400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кел жаңа жыл, жаңа жыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жылдық ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышы: Құрметті ата-аналар ,қонақтар . Бүгінгі жаңа-жыл кеші баршаңызға құтты болсын. Жаңа жыл жаңа бақыт, шаттық әкелсін. Көбелектер тобының «Кел жаңажыл, жаңа жыр» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер. Ортаға көбелектер тобының балаларын шақырамыз.Жаңа-жылдық кешіміздің ақ тілегін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгеруші Балғаным апайға жолдаймыз.

(Әдемі музыкамен балалар ішке кіреді) Әдемі әуенмен ортаға Ақшақар қап арқалап шығады. Жан- жағына таңырқай қарайды.

Ақшақар: атамның айтқан жері, осы жер болды ғой(арқасындағы қабын жерге қойып, көрермендерге қарай бұрылады)

Ақшақар. Сәламатсыздарма қонақтар,балалар мен аяз атаның немересі Ақшақар боламын. Біз атай екеуміз балабақшаларды аралап ондағы өнерлі балаларға сыйлықтарымызды таратып жүрген болатынбыз(осы кезде тығыла басып қарақшы шығып білдірмей қапты ұрлап кетеді.)Ақшақар. Бүгін атама тосын сый жасағым келіп, ертерек шығып балалармен бірге атамды қарсы алсам деп едім,әрі атаның біраз сыйлықтарын ала кетіп, атама көмектесейін дедім деп(аяқ астынан аң-таң болып қалады)Сыйлықтарымды жаңа осы жерге қойып едім ғой.(әрлі –берлі жүгіріп) енді қайтем балалардан да ұят болды-ау.(жыламсырай бастайды)Осы кезде қоян секеңдей жүгіріп келе жатады .Қоян ақшақарды көріп тұрып қалады.

Қоян Ау Ақшақар саған не болды?Неге жылап тұрсың?

Ақшақар .Мен атайдың сыйлық толы қабын ұрлатып алдым(жыламсырап)

Қоян (таңырқап)жаңа ғана алдымнан арқасында қабы бар бір қарақшы жүгіре шыққан болатын.Бәсе-бәсе сол қарақшының жүрісі маған ұнамап еді.Бұл не болсада соның ісі қап.

Ақшақар Онда тезірек артынан барып сыйлығымызды тартып алайық.Бірақ оған екеуміздің күшіміз жетерме екен.

Қоян Мұңайма ақшақар көмекке ормандағы достарымызды шақырамыз.Достық бар жерде, бірлік бар жерде бәрінде жеңеміз.

Shape1

Бастаушы.Балалар біздің бүгінгі жаңа-жылдағы басты қонағымыз кім еді.

Балалар .Аяз-ата.

Бастаушы.Олай болса бір дыбыс шығады.Аяз-атамыз келіп қалған сияқты.Қане бәріміз аяз-ата деп айқайлайық.

Балалар.Аяз-ата –депайқайлайды.(Аяз-ата келеді.Әдемі әуенмен)

Бастаушы.Қош келдіңіз аяз-ата төрлетіңіз.

Аяз-ата.Аманбысыңдар балаларым қонақтар .Жаңа-жылдарың құтты болсын.Жаңа-жыл мерекесін сендермен бірге тойлауға келдім.Жаңа-жылға арнаған тақпақтарыңды,өлеңдеріңді ,билеріңді көріп тамашалағым келіп отыр.Жолда қар көп шаршап келдім сендердің өнерлеріңді көрсем шаршағаным басылар. Қане өнерлеріңді көрсетіңдер

Аяз-ата. Тақпақ айтасыңдарма?

Балалар.Иә.

Аяз ата Өлең айтасыңдарма?Иә.

Аяз ата.Билейсіңдерме?Иә.

Аяз ата.Олай болса өнерлеріңді көрсетіңдер.(Осы кезде ақшақар мен қоян ортаға қарақшыны байлап алып шығады)

Ақшақар.Міне қарақшыныда ұстап ,балалардың сыйлығын ала келдік.Енді жаңа-жыл кешімізді әрі қарай жалғастырайық.

Қарақшы.Ал мен ше.

Қоян.Сені сарайға қамап тастау керек.

Қарақшы.Кешіріңіздерші мені менде сендермен жаңа –жыл кешін тойлағым келеді.Бір мүмкіндік беріңіздерші .

Қоян. Жо-жоқ.

Ақшақар.Қоян досым жаңа жылда бір –бірімізге кешірімді болумыз керек.Ол өз қатесін түсініп кешірім сұрады ғой.Сондықтан қарақшыны кешірейік.Бәріміз дос болайық.

Қоян.Жарайды ақшақар деп қарақшыны шешіп босатады

Бастаушы.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар.Қыс мезгілі.

Бастаушы.Олай болса қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарыңды айта қойыңдар.

Мейрамбек. Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.

Дария. Ауыл маңы аппақ қар.

Қызықтар көп не түрлі

Ақ дәптерді парақтап.

Қыс отырған секілді.

Бағдаулет.Жапалақтап аппақ қар.

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Елигер.Қуаныштың бүгінгі .

Басылмайды ыстығы.

Жылдамырақ жүруді.

Үйретеді қыс күні.

Нұрәлі.Қыс мезгілі әдемі.

Біз сырғанап ойнаймыз.

Достарменен көңілді .

Ойынға бір тоймаймыз.

Аманжан.Домалатып ақ қарды.

Жасаймыз біз аққала.

Аққаламыз ұқсайды.

Домаланған мақтаға.

Санжар.М. Шымшысада сары аяз.

Үйге ерте қайтпаймын.

Етігім су болсада.

Анама мен айтпаймын.

Бастаушы.Енді кішкентай қыздарымыздың.«Ұлпақарлар» биін тамашалаңыздар.

Бастаушы.Енді балалар ақшақарды ортаға алып «Қаршақыз» өлеңін айтайық. Бастаушы.Балаларымыздың бүгінгі әсем шыршаға арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ақмарал.Жасыл шырша жамылған.

Асыл моншақ тағынған.

Келді сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған.

Алмас.Тамаша,тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қараса.

Азамат.Н.Жасыл шырша жанында.

Көңілдіміз бәріміз.

Тақпақ айтып ән айтуға

Әрқашанда дайынбыз.

Рауан.Ақ қар жапты даланы .

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын .

Шырша келді ортаға.

Ақжол.Қараңдар мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанда.

Көтерейік көңілді.

Рақымберген.Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі.

Жасыл шырша жанында

Барлық достар жиналды.

Кәусар.Т Қала нұр,дала нұр

Құтты болсын жаңа жыл.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Ұлжан.Тұла бойым қуаныш.

Бұл күнді көп күткендей.

Қоршап алды балалар

Шыршадан үй тіккендей.

Хор. Шыршаға арнаймыз.

Бастаушы.Балалар қараңдаршы шырша шамы неге жанбай тұр.Қане бәріміз шырша шамы жарқыра деп айқайлайық

Балалар.Шырша шамы жарқыра

Бастаушы.Енді бәріміз қосылып .«Шырша жыры» әнін орындайық.

Бастауыш.Ал балалар, балалар.

Ескі жылды шақырып.

Оны ортаға алайық.

Қош айтысып қалайық.(ортаға ескі жыл шығады.)

Ақсезім.Өткен жылға ырзамыз

Өсе түсті бойымыз

Қандық талай сырға біз

Шарықтады ойымыз.(Қош сау болыңдар балалар ескі жыл кетіп қалады)

Аяз ата.Балалар биылғы келетін жаңа жыл қай жыл еді?

Балалар.Қой жылы

Аяз ата.Қой жылыныңда келетін уақыты жақындап қалған сияқтыБәріміз қане жаңа жылды қарсы алайық(қойдың дыбысы шығады)

Бастаушы.Қош келдіңіз жаңа жыл.

Жаңа жыл.(Азамат)

Мен жаңа жыл қоймын

Жаңа келіп табыстым.

Еңбек еткен жандарға

Көл-көсірмін табыспын.

Жақсылыққа бөлеймін

Тыныштықты тілеймін.

Береке мен ырысты.

Жыл боламын табысты.

Бастаушы.Рахмет қой жылы сізге арнаған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз.

Ақсамал. Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймын сіздерді.

Назкен. Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Айару.Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Олжас.Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Таңшолпан.Келді міне жаңа жыл аппақ болып

Ән салып жұмбақ болып тақпақ болып

Ауылымыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып мұз болып қатқақ болып.

«Қояндар мен сәбіздер» биін тамашалаңыздар.

Бастаушы.Аяз ата біздің балалардың бүгінгі өзіңізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Аяз ата.Жарайды айта қойыңдар.

Нұралы.Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттіңбе бізге таң ата.

Азамат.Қ.Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Мансур. Бізбен бірге ойнайды.

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты.

Болса екен деп ойлайды.

Алихан.Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.

Ернұр.Қайда қызық думан болса

Аяз ата сонда болды

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге жүрді.

Санжар.Ғ.Келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Әли.Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдіңбе аман алыстан

Сәлем аяз атамыз.

Бастаушы.Енді «кішкентай аяз аталар» биін қабыл алыңыздар.


Бастаушы.Енді балалар бәріміз қояндар мен сәбіздерді ортаға алып (Қояндар мен Қу түлкі) әнін айтайық.

Аяз ата.Балалар менің кетер уақытым таяп қалды.Әлі де басқа балабақшаларға баруым керек.Сендерге көп рахмет көңілім көтеріліп қалды.Сендерге алып келген сыйлығымды таратайын.Сау болыңдар амандықпен кездескенше.

Бастаушы. Жаңа жыл құтты болсын балбөбектер

Ақ мамыққа оранды тал теректер

Жерде аппақ, аспанда аппақ, бәріде аппақ

Шын пейілмен төгілсін ақ тілектер.

Келеді айлар, келеді жылдар ауысып

Береке бірлік, бейбітшілік төрінде

Тұрайық әр кез татулықпен қауышып. Осымен бүгінгі көбелектер тобының жаңа жылдық кеші аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі