Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Келді міне, Жаңа жыл!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Келді міне, Жаңа жыл!
«Ақбота» кіші тобы
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл
арайлы!
Жүргізуші:
Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар,
қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне
арналған
«Келді міне, Жаңа жыл» атты кешімізді
бастауға рұқсат
етіңіздер.
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағыда
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Ақбота» кіші тобында!
Әуен қосылып балалар залға
кіреді.
Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар
алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөз
кезегін:
Мектеп
директоры: Азамат Максимұлына және
балабақша әдіскері Фатима Сағынайқызына
береміз.
Жүргізуші:
Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер
еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай
мерекелейік.
Қоян: Мен қоянмын,қоянмын,
Ақ түске мен бояндым
Сәбіз берсең балалар,
Әдемілеп тоямын,
Секіремін,жүгіремін,
Сендерге қалай келемін.
Сәлеметсіздерме,
балалар. Сендермен кездескендерімізге өте
қуаныштымын.Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы
отырмыз.
Жаңа жыл құтты болсын балалар,
қонақтар.
Қоян: Ендеше, балалар тұрмайық жаңа жылды ән айтып, би билеп
тойлайық.
Сергіту сәті: «Қояндар»
Жүргізуші:
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер
ортаға.
Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен
Ақшақарды ортаға шақырайық.
-Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы
алайық!
Бәрі: Аяз ата,
Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
Аяз
ата:.
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: Ақшақар қызым ау мына шырша шамдары жағылмаған екен қане
балалармен шырша шамын жағайық.
1, 2, 3 шырша шырша жайнай түс.
Жүргізуші: Аяз-ата, ақшақар алыс жолдан келдіңіздер демалып отырыңыздар.
Сайқымазақ:
Армысыздар,
Халайық!
Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді
әуенмен шыршаны бірге айналып өтуден
бастайық.
Хоровод ән.
(шыршадан айналып
билеу)
1 Сайқымазақ: Біз мұнда
жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл
көтерейік.
Шырша дейміз
елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі түсті ойыншық
Шыршада көз
тартады.
Ән:
«Шырша»
Жүргізуші: Аяз ата сізге біздің балалардың айтар тақпақтары бар екен:
Алихан:
Ақ қырауға малынған
Сақалыда мұртыда.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Інжу:
Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсың Жаңа жыл!
Ж.Фатима:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Ибраһим:
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Ш.Фатима
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жантөре:
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Иса:
Жаңадан тақпақ,
аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Айша.Б.
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Кәусар:
Жаңа жылым,
Құтты болсын ағайын.
София:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата оралып.
Балалар сендерге көп рахмет
Ж.Асылым:
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
М.Асылым:
Қуантып елді,
жаңа жыл келді.
Өсетін болдық,
бір жасқа енді.
Галинур:
Сағынып көптен күткен,
атамыз келеді.
Алақай, алақай
Көп сыйлық береді.
Айбатыр:
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалын орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Мейірім:
Жаңа жылым, жаңа жылым
Құтты болсын елім- ау.
Томирис:
Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Аяз ата: Ой балалар өркендерің өссін қандай әдемі тақпақтар.
Ақшақар: Аяз ата, аяз ата.
Аяз ата: Не болды ақшақар қызым?
Ақшақар: Біреу шырша қасында ұйықтап жатыр.
Аяз ата: Бұл аю ғой ұйықтап жатқан. Қане, балалар аюды оятайық.
Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойласын.
Жүргізуші: Балалар ән айтып,қол шапалақтап, аяғымызды топылдатып аюды оятайық.
Ән: «Аю,аю тұршы»
Аю: Ой мен ұйықтап қалыппын ғой, мынау деген әсем шыра көңілді балалар сендер қандай мереке тойлап жатсындар?
Жүргізуші: Аю сен ренжіме ұйқыдан оятты деп бүгін мереке кел бізбен бірге көңіл көтер. Шырша айналып би билейік.
Хоровод. (шыршадан айналып билеу)
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз баріміз,
Өлеңде әзір ән әзір.
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл,жаңа жыл деп келесі кезекті әнге берейік.
Ән «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Көрдінбе аю біздің балалар қандай тапқыр
Аю: Рахмет балалар сендерге ұйқыдан оятқандарына мен енді мен сіздермен жаңа жылды бірге қарсы алайын.
Балалар отырады.
Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздардың сіздерге арнаған биі бар биге кезек берейік.
Би: «Кішкентай Шыршалар»
Жүргізуші: Аяз ата сіз қалай ойлайсыз ата аналармен бір ойын ойнасақ.
Аяз ата: Олай болса менде бір ойын ойнайын Ал, қыздарым, ұлдарым бір ойын ойнайық.
Ойын: «Қар кесектері»
Ойын біз қар кесектерін жинайтын боламыз.
Аяз-ата: Рахмееет балалар сендер өте тапқыр екенсіңдер.
Жүргізуші: Аяз ата ұлдардыңда жаңа жыл мерекесіне арналған билеріне кезек берсек қалай қарайсыз ата сізде билеуге болады.
Би: Гномиктар
Жүргізуші: Балалар енді ескі жылмен қоянмен қоштасатын уақыт келді.
Қоян бір жыл бойы бізбен бірге болып, жақсылық, қуаныш әкелгенің үшін рахмет.
Біз енді қоянмен қоштасып, ортаға жаңа жылымызды шақырайық.
Қоян: Сендермен бір жыл бойы бірге болғаныма қуаныштымын.
Ескі жылым есіртке,
Жаңа жылым жарылқа Қош сау болыңдар!
Жаңа жыл мерекелерің Құтты болсын
Жүргізуші: балалар, Жаңа жылымыз кім екен?
Балалар: Ұлу деп жауап береді
Салем балалар салем қонақтар мені таныдыңдар ма?
Ұлу: Мен жаңа жылмын сендерге бақыт, молшылық, жақсылық әкелдім!
Сендермен дос боламын.
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық.
Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала
кел.
Ұлу:
Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа
жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге
жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші:
Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға
келіп тұр.
Аязата: Ал енді біз келместен бұрын
бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны
көрейік.
Жаңа жылдық
би
Жаңа жылдық әнмен шыршаны
айналу
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға
мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын
баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға
жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата
ақшақар......
Жүргізуші:
Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып
өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де
жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз
сөнбесін.
Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн
Бақыт боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа
жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті
болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты
болсын!