Материалдар / келісім шарт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

келісім шарт

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналармен келісім шарт
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
232
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушының психологиялық-педагогикалық тексерілуі мен қолдауы туралы білім беру ұйымы (директор атынан) мен оқушының ата-анасының (заңды өкілдерімен) арасындағы шарт

«_____»______________20___


Бұдан әрі Мекеме деп аталатын БҚО әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Жарғысы негізінде бір тараптан іс-әрекет жасайтын директор атынан ________________ және білім беру мекемесіне баратын оқушының

__________________________________________________________________ (оқушының тегі, есімі, әкесінің аты)

екінші тараптан бұдан әрі ата-ана деп аталатын ата-анасы (заңды өкілі)

әкесі______________________________________________________________

(тегі, есімі, әкесінің аты толық)

анасы _____________________________________________________________

(тегі, есімі, әкесінің аты толық)

атынан төмендегілер туралы шарт жасасты:

1. Шарттың нысаны

1.1. ҚР заңнамасына сәйкес берілетін білім беру қызметін көрсету және Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ оқушы ______________________ психологиялық-педагогикалық тексерумен және қолдаумен қамтамасыз ету.

1.2. Осы шарт Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және реттейді.

1.3. Тараптар ерікті бірге серіктестік негізінде оқушының Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ-і жүзеге асыратын білім беру бағдарламасын меңгеру мақсатындағы мүмкіндігін есепке ала отырып, оқушы __________________ мүддесі үшін бірге әрекеттенуге міндеттеме алады.

2. Жалпы ережелер

2.1. Білім алушыны ______________________ Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -іне қабылдау және оқыту талаптары:

Білім алушы ________________________ Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -іне ата-анасының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің (ПМПК) тұжырымдамасының, Білім беру басқармасының бұйрығымен анықталған басқа да құжаттардың негізінде жазған өтініші бойынша қабылданады.

2.2. Білім алушы _____________________________ 20___ 20___ оқу жылдарына:


а) МЖМББС-ына сәйкес келетін жалпы білім беру бағдарламасы және ПМПК ұсыныстарын есепке ала отырып, мектептік психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары әзірлеген түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламасы бойынша жеке психологиялық-педагогикалық қолдаумен _______ жалпы сыныпқа;

2.3 Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -і және ата-аналар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарының білім алушыны психологиялық-медициналық-педагогикалық кешенді түрде тексеру негізінде құрастырылған жеке түзете-дамыту жұмысының бағдарламасымен, сондай-ақ мамандармен сабақ кестесімен өзара келіседі.

2.4. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -і әрекеттегі заңнамаға сәйкес білім беру үдерісінің нәтижелерін бағалайды, аттестация нәтижелері бойынша оның тиімділігі туралы шешім қабылдайды.

3. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ нің құқығы мен міндеттемесі

3.1. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің құқықтары

3.1.1. Білім алушыны мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау түрін бұл жұмысты ПМПК ұсыныстарына сәйкес және оқушының мүмкіндігі мен қажеттілігін психологиялық-педагогикалық кешенді түрде тексеру негізінде мамандар анықтайды.

3.1.2. Сабақты ұйымдастырудың түрлерін, педагогикалық технологияны, оқыту әдістемесін, тәрбиелеу мен түзете дамыту жұмысын баланың мүмкіндігін есепке ала отырып, ата-аналарының келісімімен өздігінен әзірлейді, таңдайды және қолданады.

3.1.3. Білім алушылардың түзете-дамыту сабақтарына баруының кестесін оқушының ата-анасының келісімімен және Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің ПМПк ұсыныстары бойынша құрады және өзгертеді.

3.1.4. Баланы жанұяда тәрбиелеу мен оқыту, рухани және дене тұрғысынан жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіреді, сонымен бірге ата-аналарға емдік-сауықтыру мекемелеріне баруды ұсынады.

3.2. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің міндеттемелері

3.2.1. Қамтамасыз ету:

  • баланың құқығы мен абройын қорғау;

  • оқушылардың дене және психикалық денсаулығын нығайту, өмірін қорғау;

  • оны зерделік, дене тұрғысынан және жеке тұлғалық дамыту;

  • оның жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;

  • оқу-тәрбиелеу үдерісінде оқушыға жеке тәсілдеме қолдану.

3.2.2. Баланы мектепте оқытудың басталу сәтінен 4 аптадан артық кешіктірмей, психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу.

3.2.3. Оқушылардың ҚР заңнамасына сәйкес сапалы білім алуға деген құқығын жүзеге асыру үшін жағдай тудыру.

3.2.4.Мектеп мамандары ПМПК ұсыныстарына және психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасына сәйкес оқушыны қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді.

3.2.5. Оқушыларға жұмыс түзіміне сәйкес мектепте, сондай-ақ ПМПК мен Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің ППҚҚ мамандарының ұсыныстарын есепке ала отырып, ұзартылған күн тобында болуға мүмкіндік туғызады.

3.2.6. Ата-аналарға білікті көмек көрсету (Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің мамандарының құзыреттілігінің аясында), ата-аналарға жақын арада болатын кеңестер мен кеңестердің нәтижелері, сондай-ақ білім беру үдерісінде туындаған мәселелер туралы хабардар етеді.

3.2.8.Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасынан ауытқығанда немесе оны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда бағдарламаны түзету мақсатында бұл туралы ата-аналарға дер кезінде хабар беріледі.

3.2.9. Ата-аналарды Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің қызметін реттейтін жергілікті актілермен және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен таныстырады.



4. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттемелері

4.1. Ата-аналардың құқықтары:

4.1.1. Оқушының білім алуға деген құқығын жүзеге асыру үшін Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інен Жарғыны және осы шарттың талаптарын сақтауды талап етеді.

4.1.2. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің әлеуметтік, мәдени, білім беру және басқару міндеттерін шешу мақсатында Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інде өзін-өзі басқару органдарын құруға және оның жұмысына қатыса алады.

4.1.3. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан кеңес ала алады.

4.1.4. Мектептің ППҚҚ мамандарымен бірлесе отырып, оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеуге қатыса алады.

4.1.5. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысымен, сондай-ақ Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің әкімшілігімен жолығады, оқыту жағдайларымен, оқыту, тәрбиелеу және түзету әдістемелерімен танысады.

4.1.6. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің педагогтары мен мамандарына баланың денсаулығы, олардың ауырғандары, емдеу және білім беру үдерісін ұйымдастыруға әсер ететін басқа да жағдайлар туралы толық ақпарат береді.

4.1.7. Оқушыға Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інен тыс, басқа мекемелерде, ұйымдарда және жеке тұлғаларда қолданылған білім беру бағдарламасын меңгеру сапасына әсер етуі мүмкін медициналық, психологиялық-педагогикалық және басқа да оқушыға көрсетілген көмектің барлық түрлері (оның ішінде медициналық препараттар) туралы Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің әкімшілігіне дер кезде хабарлау.

4.1.8.Психологиялық-педагогикалық қоллдаудың жеке бағдарламасынан ауытқығаны туралы және оның себебі туралы ақпаратты дер кезінде алу.

4.1.9. Сабаққа Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің әкімшілігінің келісімімен қатысуға болады.

4.1.10. Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -іне заңдағы бекітілген тәртіп бойынша жарғы міндеттерін жүзеге асыруға ерікті көмек көрсету.


4.2. Ата-аналардың міндеттері

4.2.1. ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес өз баласын тәрбиелеуге және дамытуға, өз баласының денсаулығына, дене тұрғысынан, психикалық, рухани және адамгершіліктік тұрғыда дамуына қамқорлық көрсетуге жауапты болады.

4.2.2. Оқушыға тағайындалған емдік шаралар туралы Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің әкімшілігіне дер кезінде хабарлау, егер тағайындалған емдеу курсы себебінен оқушының білім беру үдерісін үзуіне тура келсе, онда Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің ППҚҚ ата-анасымен (заңды өкілдермен) бірге психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасына түзетулер ендіреді.

4.2.3. Мамандардың ұйымдық және жүзеге асыру мәселелері бойынша берген ұсыныстарын сақтау: күн түзімі, дамыту шаралары, үй еңбегі (үй тапсырмаларына дайындықты қосқанда) мен демалысты, қиымыл-қозғалыстық белсенділікті кезектестіру. Баланың ПМПК-тің ұсыныстарына және психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларына сәйкес жеке дара және топтық сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.

4.2.4.Өз баласын оқыту, тәрбиелеу, қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -інің мамандарынан немесе тартылған мамандардан кеңес алу.

4.2.5. Мектеп жұмысының барлық бағыттары бойынша Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ -імен өзара әрекеттену.

5. Қорытынды ережелер

5.1. Шарт бір оқу жылы мерзіміне жасалып, қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

5.2. Осы шартты өзгертуге бір тараптың жазбаша өтініші бойынша осы шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы рұқсат етіледі.

5.3. Шарттың заңды күші бірдей екі данасына қол қойылады, әрбір тарапта бір данадан сақталады.

6. Тараптардың мекенжайы мен реквизиттері:



Ата-ана:

Индекс, үйдің мекенжайы:




Жеке куәлік №

« » ______________ жылы

Кіммен берілген


Тел.



7.








Тараптардың қолдары



Қасым Аманжолов атындағы

ЖОББМ -інің директоры

В.Т Апакаева

Ата-ана

________________________ _________________________


М.О

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!