400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Келді, міне жаңа жыл."

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек, ертеңгілікке көп қажет ететін материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Келді міне, Жаңа жыл!"

Өткізілетін орны: Музыка залы

Мақсаты: Балаларды түрлі музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатыстыра отырып, өнерге, ән айтуға, би билеуге бейімдеу. Мерекелік іс – шараға ұжымдық ауызбіршілікпен қатыса отырып, бір – бірін тыңдай білуге, сыйлауға баулу. Қыс кереметтерін ұғындыру арқылы табиғатқа сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу. Осы арқылы балалардың, көрермендердің эмоционалдық көңіл – күйін көтеру.

Зал іші мерекеге сай әсем безендірілген. Балалар көңілді әуен ырғағымен залға кіреді.Балалар



-Жүргізуші : Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрымен ,

Қандай ғажап айнала,

Құлпырғандай гүлменен.

-Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіндер, бүгінгі біздің «Ботақан тобының Келді міне, жаңа жыл ертенгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. жаңа жыл мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. дендеріңіз сау, отбсыларыңыз аман ғұмырларыныз ұзақ болсын! (балалар орындарына отырады)

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Айналаға қараңдаршы, шырша, ақ ұлпа қарлар, мерекелік әсем безендірулер. Олай болса,біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?

-Жаңа жыл!



Ән: «Жасыл шырша жанында

Жүргізуші: Балалар орындарына 0тыра бергенде,бейтаныс дауыс естіледі. (Ау-у-у. Қайдасыңдар?!)

Жүргізуші: Балалар, естимісіңдер, бізді біреулер таба алмай жүрген секілді. Кім де болса, бізді тезірек табу үшін алақанымызды көңілдірек, қаттырақ соғайық.

Балалар қол шапалақтайды.

Ортаға Қарша қыз келеді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме,қонақтар! Өздеріңді табу маған оңай болмады. Әйтсе де

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт – жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын, аппақпын.

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын!


Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылдық мерекенің бір себепшісі Ақшақар ортамызда.

Ұлпа қарлар келіңдер,

Соңыма менің еріңдер,

Би билейік қалықтап,

Шырша жансын жарқырап


Би: «Ұлпақарлар биі»


Жүргізуші: Ал енді мерекені тойлауға тағы да кім қажет деп ойлайсыңдар?


Балалар: :Аяз ата!Аяз ата!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, мерекенің басты себепшісі Аяз атамызды барлығымыз бірге дауыстап ортамызға шақырып алайық.

Барлығы бірге: Аяз ата! Аяз ата!Аяз ата!

(Көңілді музыка әуенімен ортаға Аяз ата келеді.Жаңа жыл келеді.)

амандасады жаңа жылмен құттықтайды)

Жүргізуші:қош келдіңіздер аяз ата, ит жылы! Төрлетіңіздер біздің шырша тойымызға. Балалар сізді сағынып күтіп отыр. ал біздің шыршамыз жарқырамай тұр.(аяз ата сиқырлы сөз айтып шырша шамдарын жағады)

Аяз ата:

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға:

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

(барлығы қосылып айтады,шырша жанады).

Ән: «Шыршаға бардық»

"Тақпақтар"

(ескі ит жылы қоштасады)

Ескі жыл:

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.



Жүргізуші: иә, бір жыл бойы бізбен бірге болып,көп нәрсені үйреттіңіз,бір жасқа өстік,рахмет саған ескі жыл,сау болыңыз!

Жаңа жыл келеді.

Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын.

Нұрымды да себейін,

Жырымды да төгейін.

(құттықтау)

Жүргізуші: Жаңа жыл қош келдің төрлет,біздің балалардың өнерін көріңіз, тамашалаңыз.

«Үйшік ертегісін сахналау»

Жүргізуші:Жұмбақ жасыру(Ата - аналарға)

Би: "Сантоклаус"

Жүргізуші:

Өмір сыйлаған ата- анам

Өзіңе мен ризамын

Аяулы менің ата- анам

Қайда жүрсем де сағынам

Аялаған алақаныңды

Маңдайымнан сипағаның

Мен бақытты баламын

Алғысыңды аламын!

-Деп ортаға ата-аналардың орындауында

Ән: «В лесу родилась елочка»

Жүргізуші:

Айгөлек ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек!

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

Би: « Флешмоб»

Жүргізуші: Аяз ата ән айтық би биледік біздің балалар сыйлық бар ма?- дейді.

Аяз ата:



  • ЖЖүргізуші: Осымен Ботақан тобының "Келді міне, Жаңа жыл"атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызғаа рахмет. Сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі