«Жастык» жеке меншік мекемесі «Солнышко» бөбекжай
бала-бақшасы
Частное учреждение «Жастык» ясли-сад
«Солнышко»
«Кел, жаңа жыл, жаңа
жыл!»
мерекесі
«Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!»
мерекесі
Мақсаты: Сүйікті ертегі кейіпкерлерімен
қарым-қатынастан жағымды көңіл-күй, жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй
қалыптастыру.
1
бастаушы.
Аппақ бүгін қыр,далам,
Ақ
дастархан жапқандай .
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр
көңілде қуаныш.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
2бастаушы:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы ,арманның
Жақсы дәстүр кеңейсін.
Оқ
атпасын ешкім де,
Өмір деген тым ыстық!
Жұмыр жердің үстінде ,
Бұзылмасын тыныштық!
Балдырған:
Ау
бақытты ұландар,
Айлы көкке қараңдар.
Мініп аппақ кемені,
Жыл
ғарыштап келеді.
Безендіріп шыршаны,
Жыл
қуантты баршаны,
Ән
мен билер басталсын,
Мерекелік тойды енді
Мен-Балдырған –
басқарсын!
Ән:
«Көрікті шыршамыз»
(Бүлдірген балаларды күлдіріп ,әркімге соқтығысып
жүреді)
Бүлдірген:
Маған бүгін бәрі
көңілсіз!
Сендер бәріңіз неге мәз боласыңдар осы?! Мен
бүгін тіпті бір түрлі болып тұрмын.Жамандық істеп, бірдеңені
бүлдіргім келіп тұр.
1
бастаушы:
-Жоқ бүлдірген сен олай балалардың мерекесін
бұзба. Бұл мерекені балалар неше ай бойы күтті
десеңші?!
-Балалар неше ай күттік?
-Он
екі ай!
-Олай болса жақсы ән шырқайық ,сен де тыңда
,Бүлдірген!
Ән:
«Бала тілегі»
Бүлдірген.
-Қойыңдаршы осы ән дегенді! Маған ештеңе ұнап
тұрған жоқ!
-Қой мен бірдеме бүлдірейін. Қане кімді ұрып
жіберейін?!
2бастаушы.
-Балалар ,біздің тойымызға бір нәрсе жетіспейтін
сияқты?
Бүлдірген.
-Таптым , мен таптым.Менің іс- әрекетім
жетіспейді!
Балдырған:
-Қой ,Бүлдірген тойдың шырқын
бұзба!
1бастаушы:
-Балалар , таптым! Біздің мерекемізге Аяз ата мен
Ақшақар жетіспей тұрған жоқ па? Олар біздің мектебімізді таба алмай
жүрген шығар. Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды
естіп,бізді тауып алар.
Бәрі:
Аяз
ата,Ақшақар
Келіңіздер біздің ортамызға!( 3
рет)
Аяз
ата:
-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар
халайық!
Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан-
тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз
әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген
жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір
жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты
болсын!
Ақшақар:
Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып
,
Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем
иіліп.
Келе жатқан Қоян жылы ,
Береке , бірлік әкелсін
сендерге!
Аяз
ата:
-Ал
балаларым, мен енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Мына
менің қасымдағы аса таяғым құр таяқ емес, сиқырлы таяқ. Бұл аса
таяққа
тисеңдер қатып
қаласыңдар.
Ойын :«Ескертіш»
(Балалардың тақпақтары)
Аяз
ата:
Ау
бүлдіршін қыздарым,
Жас
жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
-Қане, бастаңдар әндерің мен
билеріңді!
Ән
«Аяз ата»
Аяз
ата:
-Қане кәрі сүйектерімді шытырлатып сендермен би
билейін, жіберіңдер музыканы!
Аяз
ата мен балалардың көңілді биі.
(Би
биленіп жатқан кезде Ақшақардың балаларға алып келген қорабын
Мыстан кемпір ұрлап кетеді)
Ақшақар:Ата,Ата менің мына жерде тұрған қорабым
жоқ.
-Балалар, менің қорапшамды көрдіңдер
ме?
-Кім алды екен?
-Мүмкін Мыстан болар!
Мыстан :-Ә-ә , енді мені естеріңізге алдыңдар
ма,
Бермеймін, қорапшаны !Бермеймін деген соң
,бермеймін.Маған не істей аласыңдар!
1бастаушы:
-Қорапшада не бар еді Ақшақар? Аяз атаның
сыйлықтары мына дорбада
емес пе?
Мыстан: Ә-ә мына қорапшада ең асыл заттар,
сендерге қымбат дүниелер бар.
-
Біріншіден -3 «А» сыныбының «4» пен «5» бағалары бар. Енді олар
тек
2
мен 3- ке оқитын болады.(Әрі – бері теңселіп
жүреді)
-Ал
екіншіден бұл қорапта 4 «А» сынып қыздарының достығы бар .Мен енді
ол достықты өлсем де бермеймін.Енді олар күнде бір – бірімен ұрысып
, бір- біріне қатты сөз айтып, бір-бірін күнде жылататын
болады.
-
Ал, -а-ал , ү-шін-ші-ден : 1 сыныптың Тоғжан апайын ұрлап
кеттім.
Ал
енді қайтесіңдер , апайларың жоқ, енді қалай оқыр екенсіңдер!
Ха-ха-ха
2
бастаушы:
Әжетай, сіз қайда да балалардың шырқын бұзасыңыз
да жүресіз.Ертегілерде де үнемі адам баласына қастандық жасап
келесіз.Жаңа жыл келе жатыр, балалардың көңіл күйін бұзбай – ақ
қойыңызшы.
Мыстан: Оған өздерің кінәлісіңдер, үнемі мені
шеттетесіңдер де жүресіңдер.Мен де сендермен болғым келеді.Мені
неге жұртпен бірге тойға шақырмайсыңдар?
1
бастаушы.
Әжетай ,шақырарын, шақырар едік-ау,
бірақ.....
Сіз
үнемі кір- кір , шашыңыз қопырап жүреді. Тіпті балалар тұрмақ,
үлкендер де сіздің түріңізден шошып
кетеді.
Мыстан :Ой, ол да сөз болып па, менің де әдемі
көйлегім бар.
Музыка ойналады (Би биленіп жатқан кезде мыстан
кемпір киініп келеді)
Мыстан би біткен соң Аяз ата мен Мыстан тобына
бөліп «Қар лақтыру»
ойынын ойнатады.
Жеңілгендер өнер
көрсетеді.
Аяз
ата: Балаларым, ойын ойнап, ән салып жүргенде жаңа 2011 жылдың да
келіп қалғанын сезбей қалыппыз-ау.
1
бастаушы:
Жаңа жыл келді міне
жерімізге
Әкелсін құт- береке
елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы
болып,
Қиындықты жолатпасын
бәрімізге!
2
бастаушы:
Төрлет, қане Жаңа Жыл,
Үлестір құт, береке.
Көп
қуаныш ала жүр,
Көп
болсыншы мереке!
Жаңа жыл:
Халқым менің!
Жаңа жылмын мен,
Елді шарлап, самғайын,
Бір
күн қызық бір күннен,
Бола берсін әрдайым,
Жаңа жылдың бастауын,
Сендерменен тойлайын,
Аман болсын халқымыз!
Арта берсін даңқымыз,
Дами берсін үздіксіз,
Жақсы дәстүр-салтымыз!
Аяз
ата:
Ау
халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те
келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси
берсін, алған бағаларың тек
«4»
пен «5» болсын!
Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер
бар.Енді соларға жол бастайын.
Ақшақар:
Күтіп отыр балалар,
Тағат таппай сағынып.
Оқалы шам бағандар,
Зерделі моншақ тағынып.
Жаңа жылым , жас ұлан,
Тұсауыңды кесейін!
(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып
кетеді)
Ән:
«Кел , жаңа жыл ,жаңа жыл»
1
бастаушы:
Көңілде көп қуаныш,
Әр
көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
2
бастаушы:
Ескі жылға ризамыз,
Өсе
түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз!
Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық
шаттықты,
Біз
тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би
. « Құтты болсын , Жаңа жылым»