400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кел, қайталайық !

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 бөлім Менің мектебім 8 сабақ

Тақырыбы:Кел, қайталайық

Мектебі: №2 жалпы білім беретін мектеп

Күні, айы:___________

Мұғалімнің аты – жөні: Баянбаев Б.Б

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқ.саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік/тәуелдік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: 2 бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.

Оқушылардың басым бөлігі: 2 бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар: 2 бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 2 бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген

Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша дилогті толықтырып айтады. Мұғалім оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды.

(МК, Ұ)Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға қалауы бойынша жауап бере алады.

  1. Бұл не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада оқу құралдары болу керек!

  2. Сенің мектебің қандай?

  3. Сенің сыныбың қандай?

  4. Сыныпта не бар?

  5. Сен неше жастасың?

  6. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  7. Сен мектепте не істейсің?

  8. Сенде неше қарындаш бар?

(Ж) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(МҚ, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім мектеп, оқу құралдары, сыныптағы зат атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

  • Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу(үлкен, әдемі)

  • Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, сынып, парта, тақта, есік, терезе,үстел, орындық) атай білу

  • Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші...оныншы) атай алу.

  • Тақырыпқа сәкес заттың түсін айта алу (тақта жасыл, орындық қоңыр, үстер сары).

  • Өзінің жасын айта алу (мен алты жастамын. Мен жеті жастамын)

  • Оқу құралдарын айта алу (қалам, қарындаш, дәптер, кітап, сызғыш, өшіргіш, қайшы)

  • Нешінші сыныпта оқитынын айта алу (мен бірінші сыныпта оқимын)

  • Бір нәрсені сұрап ала алу (маған қайшы берші)

  • Алғыс айта алу (Рақмет)

  • Өзінің мектепте не істейтінін айта алу (мен мектепте жазамын, оқимын, сөйлеймін,тыңдаймын) дағдылары қалыптасуы қажет

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түсінеді.























оқулық


аудиодиск

2.8.1

2.8.2

2.8.3.

2.8.4








Оқу құралдары сыныптағы заттардың суреттері бар карточкалар










№1 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой- пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау 1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?Неге?

2 Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсе не?Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі