400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Келешегі жарқын-мақсаты айқын - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш Елбасының өмірі мен еңбек жолынан мәліметтер беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ













Мукатов Р.Г.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы Президентінің атқаратын қызметі, міндеттері, құзыреті туралы түсінік беру. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен мағлұмат беру.

Дамытушылық: Елдің қоғамдық өміріндегі оқиғаларды, өзгерістерді бағалай білу, ақпаратты технология әдісімен интерактивті тақтаны пайдалана жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, ұлт көшбасшысының көрегендік саясатын үлгі ету, оқушыларға саяси, патриоттық, ұлттық тәрбие беру.

Мұғалім: Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы. Әрісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат – мұраты еді. Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық келешегі – білімді ұрпақ!

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, әнұран айту

ІІ. Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру.

  1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

  2. Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемде нешінші орын алады?

  3. Орта ғасырда Қазақстанның астанасы қай қала болды?

  4. Қазақстанда неше облыс бар?

  5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді?

  6. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды?

  7. Қазақ елімен көршілес елдерді ата?

  8. Қазақстан қай жылы БҰҰ – ның мүшесі болды?

  9. Конституциямыз қай жылы, қай айда қабылданды?

  10. Қазақстадағы саны жағынан ең үлкен партия?

ІІІ.

  • Балалар тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіздер?

  • «Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасын ашу.



DrawObject10 DrawObject6 DrawObject8 DrawObject9 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject7 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject1












ІV. Президенттік басқаруға дейінгі қазақ халқының басқару құрылымы:

DrawObject13 DrawObject14 DrawObject15 DrawObject12 DrawObject11





Президент



DrawObject16

Қызметке

тағайындайды




V. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар бағыт»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдау еліміздің болашақтағы дамуының бағыттарын айқындап, бірқатар маңызды міндеттерді нақтылады. Бүгінгі әлем жаңа сындармен және қатермен бетпе – бет келіп, әлемдік экономикалық дағдарыс салалары және геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде кедергі болған уақытта, Елбасы жолдауы болашаққа бағыт – бағдар болып табылады.

Елбасымыз алда үлкен де жауапты жұмыстар тұрғанын және жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет екенін, барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіс екеніміз жолдауда нақтыланған.

DrawObject17 DrawObject18

DrawObject19



DrawObject20

DrawObject21

DrawObject22


DrawObject23

DrawObject24







VI. Елбасымыздың ой – пікірлері мен қанатты сөздері.

***

... Тәуелсіздік – ата-бабамыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

***

Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.

***

Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды.

***

Елдің – бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.




***

Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқымабар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

***

Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан – ғайыр жер берген, мейірбан, ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.



«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды:




Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Күн тұрғанда тұратын,

Тәләйлі болсын талғамым! Жұрты сайран құратын.

Өркені өссін қазақтың, Қала болсын Астана,

Осы менің арманым! Осы менің мұратым!


О, Ақорда, Ақ шатыр, Халқым – менің тірегім,

Ұлысыма бақ шатыр. Құрбан жаным – жүрегім!

Баянды болcын азаттық, Атымыз озсын бәйгеде,

Осы менің мақсатым! Осы менің тілегім.



Мұғалімнің түйіндеме сөзі: Интерактивті тақтада Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Басқаға жалтақтайтын күннен өттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ауыр белесінен өттік».

Ендігі болашақтың тағдыры өз қолымызда. Оқушылар жарқын келешектің іргесін қаласуға өз білім мен күш-жігерлеріңізбен атсалысуға әркез дайын болуларың керек. Сабақ «Атамекен» әнінің орындалуымен аяқталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2018
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі