Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Мектеп директоры:Л.Н.Нургожаева
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл ұғымын беріп,жаңа жылды достықпен,татулықпен,бірлікпен өткізуге баулу.Жаңа жылда бойындағыбар өнерлерін ортаға салып үйрету.Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
(Зал мерекеге сай
безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші
шығады.)
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты
ұстаздар!
2-
жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты
шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз
көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз
деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ит
жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық бименен көңіл сырын.
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке
сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат
етіңіздер!
/Ортаға
9-сынп оқушысы Ораз
Еңіліктің орындауында «Жаңа жыл»
әні
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ
айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау
сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана
ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті
басшысы Нургожаева Лаззат
Нурмуханқызына береміз.
2-
жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,
алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр
деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Ендеше,шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды
Бәрі бірге шақырады.Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді,екеуі де Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.
Жезтырнақ:Сәлеметпе балалар.Шақырдыңдар,міне келіп қалдық.Жаңа жылдарың құтты болсын.Өздерің немене киіп алғансыңдар?Біреуі көбелек,біреуі клоуын,…..
Мыстан кемпір:Сәлем бердім,сәлем бердім балақайлар!
Аппақ,аппақ,қар аппақ,
Қар жамылған кім аппақ?
Кырау,қырау сен аппақ,
Бәрі аппақ,бәрі аппақ.
-Осылай ма,еді өзі,әй,шал?
Жезтырнақ:Өй,осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.
-Тамаша,қандай керемет!
1-жүргізуші:Ал,біздің балалар тақпақ,өлең,би-бәрін де біледі!
Мыстан кемпір:Е,немене,бізді билей алмайды дегің келіп тұрма,билегенде қалай?
Бидің неше түрін білеміз,қане,диджей музыку!
Мыстан кемпір мен жезтырнақ би билейді.
( Өзбек биі)
Тазша бала:(жүгіріп келеді)Тезірек,тезірек,бәрің бері қараңдар.Мен сендерге хабар әкелдім.
Қар ханшайымы:Қандай хабар?Не болды?
Тазша бала:Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап,күте тұрсын қазір тез арада жетеміз деді.
Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.
Жезтырнақ:Мен,мен шын Аяз атамын.Қараңдар,міне сыйлыққа толы дорбам да бар.Сиқырлы таяғым да бар.Енді не керек?
Мыстан кемпір:Ал,мен ең,ең әдемі Ақшақармын.Қараңдаршы,көйлегім қандай әдемі!Мұндай көйлек ешкімде де жоқ.
2-жүргізуші:Балалар,сендер сенесіңдер ме оларға?
Балалар:Жоқ,жоқ сенбейміз.
1-жүргізуші:Балалар,мен де бұларға сенбеймін.Мен манадан бері осылардан күдіктеніп тұрғанмын.Ал,сендер,балалар,күдіктенген жоқсыңдар ма?
Балалар:Иә,күдіктендік,иә.
Жезтырнақ пен Мыстан кемпір төбелесе кетеді.
Жезтырнақ:Сен,бәріне кінәлі,сен.Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің.Түріңді қарашы,бетің де жумапсың.
Мыстан кемпір:Өзіңе қара,Аяз атамын,Аяз атамын деп,барлық балаларды шошыттың.Дорбам бар деп қояды,дорбаңда сонда не бар екен,ә?
2- жүргізуші:Достар,бүгін мереке ғой.Жаңа жылда кешірімді болайық.Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп ,мерекемізге қонақ қылайық.Келісесіңдер ме?Ендеше бәріміз Аяз атамыз бен Ақшақарымызды дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата,Ақшақар.
Аяз
ата:Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен
ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум,
Ата!
Аяз
ата:Уағалейкумассалаум,
балам!
2-жүргізуші:Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.?
Аяз ата:Ассалаумағалейкум жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел
Тәңірдің тынысымен бірлескен ел
Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,
Сұлу айдай қиылып.
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе балалар,
Амансыз ба қонақтар.
Бүгін міне ортаға,
Келіп қалды жаңа жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп,кеңейсін.
Ортақ ойы,арманы,
Жақсы достар көбейсін
Аяз ата:Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым
1-жүргізуші:
- Қойы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған,еңбегі
қыз-қыз қайнаған Казатком
ауылына келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Қазатком әнмен жырдың мекені деп естуші едім.
Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
.1-жүргізуші:-Әрине ата өнерлі балдырғандар өте көп.Олай болса 1- сынып бүлдіршіндерін мерекеге арналған тақпақтарын айтады.Қошеметпен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:Армысыз,Аяз ата,Ақсақалым!
Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өзіңізді барша қауым.
1-жүргізуші:Ал,кәнекей,балалар,
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық.
Жаңа жылда сайланып,шыршамызды айналып,
Би билейік ән салып,баршамыз да жыр салып.
2-жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылда біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
«Шырша әні» хоровод
1-жүргізуші:
2-жүргізуші:Аяз ата біздің балалар сізді келеді деп,өз әндерін,билерін дайындапты.
----1-сынып өз өнерлерін көрсетеді. «Жаңа жыл» әнін орындайды.
Мыстан кемпір:Аяз ата,маған да кәмпит беріңізші?
Аяз ата:Көрсетсең өнеріңді,аласың кәмпитті.
Мыстан кемпір:Не көрсетсем екен,ә,не көрсетсем екен.Әй,Жезтырнақ мында кел,өнер көрсет дейді.Би билейік пе,әлде ән салсақ па екен?
Жезтырнақ:Әй,биледік қой мана,әлі бүкіл денем ауырып тұр.Ән айтсақ бәрі қашып кетер, не істесек екен?
Мыстан кемпір:Аяз ата,шындапта кәмпит бересіз ғой.
Аяз ата:Жарайды,балалардың көңілін көтере білсеңдер,аласыңдар кәмпитті.
Бір оқушы: Қанекей балалар оларға өнер көрсетуіне көмектесіп көрейікші.Келіңіздер бізбен бірге билеңіздер.
Мыстан кемпір мен Жезтырнақтың биі
2-жүргізуші: Тамашалаңыздар.2- сыныпқыздарының орындауында керемет би.
----Билеген соң,олар өз сыйлықтарын алады.
Мыстан кемпір:Тағы беріңізші,тағы да-деп қалталарын тосады.
1-жүргізуші:Жезтырнақ ,Мыстан кемпір,біздің балаларымыздың әлі де өнерлері баршылық.Барлық сыйлықты алып қойғандарың ұят болады.Қарашы,қанша бала күтіп тұр.
2- жүргізуші:Дұрыс айтасың, біздің балаларымыздың бәрі өнерлі
--Келесі кезекті 1-сыныптың мың бұралған бишілеріне берсек. Испан биі
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тауық” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз
ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тауық
келсін...
/тауық жылы
шығады./
Тауық жылы: Армысыздар, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Тауық қайда тарттың?
Тауық жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде Ит бауырыма жолығып кетейін деп
келдім. /осы кезде афылдап
ит жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата!
Ассалаумагалейкум, тауық ! Армысың, Ақша
қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Тауық жылы:
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым
білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса
атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам,
қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант
етемін.
Тауық
жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке
сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.-деп ескі жылымызға арнап
2-сыныптың ұл-қыздарының орындауында
«Флешмоб»
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де
барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп
бөгемейік.
1-жүргізуші:
Жаңа
жылдарыңмен достар
---Ортада «Ақшақар» биімен 1- сынып қыздары.
Аяз ата:-! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа
жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық
тілеймін.
Барлығы: Қош
бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата,
Ақшақар!
2-
жүргізуші: Сонымен достар соңғы әнімізді
2- сынып оқушылары орындайды.Қабыл алыңыздар «Жаңа жыл»
әні
1 -
жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып
өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де
жеңеді. Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз
сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа
жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
---Келесі жылымызға аман-есен жетейік.Сау болыңыздар достар. Жаңа
жыл тағы да құтты болсын!
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Казатком орталау мектебі
Тақырыбы:
Кел,Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Өткізгендер:Тоқтаганова Г.А
Абсемедова З.Б
9