Келді жомарт –Алтын күз!
Мақсаты:
Балаларға күз мезгілі туралы түсінік
беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер
мен көкөністердің пайдасын түсіндіру,
тақпақ, жұмбақ айтып байланыстырып
сөйлеу әдістерін үйрету.
Көрнекілігі:
шарлар, тақырып жазылған плакаттар,
балалардың басына киген атрибуттар.
Мұғалім:
-Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен оқушылар және осы кешке
келген қонақтар! Бүгінгі «Келді
жомарт-Алтын күз!» атты мерекелік
кешімізге қош келдіңіздер!
Ұлдана
Мұнда назар
салайық,
Мерекесі халықтың,
Алтын күзге
арналған
Кешімізді бастайық.
Мұратжан
Көктен
көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі
қүз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап
тұр сары күз...
Бахадыр:
-Кездескен
соң күзімен,
Бұтағынан
үзілген
Ай
жапырақ—сары алтын.
Айналаның
бәрі алтын.
Мұғалім cұрақтары:
-
Неге күзді алтын күз дейміз?
- Неге күзді жомарт
дейміз?
-
Олай болса күз ханшайымын
қарсы алайық.
Күз
ханшайымы: Қарақат
Жапырақтарын
шашу етіп шашады
Қарақат:
Алтын
түске боялды,
Тау мен қырқа дала,
түз.
Келдім міне ортаңа,
Менің атым
-Алтын күз.
Жанель:
Соңғы
шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар
жүр ойнап.
Рауза:
Алтын,
сары, қызыл, көк
Алуан
–алуан жапырақ
Ағаштардан
жамырап
Түсті
кенет жапырақ.
Саламат:
Кун
суытып
Жапырақтар түседі.
Астық
- жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды
Іңкәр:
Күздің
қазан айында
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр
- сыбдыр етеді.
Жүсіп
:
Көбейді
құт-береке,
Астық
толы қамбамыз.
Құтты
болсын мереке,
Алтын
күзді тойлаймыз.
Мейірім:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады
аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі
суық басталды.
Би:
«Қуыршақтар»
Бауыржан:
Берекесі
сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін
жинауға
Шақырады біздерді
Қуандырып
біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге
күз келді
Кемелдеисін халқымыз.
Шейхсултан:
Жеміс
мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін
тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ән
«Жаңбыр» қолшатырмен
Мұғалім сөзі:
Ортаға
жемістерді шақырайық
Іңкәр:
Жүзім
пісті бір-бірлеп,
Үзіп
мәзбіз біз енді.
Қоңырауы
күмбірлеп,
Қыркүйекте
күз келді.
Жанель:
Апорт деген алма
бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма
қайда бар.
Алматы оның Отаны.
Мейірім:
Тілүйірген
алмұртпын
Таңсығымын
бар жұрттың
Жақсы
өсіре алмайды
Қараса
егер салғыр кім.
Ойын
«Қай жемістің дәмі?» 1 сынып оқушыларына
Мұғалім сөзі:
Көкөністерді қарсы алайық
Бауыржан:
Асханадан
шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден
жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ
сақтаймын.
Бахадыр:
Өсіретін
бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға
да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз.
Шейхсұлтанғазы:
Ақ
түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар
қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой
-
Қызылшамын, пайдам бар.
Қарақат:
Тал
шыбығым бұралып,
Бақшаларда
қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге
қарап ұялып.
Мұғалім сөзі:Дәнді
дақылдарды қарсы алайық
Саламат:
Күнге ғашық күрішпін
Күллі
жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған
соң
Ала жаздай су іштім.
Мұратжан:
Нан
анасы - бидаймын,
Нанды елге
сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма
сыймаймын.
Жүсіп
:
Қызыл мұратты арпамын
Ырыс
құтты арпамын
Машинаға мініп ап,
Малды
ауылға тартамын.
Ән: «Зеңгір
көктен»
Күз ханшайымы:
Қане, енді
білімдеріңді тексеріп көрейік. Өздеріңе
дайындаған тапсырмаларым бар. Мына
күзгі жапырақтарды жинауға көмектесіңіздер!
Әр жапырақтағы жазылған жұмбақты
шешейік ортаға шығып жауап берулеріңіз
керек!
Жаздай
інге тығылып,
Жатқан қызыл
түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді
әжем бір күні. (Сәбіз)
Үстіне
тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу
жатыр. (Қызылша)
Жайлы,
жұмсақ төсегім,
Домаланып
өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай
оны шешмін? (Қырыққабат)
Көмдің
тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)
Іші
толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің
бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ.
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай
тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты
- ЖАҢҒАҚ.
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде
бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның
аты - ӨРІК.
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз
оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның
аты - ШАБДАЛЫ.
Бір
сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк
күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты
- ШИЕ.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері
бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның
аты - ҚҰЛПЫНАЙ.
Би
«Тотықұс биі» Қарақат
Бүгін мейрам,бүгін
той,
Қуаныш күн, біліп
қой.
Күзгі бақтай
сыңғырлап
Алақанды соғып қой, — дей
отырып,
Испан биімен Ұлдананы
қошеметтеп қарсы
алайық.
Жанель
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін
тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше
жыл айналып
Мұғалім сөзі:
Соңғы кезде жерге
күн
Қырын қарап
алыпты,
Қара бұлттар
жөргегін
Кептіре алмай
қалыпты, — демекші, міне, балалар, күздің
екінші айы қазан да аяқталып қалды, енді
қарашамен бірге қылышын сүйреткен
қыстың ызғары да келмекші. Жылдың қай
мезгілінде болмасын барлығыңыздың
амандықтарыңызды тілеймін. Қош сау
болып тұрыңыздар!
.