Сабақтыңң
тақырыбы: «Келешегі
жарқын,мақсаты айқын Қазақстан»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Ұлан-ғайыр
қазақ даласында туған өлкеміздің өз
орны, өз тарихы бар екенін түсіну.Оқушыларға
қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен
мәдениетін, ең бастысы адамын қадірлеп,
өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне,
келешегін қорғай білетін таным қызыметі
дамыған және қазақ елінің тарихының
беймәлім тұстарын зерделей алатын оқушы
қалыптастыру.Ізденіс жұмыстарына
баулу.
Дамытушылық:
Оқушының
танымдық қызметін дамыту және тарихи
сананы қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушылардың
қазақ тарихына қызығушылығын арттыру,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
пресс-конференция.
Сабақтың
әдісі:
Баяндау, ой толғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті
тақта, карта,
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Конференцияға
қатысушы адамдармен таныстыру.
Бүгінгі
пресс-конференция қатысушылар: 5-11 сынып
оқушылары. Және қонақ ретінде қатысушылар
мектеп мұғалімдері, сынып
жетекшілер.
ІІ.Сабақтың
барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
І-бөлім.Оқушылардың
жұмыстары оқылады.
5 сынып.Алмазұлы
А. «Тарих тамыры тереңде»
6 сынып.Еркебұлан
А. «Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы
мұраты»
8 сынып.Коваленко З. «Егемен
ел болмай-Ел болмас»
9 сынып.Асқаров
А. «Патриоттық сезім деген не?»
11
сынып.Сатан Ж .«Алаш арыстарына
тағзым»
ІІ-бөлім.Сұрақ-жауап
бөлімі.Мұғалімдер, оқушылар бір-бірімен
сұрақ алмасады.
ІІІ.
Жұмыс регламентін белгілеу
Мамандардың
жазған жұмыстары оқиды . (5 минут)
Мамандардың
сұраққа жауабы. (4-5 минут)
Ойынға
қорытынды жасау. ( 4-5 минут)
Барысы:
Ой
ашар кезеңі.
«Біздің
бұл дүниеде бір ғана отанымыз бар, ол
тәуелсіз – Қазақстан»
Н.Ә.Назарбаев.
1.Тәуелсіз Қазақстан
қандай мемлекет?
2.Біз тәуелсіз
Қазақстанның гүлденуіне қандай үлес
қоса аламыз?
Мұғалімнің
кіріспе сөзі.
Бүгінгі
жастар-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын,
мемлекет ісіне араласатын тұлғалар.Ұрпақ
бойына қаншалықты асыл қасиеттерімізді
сіңіре алсақ, арға жылдар салып, соның
жемісін көреміз.Ұлтжандылық, отансүйгіштік,
адамгершілік қасиеттер адам бойына
ұлттық рухымыздан нәр алып, ұрпақтан
ұрпаққа сіңеді.Оқушы бойына патриоттық
қасиет оның іс-әрекетімен, ата-ұстаз,
қоршаған ортаның іс-әрекетінің
бірінің-бірімен байланысуы арқылы
жүзеге асады.
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы-2050:бір мақсат,бір
мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында
«Біз үшін болашағымызға бағдар етіп,
ұлтты ұйыстыратын, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар».Ол-Мәңгілік Ел
идеясы... Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды
етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік
қазақтың перзенті.Ендеше, Қазақтың
елінің ұлттық идеясы- «Мәңгілік Ел »
деп атап көрсеткен еді.Демек,
тәуелсіздігімізді баянды,ғұмырлы ету,
көздің қарашығындай сақтау арқылы ғана
Мәңгілік Ел бола аламыз деп
түйіндейміз.
Оқушы бойына патриоттық
қасиет оның іс-әрекетімен, ата-ұстаз,
қоршаған ортаның іс-әрекетінің
бірінің-бірімен байланысуы арқылы
жүзеге асады.
І
бөлім бойынша оқушылар
өз жұмыстарын орындады.
ІІ
бөлім
сұрақ-жауап кезеңі бойынша қатысушылар
мұғалімдер мен оқушылардың сұрақтарына
жауап береді.
1.Тәуелсіз Қазақстан
қандай мемлекет?
2.Біз тәуелсіз
Қазақстанның гүлденуіне қандай үлес
қоса аламыз? т.б.
Қорытынды:
Бірлестік жетекшісі, мұғалімдер
оқушылардың жұмыстарына бағалап,
алғыстарын білдіреді.Ең үздік жұмысты
атап өтеді және ең мағыналы сұрақ қойған
оқушыларды да атап өтеді.