гүлге толсын!

Тәп-тәтті бала тілі бал болып,

Түн ұйқысы тыныштығы мол болсын!

Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз – дей келе, Расулдың папасынан балаларға деген меркелік тілегін тыңдап, батасын алайық.

(Ән орындалып, балаларға сыйлық таратылады.)


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүгін біз мәпелеп, тәрбилеген бүлдіршіндеріміздің «Кел, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігін тамашалауға келгендеріңізге көп-көп рахмет. Жаңа жыл мерекесі барлықтарыңыздың отбасыңызға тек қуаныш әкелсін. Сау болыңыздар!


































Жұбанышова Үміт

ЖИ арқылы жасау
29 Қараша 2021
483
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі