жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Келешектің кереметтері жусанмен тығыз байланысты
№253 орта мектеп
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Келешектің кереметтері жусанмен тығыз байланысты»
Секциясы: медицина, психология
Орындаушы: 4 «Г» Серік Мирас
Жұмыстың ғылыми жетекшісі: Акбембетов Булат Ескалиевич
педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті
Жұмыстың жетекшісі: Бакуова Набира
Бастауыш пәнінің мұғалімі
Қызылорда қаласы
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны
1. Кіріспе.
1.1.Қысқаша сипаттама
1.2. Тарихы
2. Негізгі бөлімі.
2.1. Жусанның түрлері.
2.2. Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері.
2.3.Жусанның адам үшін маңызы.
3. Қорытынды.
3.1.Қатысушы сауалнамасы.
3.2.Тәжірибе жасау.
3.3.Мониторинг
3.4.Қорытынды
Аңдатпа
Тақырыпты таңдау: 3-сыныпта әдебиет пәнінен өткен Ақселеу Сейдімбеттің «Бетпақ дала» ертегісі ойыма ой салды. Жусан қарапайым жай шөп болғанымен адам өмірінде, жан-жануарлар және жер беті үшін де маңызы зор екені қызықтырды.
Мақсаты: жусанның адам, жануарлар өміріндегі пайдасын толығырақ біле түсіп, жер бетіне қалай әсер ететіндігіне көз жеткізу.
Міндеттер:
Жусанның тарихымен танысу;
Жусанның түрлерімен танысу;
Жусанның адам және жануарлар үшін ерекше маңызымен танысу; ;
Адам денсаулығына пайдасын анықтау;
Сауалнама және мониторинг жүргізу;
Зерттеу нысаны: жусан
Зерттеу
барысы: Жусандар
туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды
пайдалана отырып, мәліметтер жинақтап,
көрнекілік материалдарды іздестірдік.
Осы тапқан материалдарды жинақтап,
зерттеу барысында туған сұрақтарға
жауап іздеп, қорытынды жасадық.
Зерттеудің
болжамы: Жусанды
емдік мақсатта пайдаланады.
Жұмыстың
кезеңдері:
Тақырыпқа
қатысты материалдар жинақталып,
жүйеленді.
Мамандармен
кездесіп, сұқбаттар сараланды. Жинақталған
мағлұматтар іріктелді, жұмыстың бағыт
– бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
Жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды,
қол жеткізген нәтижелер анықталды.
Зерттеудің
әдістері:
Зерттеу, талдау, салыстыру және жинақтау,
сұқбат.
Зерттеудің
нәтижесі: Жұмыс
барысында велосипедшілерге арналған
жолда жүру ережесін сақтау жөнінде
нұсқаулық кітапша жасау
Қорытынды:
Жусан
пайдалы, оның түрлі қасиеттері бар.
Аннотация
Выбор темы: сказка Акселеу Сейдимбет «Бетпак дала», прошедшая в 3 классе по литературе. Любопытно, что полынь, хотя и является простой травой, имеет большое значение в жизни человека, как для животных, так и для земной поверхности.
Цель: Узнать подробнее о пользе полыни в жизни человека, животных и убедиться в том, как она влияет на землю.
Задачи: Знакомство с историей полыни; * Знакомство с видами полыни; * Знакомство с особым значением полыни для человека и животных; ; * Определение пользы для здоровья человека; * Проведение анкетирования и мониторинга;
Объект исследования: полынь
Ход исследования: сбор данных с использованием источников информации, библиотек, поиск иллюстративного материала. Обобщив этот материал, в ходе исследования мы смогли найти ответы на родившиеся вопросы и сделать выводы.
Прогноз исследования: полынь используется в лечебных целях.
Этапы работы: Обобщены и систематизированы материалы по теме. - Я не знаю, - сказал он. Были отобраны обобщенные сведения, определены направления работы, составлен план. Была проведена работа, согласован исследовательский отдел, определены достигнутые результаты.
Методы исследования: исследование, анализ, сравнение и обобщение, интервью. Результаты исследования: Составление инструктивной книжки по соблюдению правил дорожного движения для велосипедистов в процессе работы
Заключение: Полынь полезна тем, что обладает различными свойствами.
Аnnotation
Choosing a topic: the fairy tale "Betpak Dala" by Akseleu Seidimbet, who passed the 3rd grade in literature, came to mind.I was interested in the fact that Wormwood, although it is a common herb, is of great importance for human life, for animals and for the Earth.
Purpose: Learn more about the benefits of Wormwood in the life of humans and animals and see how it affects the Earth.
Responsibilities: Get acquainted with the history of Wormwood; Introduction to Wormwood species; Familiarization with the special importance of Wormwood for humans and animals; Determination of benefits for human health; Conducting surveys and monitoring;
Object of research: Wormwood
The course of the study: we collected information about sagebrush using sources of information, libraries, and searched for visual materials. In the course of the study, we collected these found materials, looked for answers to the questions that arose, and came to conclusions.
Research hypothesis: Wormwood is used for medicinal purposes.
Stages of work: Materials related to the topic were collected and systematized. We met with specialists and analyzed the interviews. The collected information was selected, the directions of work were determined, and a plan was drawn up. The work was carried out, the research section was fixed, and the achieved results were determined.
Research methods: research, analysis, comparison and generalization, interview.
Research results: Create an instruction booklet for cyclists on compliance with traffic rules during their work
Conclusion: Wormwood is useful, it has various properties.
1.Кіріспе
Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осындай байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар.
Адамдар мен жануарларға оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауа қабатына оттегін бөліп шығарады, ауаны шаң мен улы газдан тазартады және ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Өсімдік айналадағы ортаны жақсартады: ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Өсімдіктердің медицинада алатын орны да орасан зор.
Өсімдіктің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Оларды адам сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.
Экологиялық таза ортаны қалыптастыру мақсатына жету үшін 2030 жылға дейінгі аралықта 4 аса маңызды бағыттар белгіленген:
қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіз қалыптастыру, табиғи ресурстарды өз орнымен пайдалану, малдың жəне өсімдіктің түрлерін сақтау,
экологиялық білімді нығайту.
Флораны қорғау жұмысында ең маңызды мəселе өсімдіктердің эндемикалық түрлерін тұқым түрінде немесе тірі өсімдіктер түрінде сақтау қажет.
1.1. Қысқаша жалпы сипаттама.
Ауылдың әрбір қазақ баласы жусанның қасиетін жақсы біледі.Кітапқұмар жұрт жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», Мұрат Скендірұлының «Жусанды қыпшақ даласы» секілді шығармаларымен таныс.Ақынымыз Бағдат Айтмұқаева өзінің шығармасында
Жусан деп ел атаған,
Шөп ол бойы жатаған.
Дауылға, желге көшпеген,
Шөлге берік өскелең.
Дәрі – түбір бұтағы,
Жусан – қырдың жұпары, - деп жырға қосқан.
«Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға сіңіп қалған , салиқалы еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!..
Қаптап қырда шығатын,
Иісі мұрын жаратын,
Көп шөп демей, жусанды
Біліп ал, шын атын.. ».
Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Олардың сабақтарының биіктігі жеке түрлеріне сәйкес 10-60 см, кейде 1,5-2 метрден асады. Сабақтары көбіне тік, кей түрлерінің сабағы жерге жайылып өседі. Қауырсын пішінді жапырақтары сабақтарына кезектесіп орналасқан және олардың жиектері тілімденіп келеді. Кей түрлерінің жиектері біркелкі тұтас тілімденбеген. Ұсақ гүлдерінің түсі ақшыл, сарғыш.
Тамыз- қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.Жемісі-тұқымша.
Жусан-құнарлы мал азығы, дәрілік,бояғыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік.
1.2. Тарихы
Латындар бұл шөпті «артемизия» деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.
Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.
Тұнып тұр ғой түз деген,
Жусан болып мың аңыз..
Сондықтан да біз деген
Жусан аңқып тұрамыз деп – ақын, қоғам қайраткер Темірхан Медетбек «Жусан » шығармасында жырлаған. Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Түрлері
Қазақстанда өсетін жусанның 17
түрі сирек кездеседі және олардың кей
түрлері тек біздің еліміздің аумағында
өсетін эндемик түрлерге жатады. Жусан
жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең
ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік.
Жусанның ерте кездерден бастап шипалық қасиеті зор түрінің бірі – дәрмене (дәрмене) жусаны (Artemisia cina). Оны жергілікті тұрғындар «ермен» деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ғана өсетін қасиетті өсімдіктің бірі. Кейде ерменді «боз жусан»,кейде «ойраншөп» деп те атайды. Оның сабағының биіктігі 2 метрге дейін, ал тамыры 4 метр тереңге дейін таралады.
Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады.
Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусанды қолдан өсіреді. Улы түрі «Таврий» жусаны, оны мал жемейді.
Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда.
Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда сол шөптің қайнатындысынан ванна жасайды.
2.2.Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері.
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.
Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі. Ақын Темірхан Медетбек.
Ойыма ащы мұң салар
Қапаланып тұрсам бір-
Жусан – күй мен жусан - ән,
Жусан сөз бен жусан – жыр... деп тегін жырламаған.
Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «усансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес. ындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын
Ертеректе Олимпиада ой емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген.
Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқызыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді. Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.
«Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дәрмене жусанының шипалық қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр. Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі. Дәрмене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртын түсіруге қолданған. Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дәрменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады.
Дәрмененің әлемдік даңқының артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы «Дәрмене» шаруашылығы құрылды.
Дәрмене жусанының бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.
1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.
Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп өте орынды жазған.
Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен-ай, ермен, ермен шөп, Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының қасиетін аңғаруға болады. Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.
2012 жылдан бастап Қазақстанның Ерлан Сүлейменов бастаған жас ғалымдары жусаннан эфир майларын ала бастады. «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба бойынша «Жусан» атты арнайы иіссу алуды қолға алып игілікті жұмыс жүргізуде.
2.3. Жусанның адамдар үшін маңызы.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайызын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады.
Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.
Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтықан. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жібереді.
Тұтастай алғанда, зерттеу нәтижелері артемизинин препаратының рак жасушаларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деген зерттеу авторлары.
Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді. Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.
3.1. Жусан туралы мақал-мәтелдер:
Жусан саттым, шөп саттым, шөп сатсам да, ұқсаттым.
Бір қозы туса, бір жусан артық шығады.
Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме.
Изен, жусан болмаса, шөпте береке болмайды,
Ауызбірлік болмаса, көпте береке болмайды.
Ермен –жанға дәрмен.
Ермен жеген –ер өлмес.
3.2.Тәжірибе – зерттеу жұмысы.
Тәжірибе жасау барысында осы өңірде кездесетін «Ащы жусан» түріне тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл жұмысты 2020 жылдың шілде айынан бастадық, өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтер біраз болғандықтан, адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Гүлдемей тұрған кезде жапырақтарын жинадық.
Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық, өйткені иісі өте өткір болды. Жусан жапырақтарын ұсақтап кесіп,оларды 2 жұмадай кептіріп, содан кейін этил спиртін қосып тұнба жасадық.Ол тұнба 1 ай тұрды. Үлкендер айтып жүретін тіземіз басқызбайды, әртүрлі ем жасап, әртүрлі жақпалар жақсақ та әсері тек бір ғана күнге ғана әсері бар деп.Бұл, жусанды зерттеуге тағы да бір түрткі болды. Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.Содан кейін әжеме ұсындық.Тізелеріне 2 айдай жағып отырдық. Қазан-қараша айларында әжеміз өзін біршама жақсы сезінгенін айта бастады, сонда байқағанымыз емдік қасиеті 2 жұмада біліне бастады,осыдан нені байқауға болады? Тұнба неғұрлым көбірек тұрса, соғұрлым емдік қасиеті зор деуге болады.Міне жусан өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы бар екеніне тағы біл дәлел қосылды.
Жусаннан жасалған қоспалар.
1.Қоспа №1
Жаңа жусан сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз. 100гр какао, жусанның жапырағының 1,5 бөлігін 1 шәй қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
2.Қоспа №2
Жусанның жапырағын езіп күніне сөлін 3-4 тамшы қолданамыз. Мұрын қуысы ауыруына қолданамыз.
3.Қоспа №3
Жусаннын сөлін балмен араластырып бронхитке қарсы күніне 3 рет шәй қасықтың ½ бөлігін пайдаланады.
4.Қоспа №4
Жусанды жуып, тазалап еттартқыштан (мясуробкадан) өткіземіз, бал қосамыз. Асқазан қыжылына бір шәй қасықтан қолданады.
5.Қоспа №5
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәделерге жарайтынына сеніміміз мол.
Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы.
Сауалнама
Үлкендердің арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген сауалдың көрсеткіші бойынша, сұралған (нәтижелері 1 –диаграммада келтірілді) үлкендердің саны 15 адам (100 ), білетін - 13 адам(87), білмеймін-2 адам(13).
Оқушылар (2- диаграмма) арасында сыныптағы 23 бала қатысты. Олар білемін - 7 (30) , естігенмін – 11(48), білмеймін- 5(22) . Үлкендерге жүргізілген сауалнама қорытындысы1диаграммада көрсетілген. Оқушыларға жүргізілген сауалнаманың қорытындысы 2- диаграммада көрсетілген.
1 диаграмма. Үлкендерге жүргізілген сауалнама қорытындысы
2- диаграмма. Оқушыларға жүргізілген сауалнаманың қорытындысы.
Біз тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргізіп, сауалнама нәтижесінде жусан өсімдігінің пайдасы туралы үлкендер білгенмен, сыныптас достарым аз білетіндігін байқадым, оларға Жусанның адамның денсаулығына пайдасы бар екендігі туралы әртүрлі дәлелдер келтіріп көздерін жеткізуге тырыстым.
Енді оқушылардың көбі білетін болады деген ойдамын.
Ерте заманның дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп, өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Қорытындылай келе, жусан өсімдігін зерттеу нәтижесінде ұсынарым:
1. Ғылыми зерттеу орталықтары жусан өсімдігінің пайдасын толығырақ зерттесе;
2. Жусаннан дәрі жасауды қолға алып дамытса;
3. Жусанмен емдеу жолдарымен арнайы айналысатын орталықтар болса;
5. Жусанның пайдасы жөнінде ақпарат таратылса;
4. Жусанның емдік пайдасын одан әрі зерттеп, қоспасын түрлі дәрі-дәрмектер жасауын қолға алып дамытса деген ұсыныстарым бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. « Қазақстанның өсімдіктер әлемі»-көпшіліккке арналған ғылыми басылым Алматы 2004 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ж.
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым
6. «Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы» Алматы 2001 ж.-Қазақ
университеті баспасы.
Ғылыми жетекшінің пікірі
№ 253 орта мектебінің 4 «Г» сынып оқушысы Серік Мирастың «Келешектің кереметтері жусанмен тығыз байланысты»
атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
«Келешектің
кереметтері жусанмен тығыз байланысты»
тақырыбына жазылған ғылыми жобасы
бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста
алға қойылған мақсат - жусанның
адам, жануарлар өміріндегі пайдасын
толығырақ біле түсіп, жер бетіне қалай
әсер ететіндігіне көз жеткізу. Осы
мәселені қозғай отырып Серік Мирас
жусанның
тарихы, түрлері, оның адам үшін маңызы,
емдік қасиеттері, табиғаты, жан –
жануарлардың азығы болатыны туралы
мәлімет берілген.
Бұл жұмыс оқушының жоғарғы қызығушылығымен
жазылғаны білініп тұр, тақырып бойынша
көп ізденгені. Өз дәрежесіне сай
ақпараттар іздестіріп, тұшымды ұсыныстар
бере білген. Бұл ізденімпаздық пен
қызығушылығы оқушының болашағына жақсы
әсерін тигізіп, келер шақта бұл тақырыпты
одан да терең зерттейді деген үміттемін.
Оқушының жас бола тұра ғылыми жобаға
белсене атсалысып, ізденіп жобаны
қорғағысы келетіндігі қуантты. Оның
білімге деген ұмтылысын жоғары бағалап,
болашағынан зор үміт күтемін. Ізденуші
Серік Мирас 4 сынып оқушысы екенін ескере
отырып, оның бұл жұмысы лайықты деп
есептеймін.
Пікір беруші: Акбембетов Булат Ескалиевич педагогика
ғылымдарының кандидаты, «Ақмешіт»
гуманитарлық–техникалық институтының доценті.
Жетекшінің пікірі
№ 253 орта мектебінің 4 «Г» сынып оқушысы Серік Мирастың «Келешектің кереметтері жусанмен тығыз байланысты»
атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
Әрбір қазақ үшін қасиетті саналатын астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық жусан өсімдігі туралы мәліметтер ғылыми жобада жүйелі жазылған.Жусанның шығу тарихы, түрлері, адам өміріне, жануарлар өміріне пайдасы анық толық көрсетілген. Зерттеу жұмысы талапқа сай жазылған.
Жұмыс барысында, зерттеу кезінде оқушымның жусанды танып білуге деген ерекше ынтасы байқалды.
Серік Мирастың ғылыми жерттеу жұмыстарын жазуға, тәжірибе жасауға, нәтиже шығаруға қабілеті айрықша.Осы жұмыс оқушымның кез-келген жұмысқа деген қызығушылығын оята білді.Алдағы уақытта осы жұмысты кең көлемде зерттейді деген сенімдемін.
Пікір беруші: Бакуова Набира
Бастауыш пәнінің мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген