«Кел жаңа жыл, жаңа
жыл» атты жаңа жылдық
сценарий.
Балалар
«Новый год у
варот» әнімен жұптарымен билей
кіреді.
Жүргізуші : Құрметті
ата-аналар,ұстаздар,балалар,қонақтар!Сіздерді жаңа жылдарыңызбен
құттықтаймыз.Бүгінгі «Кел жаңа жыл,жаңа жыл » атты мерекесіне қош
келдіңіздер.
Бүгін сіздерге жырдан алқа
тағайын
Шат күлкіге толсын
маңайың
Көргендерде ,көрмегенде
арманда
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып
қалайын
Жанға шуақ бойға қуат
әкелген
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
Балалар қандай әдемі болып
киінгенсіңдер.Ендеше біз жаңа жылдық мерекемізді бастайық.Бүгін
бізге мерекемізге кімдер жетіспейді.
Балалар : Аяз
ата
Жүргізуші :Дұрыс
айтасыңдар.Олай болса бәріміз бірге Аяз атамен Ақшақарды ортаға
шақырайық.
Бәрі бірге : Аяз ата.Аяз ата
Ақшақар аууууу 3 рет.
(Осы сәтте музыкамен Аққала
кіреді.)
Аққала : Сәлеметсіңдерме
балалар,қонақтар!Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.Сендер Аяз атаны
күтіп отырған боларсыңдар.Аяз ата сіздерге хат беріп
жіберді.
Жүргізуші : Асығамын деп жүріп
,сыйлықтарды шашып алдым.Бұтаққа мен қабымды тесіп
алдым.Сыйлықтарды жинағанша мен сендерге Аққаладан хат беріп
жібердім.
Аққала : Балалар мен барып Аяз
атаны сыйлықтарымен іздеп келейін.Мүмкін Мыстан кемпір қастандық
жасаган болар.
Жүргізуші : Аққала бізден
өтініш Аяз атаны мерекемізге тез әкелші.Қанша қонақтарымызда күтіп
қалды.
(Аққала
кетеді)
Тақпақтар:
Ән : « Шырша жыры»(Кәне
достар тұрмайық)
Би :
«Метелица»
Жүргізуші : Балалар ендеше ортаға Аяз
атаны шақырайық.
(Тағыда балалар , ата-аналар
қосылып айқайлайды.)
Осы сәтте есік
ашылып,сыпырғышпен Мыстан кемпір кіреді.
Мыстан
кемпір: Ха-хаха (тырнақтарын
соға).Мен қайда келдім.Не болды сонша тамақтарыңды жыртылғанша
айқайлап?Сендер мені күтіп отырсыңдарма?(Қарқылдап
күледі)
Жүргізуші : Біз Аяз атаны шақырған
сияқты едік қой.
Мыстан
кемпір: Не болды?Мені де мерекеге
шақырған бірақ шыршасы жоқ мерекеге.
Жүргізуші
: Мыстан кемпір сіз біздің
шыршамыздың шырқын бұзасыз.Тезірек кетіңіз бұл
жерден.
Мыстан
кемпір : Эх, қойыңдаршы,болды
тегі(қолын сілтеп шыршаны бір айнала ұшып келеді мен кіммін деген
музыка ойналады)
Мыстан
кемпір : Сендердің көптен күткен жаңа
жыл мерекелерің өтпейтін болды.Себебеі мен жаңа жылдың аса маңызды
қонақтарын Аяз атамен Ақшақарды торға қамап кеттім.Оның кілті
менде(көрсетеді)
Жүргізуші : Мыстан кемпір,бұл не
дегенің?Сонда жаңа жыл мерекесі болмайма?Аяз ата Ақшақар
келмейма?Балалар Мыстан кемпірден қонақтарды қалай
құтқарамыз.
Мыстан кемпір шырша жанына
барып тұрады.
Жүргізуші
: Балалар сендер Аяз атамен
Ақшақардың келгенін қалайсыңдарма?
-Ендеше Мыстан кемпірді
шаршатып,ұйықтатуымыз керек.Сендер ән айтып би билегенге
дайынсыңдарма?
Тақпақ
Ән: «Жасыл шырша
жанында»
Би : «
Бубенцы»
Ойын : « Қар атысып
ойнау»
Жүргізуші : Қап, мына Мыстан
кемпірдің шаршайтын түрі жоқ қой,неткен мықты адам.Мыстанды шаршату
үшін тағы би билесек.
Би : Жалпы
би.
Ойын:
Мыстан
кемпір : Уф , белім ай ,қартайғанның
белгісі осы екен ау.
Маған тезірек орындық
беріңдерші.(Мыстан кемпір орындықта маужырап
отырады)
Мыстан
: Балалар сендер әндеріңді
айтып,билеріңді билей беріңдер..Ой рахат
ай.
Мыстан кемпір қорылдап ұйықтап
жатады.(унтаспадан қорылы естіледі)
Жүргізуші
: Түш
,түш,түш,тыныш-тыныш.Мыстан кемпір ұйықтап қалыпты.Енді тездетіп
кілтті алайын.
-Ал енді кілт біздің
қолымызда. Аққаладан да хабар жоқ, қайда жур екен.(Аққала
келеді)
Аққала
: Аяз атамен Ақшақарды
таппадым.Сендерге әлі келмедіма?
Жүргізуші : Аққала Мыстан кемпір Аяз
атамен Ақшақарды торға қамап кетіпті.Мыстан кемпірді билетіп
шаршатып кілтін алдық.Енді сен барып Аяз атамен Ақшақарды алып
кел.
Аққала
: Жарайды сендер алаң
болмаңдар.Аяз атамен Ақшақарды жіберемін.
(Осы сәтте Мыстан кемпір
оянады.)
Мыстан
кемпір : Жарайсыңдар
балалар.Өнерлерің ұнады.Мен қартайдым ба ұйықтап қалыппын.Кәне
сыйлығымды алыңдар.(Бір екі бала ортаға
шығады)
Міне ала қой деп дорбасынан
сыйлық көрсетеді.(кішкентай бала етігі,кішкене сыпырғыш,доп ,бумага
,сковоротка)
Жүргізуші
: Қойыңыз Мыстан кемпір.Бізге
ондай сыйлық керек емес.Бізге Аяз ата сыйлығы
керек.
Мыстан
кемпір : Ойбу алмасаңдар қойыңдар,мен
сендерге әдемілеп сыйлық әкеліп тұрсам.Тайыңдар мұндай сыйлықты
іздесең таппайсыңдар.Басқа мерекеге барсам балалар таласып тұрып ақ
алады.(Мойнынан кілтті іздейді)
Қап қап кілтім қайда? Сендер
менің кілтімді алып алдыңдар.Қайтарыңдар
кілтімді.
Осы сәтте сырттан Аяз ата
дауысы етіледі.Мыстан сыпырғышымен ұшып кетіп
қалады.
(Әуенмен Аяз атамен Ақшақар
кіреді)
Аяз ата
: Амансыңдарма
ұлдарым
Амансыңдарма
қыздарым
Қандай жарқын
жүздерің
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
Жаңа жылдарыңмен қонақтар
,балалар, ата-аналар.Сонау шалғай жерлерден Ақашақар қызымыз әрең
жеттік.
Ақшақар
: Сәлеметсіңдерме балалар
мерекелерің құтты болсын.
Жүргізуші : Қош келдіңіздер Аяз ата
Ақшақар
Аяз
ата : Ау балаларым шыршаларың әлі
жанбағанба?
Қәне бәріміз : Қуант бізді
таңырқат
Шам дарыңды
жарқырат.
Балалар хормен үш рет
айтады.Шарша жанады.
Ақшақар : Ата сіз рұқсат етсеңіз
қонақтармен бір ойын ойнасам
Ойын : « Ата
аналармен»
Ән : «Аппақ
аппақ»
Би : «Это новый
год»
Балаларға Аяз ата сыйлық
таратады.
Құттықтау сөз балабақша
меңгерушісіне беріледі.
Аяз
ата : Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын.Жаңа жылда алдағы көңіл өсіп кеңейсін.Келесі жылда
кездескенше сау болыңыздар.(Қоштасып
кетеді)
Жүргізуші
: Келген жаңа жыл бәріңізге
құтты болсын. Отбастарыңызға құт-береке бақыт әкелсін.Келесі
кездескенше.....
Соңы......
«Балдырған»
балабақшасы
Келісілді______ Бекітемін______
Әдіскер: Дементьева
Н.А Меңгеруші: Салиева
Қ.С
«Кел жаңа жыл, жаңа
жыл»
(ертеңгілік
сценарий)
Ересектер «Бота»
тобы
Тәрбиеші:
Оңғарбаева.Г.А
2018-2019
жыл