400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кел танысайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылар арасындағы ынтымақты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, өз мүмкіндіктерін шамалауға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

________________А. Батырханова


«Кел танысайық!».

Бірінші курс оқушыларын жаңа ортаға бейімдеу мақсатында тренинг өткізу.


Мақсаты:  Білім алушылар арасындағы ынтымақты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, өз мүмкіндіктерін шамалауға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.


Қолданылатын құралдар: Баяу музыка, үлестірме қағаздар, арқан немесе жіп, ағаштың суреті.


«Қане танысайық!» жаттығуы

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.


“Қане, ары қарай танысайық!”

Бұл ойында қатысушыларға жеке – жеке үлестірме қағаздар таратылады. Берілген үлестірме қағаздағы тапсырманы жылдам орындап беру керек.

  1. Өзін-өзі мақтау;

  2. Өзіне-өзі сын айту;

  3. Өзін-өзі өсімдікке теңестіру;

  4. Өзін-өзі көлікке теңестіру;

  5. Өзін-өзі тағамға теңестіру;

  6. Өзін-өзі сусынға теңестіру;

  7. Ең әдемі қатысушы туралы пікірін айту;

  8. Ең пысық қатысушы туралы пікірін айту.


«Бұзылған телефон» жаттығуы

Мақсаты: вербалды деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.

Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша, барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді (сіріңке қорабы, пистолет, волейбол добы және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жаңағы иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. Шарттары: барлығы да дыбыссыз орындалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.


Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

  1. Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?

  2. Кімге өз досын түсінуге қиын болды?


«Жалпылау» жаттығуы.

Қимыл - қозғалыс арқылы жауап беру.

- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз.

- «жоқ» десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?

- егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз.

- егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.

3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.

- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.


“Сиқырлы шеңбер”

Ортаға арқаннан шеңбер жасалып, қатысушылар орындарына отырады. Жүргізуші психолог қатысушыларға көбірек кездесетін заттарды немесе қасиеттерді айтады. Кімге сол аталған заттардың және қасиеттердің қатысы болса жылдам ортадағы шеңберге тұра қалады.

Енді осы шеңберде тұрған қатысушыларға берілген сөздерді іс – қимылмен көрсету ұсынылады.

  • Кімнің сағаты бар ?

  • Кімнің сақинасы бар ?

  • Кім шалбар киген ?

  • Көлікті қалай жүргіземіз ?

  • Жел тұрғанда талдар қалай қимылдайды ?

  • Суда балықтар қалай жүзеді ?


Қорытынды:

«Алма ағашы»

Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға жазып, ағашқа іледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі