«Кел, шырқайық
бәріміз» ән – би мерекелік іс -
шарасы
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті өнер сүйер қауым! «Көкірегі кең, көзі
ашық, көңілі ояу» тәрбиешілер және
тәрбиеленушілер! «Кел, шырқайық бәріміз»
атты
ән – би мерекелік іс –
шарамызға қош келдіңіздер! Баршаңызды бүгінгі балабақшамыздың әнші – биші балалардың
өнерін тамашалауға шақырамыз! Ендеше біздің балабақшамызда осындай
өнерлі балалар жетерлік. Олай болса тұрмайық, кешімізді
бастайық.
Тәрбиеші: Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайық,- дей келе ортаға «Көңілді күн»
әнімен Айбекені қошеметпен ортаға
шақырайық!
Тәрбиеші: Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын-дей отыра ортаға «Құлыншақ» тобының бүлдіршіні
Ернұрды «Қошақан» әнімен қарсы алыңыздар.
Сайқымазақ (тосын сәт):
Сәлеметсіздерме?
Тәрбиеші: Ой сайқымазақ сен қайдан
жүрсің?
Сайқымазақ: Мен осы балабақшада мерекелік іс – шара болып жатқанын
естіп, балалардың көңілін көтеруге келдім. Мен құр келген жоқпын,
өзіммен бірге балаларды сергітетін ойындар ала
келдім.
Тәрбиеші: Ол қандай ойын?
Сайқымазақ: Ойынның аты «Түстерді топтастыр». Ойын шарты: Мына менің
қолымдағы доптарды түстеріне қарай шелекке жинап алу және жинаған
доптардың түсін 3 тілде айтып беру(Музыка көмегімен, музыка
тоқтағанда ойын аяқталады).
Тәрбиеші: Жарайсың, Сайқымазақ! Олай болса ойынныңды бастайық (Ортаға
3 бала шығады.)
Тәрбиеші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отыра келесі кезекте
«Балдаурен» тобының бүлдіршіндерінің «Бипыл» биін
тамашалайық .
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе ортаға «Балдаурен» тобының
тәрбиеленушісі Нұрайдың орындауындағы «Жау –жау жаңбыр!» әнін қабыл
алыңыздар!
Тәрбиеші: Қыз сұлу көрінеді өнерімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі
кезекте әнші қызымыз Нұрайды «Балапан» әнімен ортаға
шақырайық.
Мұғалім:Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін, дей келе «Шөжелер» биімен Аяулым,
Жігер, Жәнібек, Дулатты сахна төріне ду – қол шапалақпен сахна
төріне шақырамыз!
Тәрбиеші: Жұмбақ жұмбақ
жұтылдым,
Жолға түсіп құтылдым-дей келе
енді ән әлеміне қатысты жұмбақтарды
шешейік.
Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі.(Нота)
Тартылған екі арқаны ұзын
бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайла. (Домбыра)
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (Сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда
қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (Қобыз)
Тәрбиеші:Жас дәуірдің
түлегіміз,
Ән салу біздің
өнеріміз
Әрқашанда аман
бол,
Осы біздің тілегіміз - дей отыра «Тұлпарым» әнімен Қайсарды ортаға
шақырамыз.
Тәрбиеші:Шық достарым билеуге,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді
байқасын,
Мына отырған халықта – демекші ортаға «Кукарелла»
биімен «Қарлығаш» тобының
бүлдіршіндерін шақырамыз.
Тәрбиеші: Дауысың қандай сырлы
еді,
Табиғатты
тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы
еді,
Таңшолпанмен
астасқан!
Өнеріңді кәне бүгін
көрсетші,
Мына жұртқа қошаметпен қол
соққан!,- деп ортаға «Балабақша бақ ұям» әнімен Бегімсұлуды
шақырамыз!
Тәрбиеші: Бүгін қызық, бүгін
той,
Бәрің оны біліп
қой!
Әнде салып, би
билеп
Жалғастырсын ойды ой,- дей
келе «Мен бақытты баламын» әнімен Нұрәліні ортаға
шақырамыз!
Тәрбиеші: Ән айтайық қосылып,
Мерекеде
бүгінгі
Мақтап кетсін осы
жұрт
Балалар деп өнерлі,- дей келе
Сыр –Берекесі балабақшасы бүлдіршіндерінің орындауындағы «Әрқашан
күн сөнбесін» әнін қабыл
алыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті, қонақтар «Кел, шырқайық бәріміз» ән – би мерекелік іс -
шарасы өз мәресіне жетті.
Бүлдіршіндеріміздің өнерін келіп тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет. «Өнерлі-өрге жүзер» демекші, өнерпаз балаларымыз көбейе
берсін.