Материалдар / Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2024
199
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2024жыл)

Музыка: Сахнаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2024 ұлу жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл қуаныш әкелсін.

Жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шықсын. Ол өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі, жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз Ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келу керек. Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, Аяз ата мен Ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (4 оқушыны шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар!

Жүргізуші: Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

Ән:

Би:

Жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болу үшін ойын ойнайық.

КОНКУРС -1 «ИӘ-ЖОҚ» ойыны

Жүргізуші: Қатысқан оқушыларға мың алғыс, рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің бағанағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)

(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)

Жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?

Жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық. Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар. Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Ұлу жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.

Ақшақар: Біз сіздермен жаңа жылды қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Сіздер бізге өнер көрсетіп бересіңдер ме?

Ән:

Би:

Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен оқушыға конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.

КОНКУРС-2. «Шар және құты»

Жүргізуші: О, халайық, жараңдар.

Қилы - қилы заман бар.

Қоян жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Қоян жылын шығарып салайық.

Қоян: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2024 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!

Келесі жыл бастауын Ұлуға беремін.

Ұлу: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

Барлығы: Қош бол, Қоян жылы, Қош бол!

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.

Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

- Ал енді Ақшақар, біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.

Ән:

Би:

Жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз.

КОНКУРС-3«Аяз Ата қолғабы». Аяз ата қолғабын оқушыларға береді. Оқушылар бір біріне беріп отырады. Музыка тоқтағанда қолғап кімнің қолында қалса, сол бала өнерін көрсетеді.



Рахмет балалар, сендерге.



Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Би:

Аяз Ата:

- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны. Өнерлеріңе рахмет!

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады )

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді.
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!