Мұғалім:
Партаева Улжаркын Жарылкасыновна
Тақырыбы:
"Кел, ойнайық!"
Мақсаты:
Балаларға ұлттық ойындарды ойната
отырып, қазақ тілі сабағына көңіл
аудару.
Міндеттері:
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық
ойындар.
Сабақ
түрі: Ойын - сабақ.
Сабақ
барысы:
Бәйгеге
түсіп жарыспай,
Жүйріктің
бағы жанар ма?
Білім
мен өнер жарысып
Тәрбие,
тәлім табар ма?
Бұл
бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім
жүйрік ойға – сол алда – дегендей
сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі
және ең озық ойлы топты анықтаймыз.
Бүгінгі
ойынға екі топ қатысады. «Көбелектер»
және «Қызыл Телпек» топтары.
«Жарыста»
ұлттық ойындар, ребустар, логикалық
есеп тапсырмалар орындалады.
-
Олай болса, жарысымызды бастайық.
1
- тапсырма «Аяқталмаған мақал - мәтелдер»
Отансыз адам, ормансыз.........(бұлбұл)
Ата – ағаш, бала -........ (жапырақ)
Туған жердей жер болмас.
Туған
елдей........ (ел болмас)
2
- тапсырма «Хан талапай ойыны»
Жіліктен
шыққан сүйек,
Ойнаймыз
біз шертіп.
Бәрімізге
таңсық
Аты
оның – асық.
(Асықтар
шашылып нөмірлер бойынша сұраққа жауап
беріледі)
1
- сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір
қыс мезгілі
2
- сұрақ. Балабақшада кімдер бар?
Балабақшада
балалар бар
3
- сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін
сәрсенбі
4
- сұрақ. Біздің Отанымыз қандай?
Біздің
Отанымыз - Қазақстан.
3
- тапсырма Ребус шешкізу.
(балалар
ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты
өлең оқиды).
Бірінші
ребус: Алма, тышқан, алмұрт -
суреттері.
(сөздердің
бірінші әрпінен сөз шығарады:
АТА..........)
Екінші
ребус: Әтеш, жапырақ, есік – ӘЖЕ
Музыкалық
үзіліс. Ән «Менің Отаным»
4
- тапсырма. «Теңге алу» ойыны
Шарты:
Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі
жағында лексикалық тақырыптарға қатысты
суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән
қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка
тоқтатылады. балалар теңге суретін алып
- сөздерді қазақ тілінде атайды.
5
- тапсырма: «Ою - өрнектер» құрастыру.
Шарты:
Төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей
ою шығару керек. Ол үшін тапсырманы
орындау керек.
«Сөйлем
құрастыр» -
1
- топ: "Балабақша" тақырыбы бойынша
-
Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі.
Балабақша екі қабатты. Мен балабақшада
ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.
2
- топ: "Ойыншықтар" тақырыбы
бойынша.
-
Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян
әдемі, үлкен, түсі ақ.
Қимыл
ойын кезегі «Арқан тарту»
6
- тапсырма. «Тай жарысы» ойыны
Шарты:
Әр топқа екі тапсырма беріледі.
1
- топ: "Көкөністерді жина"
2
- топ; "Жемістерді жина"
Қорытынды:
Балалардың білімін бағалау. Мадақтау.
Қоштасу.