Авторы:
Ниязбаева Гулбахыт
Жаксыбаевна
Түркістан облысы Сайрам ауданы Нұр шашу ЖШС
бөбекжайы
Күні:
29.12.2021ж
Уақыты:
сағ 10.00
Тақырыбы:
«Келді, міне,
Жаңажыл».
Мақсаты:
Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген
қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс
келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір – біріне бауырмалдық
көрсете білуге
тәрбиелеу.
Мереке өтетін бөлме әдемі безендірілген.
Шырша шамдары өшіп тұр.
Ақшақар
орман ішімен әндетіп келе
жатады.
Жаңа жыл, жаңа
жыл
Жаңа жылда жаңа
жыр
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр
Тамаша,
тамаша,
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды қараса,- деп әндетіп, билеп келе
жатып кілт тоқтайды.
- Ой, біздің әсем шыршамыздың шамдары неге
жанбайқалған, мен балаларды жаңа жылдық кешке қонаққа шақырған
едім. Енді не істеймін, кімнен сұрасам екен?-деп ары – бері қарап
жүреді.
Бір кезде шырша түбінен
қорсылдап жылаған дауыс шығады. Сәбізін ұстаған қоян жыламсырап
отырады.
Ақшақар: Аққоян - ау,
аққоян
Неге жылап
отырсың?
Қоян: Бәрі – бәрі жақсы - ау, бірақ біздің әсем
шыршамыздың шамдарын мыстан әже келіп өшіріп кетті. Тойды
жасамайсыңдар деді.
Мыстан әжеАяз атаны да адастырып жіберемін
деді.
Ақшақар:
Ой, енді балаларға не деймін, енді
қайттім?
Қоян: Ақшақар түлкіден сұрасақ қайтеді, оның
қулығында шекжоқ
қой
Ақшақар: Ендеше түлкіден көмек
сұрайық.
Сол кезде жолмен жортып, әндетіп түлк ікеле
жатады.
Түлкі:
Мен түлкімін,
түлкімін
Тұнып тұрған
күлкімін
Бәріңде маған
жетпейсің
Алдымнан келсе, өтпейсің ля, ля, ля, деп
Ақшақар мен қояндарға
кездеседі.
Ақшақар: Сәлеметсізбе, Түлкіжан, сенің қулығыңда
шеек жоқ қой, мыстан әже шырша шамдарын өшіріп тастапты. Бүгінгі
жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз. Мыстан әженің жүрегін
жылытып, қалайда шамдарды жағуымыз
керек.
Түлкі:
ә, ым, м – деп түлкі ойланып тұрады. Ә,
жарайды, менімен бірге жүріңдер, кеттік,- деп өзі, мен түлкімін,
түлкімін деп
әндетіп, бірге жүріп отырып, мыстан әжеге
келеді.
Мыстан:
Неге келдіңдер, неғып жүрсіңдер менің үйімде?
Шығыңдар, кетіңдер.
Ақшақар:
Сәлеметсізбе, Мыстан
әже.
Түлкі: О, біздің құдіретті Мыстан әже біз ең
алдымен сізді құттықтағалы
келдік.
Қоян:
Сізге әкелген сыйымызда
көп.
Бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға
шақырамыз, қалай
қарайсыз?
Мыстан:
Ым, м, әуелі менің бір шартым бар, менің
көңілімді
көтеріңдер....
Ақшақар: Ендеше бәріміз қалыс қалмай бар өнерімізді
ортаға салайық.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын
бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық пен
тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына арай
жыл.
Құрметт іата - аналар.
қонақтар!
Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!
Жаңа жылға арнап әзірлеген «Әлия» тобы
балаларының ән – жырын қабыл
алыңыздар!
Хор:«
Шыршаға
бардық»
Мыстан:
Ой жарайсыңдар балалар, менің көңілімді
көтердіңдер. Енді шамдарды
жағайын.
Балалар маған көмектесіңдерші
«Шырша шамы
жарқыра» деп 3 рет дауыстап айтайықшы. (балалар
хормен айтады)
Жүргізуші: Мыстан әже енді біздің бір топ
балаларымыздың қояндар биін қабыл
алыңыз.
Би:
«Қояндар»
Жүргізуші: Балалар біздің тойымызда кім
жоқ?
Балалар:
Аязата
Мыстан:
Балалар мені кешіріңдерші, мен Аяз атаны
сиқырлап адастырып жіберіп едім. Маған көмектесіңдерші.Ендеше аяз
ата келгенше мен сендермен ойын ойнай
тұрайын.
Ойын:
«Қар
жинау»
Аязата:
Алыс – алыс
жерлерден
Ормандардан,
белдерден
Биік – биік
таулардан
Белес асып,
баулардан
Сыйымызды
сендерге
Ұсынуға
келемін
Өнеріңді
көрсетсең
Хош алып, сый
беремін!
Сәлеметсіңдерме, балақайлар, қонақтар, келген
жылымыз құт - береке, ырыс мереке
әкелсін.
Жүргізуші:
Балалар енді Аяз атаға арнап ән
айтайық.
Хор:
«Шырша
жыры»
Жүргізуші: Енді балалардың Аязата мен Ақшақарға
арнаған балапан биін қабыл
алыңыздар.
Би
«Балапан»
Тәрбиеші: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа
жыл жағымды жаңалықтар мен телегей табыс жылы болсын! Сіздерге
қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр , отбасыларыңызға бақ-береке
тілейміз. Келесі кездескенше қош сау
болыңыздар!