Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Кел, шырқайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Караоке шоу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН- ҚАПШАҒАЙ»

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МИНИСТРЛІГІ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

ОРТАЛЫҒЫ

Тәрбие кешені

Прямая соединительная линия 2

2017 жылғы «Үздіктердің үздігі»

жаңа мүмкіндіктер мектебі 11 ауысымының

«Кел, шырқайық» Караоке шоу байқауының сценарийі



Іс-шараға жауаптылар:

Идея Авторы:

Хабар агенттігі

Сценарий құрастырушы

Әліп Егемберді

Ұйымдастырушы - ұстаз


Өткізу уақыты: 28.10.17 сағ: 20:00

Өткізу орны: «Балдәурен-Қапшағай» РОСО, киноконцертный зал

Қатысушылар: 11 ауысым қатысушылары, қонақтар, педагогикалық ұжым.

Мақсаты: Орталыққа уақытша демалуға келген балалардың әнге деген қызығушылықтарын арттыру, ән тарихымен таныстыру;

Міндеттері:

  • Балалардың ұжымщылдық қабілеттерін дамыту;

  • Сахна мәдениетіне тәрбиелеу;

  • Орталық ішінде өткізілетін барлық іс – шараларға белсенді қатыстыру, балалар мен орталық қызметкерлері арасындағы байланыс орнату.

Қолданылатын көрнекіліктер: «Балдәурен» РОСО әнұраны, микрофон, планшет

Жүру уақыты: шамамен 60 минут

Жүргізушілер: Қалдыбай Нұх Нұржігітұлы, ұйымдастырушы-ұстаз.


Ортада жүргізуші «Балдәурен» әнін, караоке көмегімен орындап шығады.

Әнші: Қалдыбай Нұх


Жүргізуші: Армысыздар, қайырлы кеш құрметті қонақтар және балдәурендіктер! Қытайда фонаграммамен ән салған әншіге айыппұл салынады екен. Дәл осы заңды біздің елімізге енгізсе қалай болады? Иә, әрине еліміздің экономикасы қарыштап дамитын секілді. Әрине бұл әзіл. Біздің бүгінгі шоуымыз 100 % жанды дауыста өтетін музыкалық жоба «Кел, шырқайық!».

Жүргізуші: Біздің бүгінгі қатысушыларымыз ерекше. Олар караокеге барып ән айтқанда, басқа тыңдаушылар өз дауыстарына ұялып жай ғана тыңдап отырады екен. Ендеше таныс болыңыздар:

  1. Әсетұлы Ерасыл ШҚО 1 топ

  2. Турлибекова Әсем Алматы облысы 2 топ

  3. Нұрдәулет Назгүл Алматы облысы 3 топ

  4. Штефан Владислав Алматы қаласы 4 топ

  5. Абдуали Сана ШҚО 5 топ

  6. Сайндолдинова Лаура ШҚО 6 топ

  7. Тайырова Венера Алматы облысы 7 топ


Жүргізуші: « Кел, шырқайық!» караоке шоу музыкалық жобасының ережелерімен таныс болыңыздар.

  • Біздің бағдарлама үш кезеңнен тұрады. 1, кезең «Соло» деп аталады, ал 2 кезең «Дуэль», 3 кезең «Ақтық мәре».

  • «Соло» кезеңінде қатысушыларымызға ұяшықтар беріледі. Әр ұяшықтың өзінің атауы бар. Сол ұяшық тақырыбына сәйкес әуендер қойылады. .

  • «Дуэль» кезеңіне көп дауыс жинаған 4 қатысушы өтеді. Жеребе тарту арқылы дуэттер анықталады

  • 3 кезең «Ақтық мәре». Көп дауыс жинаған 2 қатысушы өтеді


Жүргізуші: Дауыс беру ережесі: Әділ қазылар және көрермендер дауыс береді. Сіздердің қолдарыңызда 8, 9, 10 дәрежедегі ұпай санды көрсеткіштері бар. Әділ қазылар әрқайсысы өз ұпайларын береді, сосын көрермендер, әр топ ақылдасып тиісінше ұпай көрседі. Екі жақ қойған ұпайларды есептеп, ортақ көрсеткішін анықтаймыз. Ең көп дауыс жинаған қатысушылар әрі қарай жобамызды жалғастырады.

Әділ қазы алқаларын таныстырып өтейік:


  1. Абенов Азамат Дастанұлы - орталығымыздың спорт-нұсқаушысы

  2. Каппасова Сандуғаш Елтайқызы - білім бөлімінің меңгерушісі

  3. Батырбек Бағлан Батырбекұлы «Балдәурен – Қапшағай» РОСО тәрбие кешені директоры

  4. Баржақсымлв Бірлік Қадырбекұлы «Балдәурен – Қапшағай» РОСО директоры


Жүргізуші: Ендеше жобамыздың ережелері түсінікті болса, біз шоуымызды бастаймыз! Сахна төріне, бағдарлама шымылдығын ашатын Әсетұлы Ерасыл ШҚО 1 топ шақырамыз.

Жүргізуші: ( Қатысушымен кішігірім диалог жүргізіледі). Алдымен, сіз тақырып таңдайтын боласыз. Сіз таңдаған тақырыпқа сай өлең қойылады, соны орындап шығасыз. Өз өнеріңізді көрсетіп болған соң дауыс беру басталады.


(Мәселен; Балалық шақ тақырыбын таңдаса сол тақырыпқа сәйкес Юрий Шатуновтың Детство әні не болмаса қазақша, BN тобының топ-томпақ әні қойылады)


(Қатысушылар кезекпен өз өнерлерін көрсетеді)

  1. Әсетұлы Ерасыл ШҚО 1 топ

  2. Турлибекова Әсем Алматы облысы 2 топ

  3. Нұрдәулет Назгүл Алматы облысы 3 топ

  4. Штефан Владислав Алматы қаласы 4 топ

  5. Абдуали Сана ШҚО 5 топ

  6. Сайндолдинова Лаура ШҚО 6 топ

  7. Тайырова Венера Алматы облысы орталығымыздың қонағы




(Дәл осылай барлық қатысушы өзіне тақырып таңдап, өз өнерлерін көрсетеді. Ең көп дауыс жинаған 4 қатысушы « Дуэль» кезеңіне жолдама алады.)


Жүргізуші: Осымен сахна төрінде барлық қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Қатысушыларымызды сахна төріне, сіздердің ыстық ықыластарыңызбен шықырамыз.

Ендеше, « Дуэль» кезеңіне өткен қатысушыларымызды анықтайық.


( Дуэль кезеңіне өткен қатысушылардың ортақ ұпай сандарымен қатысушылардың аты-жөндері айтылады )

Жүргізуші: Құрметті көрермендер айта кететін тағы бір мағлұмат. Қатысушыларымыз келесі кезеңінде дуэт болып өнер көрсетеді. Арнайы жеребе тарту арқылы дуэттерді анықтайтын боламыз.

Финалистер ортада шығып жеребе тартады.

Дуэттерді таныстырамыз


Жүргізуші: Қатысушылар жайында қазірде мақалдар шығып жатыр. Солардан оқып берейін: «Сен маған ұйымдастырушы – ұстазыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтып берем.» « Кел, шырқайық шоуында ән қандай жеңіл болса, сонша көп дауыс жинайды екенсің». Соңғысы маған қатты ұнайды. «Топтағы әншіні қанша сахнаға шығарсаңда, ол ұйымдастырушы- ұстазына қарай ұлиды».

Жүргізуші: Біз жобамызды әрі қарай жалғастырамыз. «Дуэль» кезеңі.


(Алғашқы дуэт шақырылады, тақырып таңдалады, әуен орындалады, ұпай саны беріледі)


Жүргізуші: « Ақтық мәре» кезеңінің финалына жолдама алғандар. Дауыс көп жинаған 2 қатысушы финалда. (Таныстырылады)


(Әншілер өздері қалаған әнді орындайды)


Жүргізуші: Құрметті көрермендер, өздеріңіз көріңіздер бүгінгі бағдарлама, қызыққа, тартысқа толы болды. Бүгінгі бағдарламамыз тамаша көңіл-күйімен өз мәресіне жетті. Нәтижесін 31 қазан қорытынды гала концертте білетін боламыз. Әр топ өз алдарына финалистерге дауыс беретін болады Сіздермен қоштасамыз, бұл – « Кел, шырқайық» 100% жанды дауыста өтетін караоке шоу, музыкалық жоба!



1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
939
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12