Материалдар / "Кел, Жаңа жыл!" кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кел, Жаңа жыл!" кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл кешін ұйымдастыру өлең айту би билеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2018
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кел, Жаңа жыл!


1 Қызықтаңдар, сайраңдандар,

Келді, міне сағындырып далама

Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

2 Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр

Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр

Адамзаттың армандары асқақтап,

Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

3 Кәне, кәне келіңіздер

Бір би салып беріңіздер

Маскарадым басталды

Би билеңдер, ән салып.

Ән «Жаңа жыл»

Жүргізуші:Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Барлығы: Қандай жақсы шыршамыз! (шырша жанбайды)

Барлығы: 1, 2, 3,! Шыршамыз жана түс! (шыршаның шамдары жанады, бәрі шапалақтайды)

Жүргізуші: жаңа жылың құтты болсын

Мейірімді ата-анам

Шалқып шығып келе жатыр

Жаңа бір күн жотадан!

Шыршаның жанында бүгін

Ғажайыптар болып жатыр

Тыңдаңыздар балалар:

Біреу ән салып жатыр!

(залға Қаламас кіріп, әндетеді)

Қаламас:

Мен-Қаламаспын, мен-Қаламаспын,

Ештеңені де қаламаспын

Мені шақырудың қажеті жоқ

Себебі мен еш жеоден қалмаспын!

Мен сиқырлаймын, мен бәрін бұзамын

Мейрам мүлдем болмайды

Ал кім қалайды, кім екен

Аяз атасыз Жаңа жылды!

Ой, мыналарға қараңдаршы, отырып алып, тойлап жатыр! Аяз атаны күтіп тұрсыздар ма? Ой, күлкім келіп барады! Ал, күтіндер, күтіндер!

Жүргізуші: Кешіріңіз, ал сіз кімсіз?

Қаламас:Түсінбейтіндерге қайталаймын, мен-ұлы да қасиетті сиқыршы Қаламаспын! Менің ойнағым, ән салғым және билегім келмейді! Мен Аяз атаны мүлдем сиқырлап тастадым! Маған ешқандай мереке, хоровод та керек емес!

Жүргізуші: Иә, мұндайды қайдан көрдіңіздер, Аяз атаның өзін біреу сиқырлап тастапты? Сіз сиқыршыға да ұқсамайсыз!

Қаламас: Ұқсамайды?! Мен бе!.. Мен!.. Тілектеріңізді тілеңіздер!

Жүргізуші: Қазір осы жерде көңілді музыканттардың жиналғанын қалаймын!

Қаламас: Ешқандай қиындық жоқ?(алақанын уқалап қолын созып, шалбарын тартады)

Чорики-морики, Шыршам айнал! Көңілді музыкаттар осы жерге келе қал!

Жаңа жылдық оркестр-«Маленькой елочке»

Қаламас: Ой, орман ергежейлілері, қандай қызық. Қалпақтары қоңыраулы, қолдарында шамы бар. (ергежейлі киімін киіп балалар шығады) өлең шумақтарын оқиды:

Лашықта гномиктер тұрады, екі мың жыл бойы,

Барлық жерді сәулелендіреміз.

Біз- ергежейлілерміз,

Біз үнемі көңілдіміз.

Біз ешқайда және ешқашан жабырқамаймыз!

Біз жаңа жылды қуанышпен қарсы аламыз!

Біз- ергежейлілерміз,

Біз үнемі көңілдіміз адамдармыз!

Жүргізуші: Бәрібір сенбеймін, сен Аяз атаның өзің сиқырладын.

Қаламас: Сенбесендер қойындар! Өздерінің Аяздарынды күтіндер ал мен сендердің мейрамдарында қала алмаймын. (мұрнын шүйіріп кетіп қалады)

«Ямайка» би музыкасы ойнайды, шолақ шалбар, футболка киіп, көзілдірік тағып алған басына жасанды шаш сақал киіп алған аяз ата кіреді. Банан жеп қолында қобдишасы бар, оның артынан жағажай креслосы мен ұшаққа алған билеті бар Қаламас кіреді.

Жүргізуші: Сәлем Аяз ата! Ал сенің сиқырлы таяқшанмен ішіне толған сыйлықтарың салынған қабың қайда? Ал пимасыз сенің аяғвн тонбай ма? Біз сені көп күттік, Жаңа жылда келіп қалды емес пе...

Аяз ата: Жаңа жыл туралы ештеңе білмеймін! Ешқандай сыйлық та, мереке де керек емес. Маған тәтем Африкаға билет сыйлады. Ақыры адам секілді демалатын болдым. (креслоға отырып көзін жұмып қиалдайды). Ах, Африка! Бұл қандай керемет: күн, теніз, жемістер, қызықты аборигендер... Сіздер олардың қалай билейтінін білмейсіздер. Барлық туристер осындай биді үйреніп алды...

«Жабайылар биі» ұлдар

Жүргізуші: Не істесек екен, қалайша? Зұлымдықты қалай жеңеміз? Балалар, Аяз атаның жадысын қалпына келтірейік! Аяз ата, тез есіңді жи! ( Аяз атаны сілкілейді)

Аяз ата: Маған ешқандай қар мен шырша керек емес! (сағатына қарайды) Мен африкаға кешігемін, ұшағым екі сағаттан кейін ұшады, ал менің күн сәулесінен қорғайтын жақпа май сатып алуым керек.(жүгіріп кетеді)

Қаламас: Ал енді, менің нағыз сиқыршы екендігіме көздерің жетті ме! Ал менің сиқырым күшін жоюы үшін, мен бірнеше рет «Қалаймын» деп айтуым керек. Бірақ мен олай демеймін!

Жүргізуші: Ал біз сені мәжбүрлемейміз, егер бізбен билегің келсе –өзің тұрасың.

Қаламас: Қаламаймын!

Жүргізуші: Қажеті де жоқ! Сенсіз көңіл көтереміз!

Би-жалпы

Қаламас: Эй, эй, Тоқтаңдар! Сендер қалай билейсіңдер? Менің үйренгім келеді! (тәрелкелер дыбысы шығады)

Жүргізуші: Ага! Міне , сен бірінші рет қалаймын дедің.

Қаламас: Мен байқамай қалдым? Енді мені алдай алмайсындар.

Жүргізуші: Қажеті де жоқ, жай біздің балаларымыз қармен ойнағанды ұнатады, егер қаласаң көре ғой...

Қаламас: Қаламаймын!

Ойын «Пима»

Жүргізуші: балаларға ренжімеші бұл жай ғана ойын ғой. Қаласаң, біз сені қазір таң қалдырамыз? Біздің балалар ағылшын тілінде Жаңа жыл туралы тақпақтар айтады.

Қаламас: Мені таң қалдырудың қажеті жоқ, менің ештене де тыңдағым келмейді! (құлағын жауып алады) балалар тақпақ айтып жатқан да, құлағын ашады.

Міне, қандай ғажап! Мен де осылай айтқанды қалаймын! (тәрелкелер дауысы шығады)

Жүргізуші: Міне, сен екінші рет Қалаймын дедің! Ал үйрету түк те қиын емес.(орыс тіліндегі қысқаша өлеңдерді оқиды, Қаламас соңғы сөзін ағылшынша айтады.)

Қаласан, біз саған тәтті тағамдар береміз?

Қаламас: ҚА-ЛА-МАЙ-МЫН!

Кәмпиттер биі

Қаламас: Тоқтандар, мен ойланып қалдым, тәтті жегім келіп тұр.

Жүргізуші: Міне, сен үшінші рет қалаймын дедің! Яғни, сенің сиқырыңның күші жойылды. Барлығы алақанды шапалақтайды. Ал олай болса қазір Аяз ата келуі тиіс. Балалар, енді оның келуін тездетейік: оны тату және көңілді түрде шақырайық. Барлығы Аяз атаны шақырады.

Аяз ата кіреді қолына билет ұстап, арқасына қап арқалап алған.

Аяз Ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар! Сіздерді Жаңа жылдарынызбен құттықтаймын! Мен қалай Африкаға баратын ұшаққа кіргенімді білмеймін? Ол жақта күн ыстық қой, мен еріп кетер едім.

Жүргізуші:Аяз ата! Бұл сені қаламас сиқырлап тастады.

Аяз ата: Қане, бері келші сұлуым! Африкаға менің орныма сен бара ғой! Крибле-крабле –бумс! Таяқпен тоқылдатады. (қаламас түстік және дыбыстық эффектілермен фонында айналады да, қаппен бірге залдан ғайып болады)

Шеңберге бізді музыка шақырады, хороводқа тұрындар. Әнмен, бимен және көңілді сендермен Жаңа жылды бірге қарсы аламыз біз!

Мен Аяз атамен хороводы-ойын орындалады

Аяз ата: Сендерге жасырамын балалар, өте қиын жұмбақты: Құлағымды, мұрнымды шымшиды, кім осылай әзілдейді?

Балалар: Аяз ата!

Қатырамын ойыны содан кейін жүргізуші аяз атадан биялайын тексеруін сұрайды.

Аяз ата: Ах, сендер, бұзықтар менің биялайымды қайтарыңдар!

Аяз атаның биялайыойын балар бір біріне береді шеңберге тұрып.

Ох, қандай ыстық қазыр еримін!

Жұргізуші: Ұлпа қарлар бері ұшындар, қарлы боранмен ұшындар, көңілді би билендер, аяз аталарын суынуы керек.

Ұлпа қарлар биі

Аяз ата: маған сендердің мерекелерің қатты ұнады. Балалар, мені құтқарғандарыңа көп рахмет. Сендерге алғысымды қалай білдіремін? Сендерге сыйлық берсем қайтеді? Бәріңді таң қылдырып, қолдарына сыйлық табыстағым келеді! Менің қабым қайда қалды екен?

Жүргізуші: қызыл ма? Ұлпа қарларымен бе?

Аяз ата: иә, иә. Барлықтарының сыйлықтарын сонын ішінде.

Жүргізуші : ал оны қаламас өзімен бірге африкаға алып кетті ғой...

Музыка ойнайды қапты өзімен бірге сүйреп келе жатқан қаламас шығады, терлеп кеткен.

Қаламас: Уф, менің африкаға барғым келмейді! Ол жақ ыстық! Аяз ата мені ол жаққа енді жібермеші, мен саған іші сыйлыққа толы қапты да алып келдім! Мен енді бәрін қалаймын! Қапты ашады, іші толған банан. Ой! Мен тағы бәрін құрттым! Ішіне сыйлық салынған Жаңа жылдық қап Африкада қалып қалыпты. Мен тағы бәрін құрттым! Қазір әуежайға хабарласамын! Алло, әуежай? Маған Африкадағы қапты дереу әкеліп беріңіздерші. Қызыл қардың суреті бар! Ой, яғни іші сыйлыққа толы! Қайда алып келуі керек? Балалар өздеріңіздің мекен жайын айтып беріңдерші?

Блалар: № 3 Балбөбек балалбақшасы Өскемен қаласы.

Қаламас: Болды! Сыйлықтар жақында келеді!

Қаламас кетіп қалады.

Ішіне толған сыйлықтар салынған шабадан тиелген дөңгелекті тауық кіреді.

Тауық: Биылғы жыл менің жылым, достарым,

Барлығында құттықтаймын!

Тауық жылы барлығына

Тек қуаныш сыйласын!

Достарым, сендерді құттықтаймын,

Барлығына сыйлық табыстаймын!

Аяз ата тауыққа алғысын білдіреді, олар іші сыйлыққа толған шабаданды ашады.

Аяз ата: Міне, нағыз, сыйлықтар!

Жаңа жылмен құттықтаймын!

Барлығына сыйлық табыстаймын»

Көңілді музыка ойнайды. Аяз ата сыйлықтарды табыстайды.








































«Бекітемін»___________

Өскемен қаласы әкімдігінің

№3 «Балбөбек» балабақша –

бөбекжайы

КМҚК директоры

Гальцер Н.М.
















Аяз атаның қызықты оқиғалары

(Ересек тобы)







Музыка жетекшісі : Хайруллина Д.М.

















Өскемен қаласы,2016 – 2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!