«Күзгі бал»
кеші
Дайындаған : 9 «А»-
сынып оқушылары
1-жүргізүші: Алтын күз сізбен бізге шуақ
шашсын
Көңілдің серіппелі күйін
ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге
қатар қонып,
Береке бірлікпенен орта
толсын
1-жүргізүші: Кеш жарық, құрметті
оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
1-жүргізүші Қош келдіңіз,
көрермен,
«Күзгі бал» сын –кешіне
.
Отырыңыз қол соғып
,
Шат күлкіге
бөлене.
«Әсем ән» Таскаринова
Жансая
1-жүргізүші: Құрметті көрермендер! Бүгінгі
«Күзгі бал кешін» бастаймыз.
Ендеше ,осы сайысымызды
даралап, саралап, әділ баға беріп әділ қазыларымен таныс болайық
:
1-жүргізүші: Бұл сынға 8-11 сыныптарының
оқушылары қатысқалы отыр. Осы қатысушылар үшін ,сынымыздың
кезеңдерімен таныстырып өтсек :
1-кезең : «Күзгі үстел»
Әрбір сынып үйде дайындаған тамағын таныстырады. Тағам күз
мезгіліне сай , әрі дәмді, тоярлық болуы тиіс.
2-кезең: «Өнерлі өрге
жүзер» Әр сынып өздерінің дайындаған өнерін
көрсетеді
3-кезең: «Бірлік-түбі
береке» Әр сынып топтасып тұрып , бірігіп жүргізуші дайындаған
жұмбақтарға жауап береді.
4-кезең: «Ер
дәулеті-еңбек» Әрбір сынып өз қолдарынан жасаған күзгі бұйымдарды
көпшілікке көрсетіп , бұйымдары жайлы айтады.
1-жүргізүші: Уа халаық,
халайық,
Бәріңе жар
салайық
Сәлем жолдап
баршаңызға,
Келіп тұр бүгін топтар
ортамызға –дей отыра , сайысымыздың
бірінші кезеңін бастайық.
Татсақ тағамынын дәмі
қандай,
Барша жұрт көзбенен
қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап
әзерлеуде қанекей
Қайсымыз
жылдамбыз-ай?
Әр сыныптан 1 адам
оқушыны, әзірлеген тағамы туралы айтуға шақырамыз.
(1-кезең)
Қатысушыларымыз келесі
кезеңге дайындалғанша, ойын ойнап сыйларымызды алайық. (Бірінші
ойын )
1-жүргізүші:
Алтын күздің сыйлықтарын
алдық біз,
Қызығына қандық
біз.
Молайтайық
шаттықты,
Ән айтып, би билейік
бәріміз
- дей келе,
2-кезеңімізді бастайық.(әр сыныпты өз өнерлерін көрсетеді
)
8А-8Ә:
флешмоб
9А:күзгі вальс
9Ә:
10 сынып: ән «Жылайды
жапырақ»
11
сынып
Барлықтарыңызға көп
рахмет!
Ал енді, көңілдерімізді
одан әрі көтеру үшін
«Жігіттер» жайдарман тобына сөз
берейік.
1-жүргізуші Ендігі кезек,
3-кезең-«Жұмбақтар»
Сыныптарды ортаға
шақырамыз. Қазір сіздер жүргізуші қойған жұмбақтарға жауап
бересіздер.(Жұмбақтар)
1-жүргізуші:Енді кішкене тынығып алу үшін
, тағы бір ойын ойныйық.(2-ойын )
1-жүргізуші: Еңбек деген байлық
бар,
Ерінбеген
алатын.
Жадырап жан
сарайын,
Демалып бір қалатын- дей
келе, 4-кезеңімізді бастаймыз. Әр сыныптың дайындаған бұйымдарын
тамашалауға шақырамыз.(4-кезең)
Біздің сын кешіміз
аяқталды .
1-жүргізүші: Әділ қазылар алқасы сайыстың
қорытындысын шығарып жеңімпазын анықтағанша, көрермендермен ойын
ойнайық.( 3-ойын)
1-жүргізуші: Қош демейміз, әлі талай
сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей
берсін,қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін
күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан
қалыспаңдар-дей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті
күндерде кездескенше, достар!