400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Келешек мамандықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№27 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Келешек мамандықтары







Пән мұғалімі: Ниязбеков Б













Түркістан, 2018

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Кәсіби қызмет салаларының технологиясы

Мектеп: №27 жом

Күні: 13.03.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Ниязбеков Бауыржан

Сынып: 9 «а», «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Келешек мамандықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Технология оқулығының әдістемесі

Ойын элементтерін қолдану технологиясы

Сабақтың мақсаты:




Барлық оқушылар: Оқушылардың мамандық таңдауға талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керектігін біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге мақсат қоя алады.

Кейбір оқушылар: мамандық қыр-сырларын меңгереді.

Бағалау критерийі

  • Мамандық ұғымын білу

  • Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология

  • Дирижер;

  • Логистика;

  • Кондитер;

  • Визажист;

  • Конструктор;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Дирижер-дирижер-conductor

  • Логистика-логистика-logistics

  • Визажист-визажист-makeup artist

Құндылықтарға баулу


Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс


Информатика, логика, тарих, физика т.б

Бастапқы білім

Мамандық ұғымын біледі, жалпы мамандықтарды біледі, сауда және ауыл шаруашылық мамандықтарын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,түгелдеу, қыздардың көңіл-күйін анықтау

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

















Сабақ ортасы













Үй тапсырмасын тексеру. «Менің мамандығым» эссе

Әр топтан бір-бір оқушыдан үйге берілген тапсыраманы оқып шығады.


«Кәсіпті тап» Мен сендерге бірнеше мамандықтардың атауына қатысты жұмбақтар жасырсам, жауабын тауып көріңдер.

Менің кәсібім сендерге оңай болып көрінуі мүмкін бірақ оған бүкіл ұжымның жұмысы тәуелді болады. Бұл кәсіп үнемі қозғалыста болуды және мықты жүйкені талап етеді. Мені адамдар ылғи да өңімнен тани бермейді, өйткені көбінесе арқамды ғана көреді. Менің кәсібімді атаңдар. (Дирижер)

Менің кәсібіме көп талаптар қойылады. Оның негізгі кемшілігі - денсаулыққа жағымсыз әсері. Кәсіптік ауруы гипотения, яғни артериялық төменгі қысым маған жеке өмірімді жоспарлау қиындау, өйткені мен жерде көп болмаймын. (Әуе жолсерігі)

Менің кәсібім ең қауіпті кәсіптер қатарна жатады.Мен уақытымен жұмыс істемесем ешбір үйде жарық болмайды. Ауа райы қандай температурада болса да,аяғымнан тік тұрып еңбек етуге тура келеді. (Электрик)

Шәкірттердің тірегі

Мектептердің жүрегі (Мұғалім)

Өскен шашаты жаратпайтын

Қайшысы бар жалақтайтын (шаштараз)

Тұлғалы кең иығы

Мұнара оның тұрағы

Жер астынан сұйығы

Фонтан болып шығады (Мұнайшы)

Жаңа сабақ

«Ой қозғау» Жойылып кетуі мүмкін 7 мамандық

  1. Почта тасушысы

  2. Туризм агенті

  3. Такси диспечері

  4. Баспагерлер

  5. Маклер(риелтор)

  6. Кітапханашы

  7. Саяхат жетекшісі(экскурсовод)

Оқушылар осы тізімді өз ойларымен толықтырады.

Міне, біздің мамандық таңдауымызға ойланудың басты себептерінің бірі. Әрбіріміз мамандықты таңдауда қателеспеуіміз керек. Сендерге мен қазіргі таңдағы ең қажетті 7 мамандықты ұсынамын. Тағы бір бейнероликті тамашалайық.

Қазіргі таңдағы сұранысқа ие 7 мамандық.

  1. Сұлулық саласының қызметкерлері(визажист, шаштараз, маникюр, стилист т.б)

  2. Менеджерлер(сауда менеджері, маркетолог т.б)

  3. Банкирлер(несие сарапшысы,есеп-аудит, бухгалтер)

  4. Медицина қызметкерлері(психотерапевт, диетолог, спорттық саладағы мед.қызметкерлер т.б)

  5. Инженерлер(инженер-педагог, инженер-технолог т.б)

  6. Веб-дизайнерлер, ІТ мамандары

  7. Құрысшылар

Оқушылар осы тізімді өз ойларымен толықтырады.

Жаңа тақырыпты меңгерту

«Мен маманмын» ойыны

Әр топқа ситуациялық сұрақ беріледі. Сол сұраққа топ болып ойланып, бір оқушы топтың шешімін айтады.

  1. Сен медицина саласының кіші қызметкерісің(яғни медбике). Саған дәрігер 2 түрлі дәрінің 4 данасын бөліп берді(Мәселен, 2 дана аспирин, 2 дана цитромон). Дәрілердің сырт көрінісі бірдей. Емделушіге таңертең 1 дана цитромон, 1 дана аспирин кешке 1 дана цитромон 1 дана аспирин беруің керек. Сен дәрілердің бәрін қосып алдың. Таңертең дәріні берейін десең, барлық дәрі бірдей. Не істейсің? Қандай шешім қабылдайсың?(топ болып ақылдасып шешім қабылдайды)

  2. Сен сүт сатушысың. Саған сауған сүтіңді алуға клиент келді. Оған 4 литр сүт керек. Сенде 5 литрлік және 3 литрлік ыдыста сүт және бос ыдыс бар. Сен осы ыдыстарды пайдаланып, клиентке 4 литр сүт өлшеп беруің керек. Не істейсің? Қандай шешім қабылдайсың?

Қызықты мәлімет

Қазіргі таңда елестету мүмкін емес 3 мамандық жайлы ақпарат берейін.

  1. Ақпарат диетологы – қазіргі таңдағы ақпараттың көптігіне байланысты, болшақта бұл мамандық болуы мүмкін. Себебі, қазіргі таңда керек емес ақпарат өте көп.

  2. Адам денесі дизайнері – қазіргі таңда бет әлпетті ауыстыру өте жиі кездеседі. Болашақта денеңнің қай мүшесін ауыстырсаң, сұлу болатыныңа кеңес беретін мамандар болуы мүмкін.

  3. Биохакер – қазіргі таңда психологиялық ауруларға шалдығатын адамдар жиі кездеседі. Сол ауруларды компьтер көмегімен(генетикалық кодты өзгертіп) емдейтін мамандық түрі пайда болуы мүмкін.

Сергіту сәті

Әлемдегі үлкен компаниялардың бірі Google. Осы компанияға жұмысқа қабылдау үшін кезең-кезеңімен сұхбаттасу жүреді екен. Ең бірінші негізге алынатыны маманның креативті ойлауы және логикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы. Логикалық тапсырма.

«Біздің ұжым» ойыны (постер қорғау)

Сендер 9 «А» Logist компаниясының логист қызметкерлеріміз деп есептеңдер. Сендердің компанияларыңыз тауар тасымалдау қызметімен айналысады. Сендерге клиент тапсырыс тауар тасымалдауға тапсырыс берді. Тауарды жеткізудің 3 қызметі бар. Ұшақпен, автотранспортпен және теміржолмен. Ең арзаны теміржол, ең қымбаты әуе. Тапсырыс берушінің ақшасының 51 пайызын сендер компанияға берулерің керек. Қалған 49 пайызын сендер өздеріңе жалақы және тауар жеткізуге жұмсауларыңыз қажет. Әуе тасымалын пайдалану үшін клинет төлеген ақшаның 25 пайызы, автотранспорт үшін 20 пайызы, теміржол үшін 15 пайызы шығын болып кетеді. Сендер қай транспорттың көмегіне жүгінесіңдер?




Оқушылардың дұрыс жауабына қарай топ басшылары бағалап отыру
































Бейнеролик













Бейнеролик













































































Сабақ соңы:



Үй тапсырмасы: Болашақта таңдап отырған мамандығы бойынша түйіндеме жазу.

«Білім ағашы» әдісі арқылы оқушылар стикерге бүгінгі өтілген сабақты қаншалықты түсінгенін, қалай өткенін жазып іледі.















Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жалпы бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі