400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Келісім түбі - жарастық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмегім тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

«Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Келісім, жарастық туралы түсінік беру;

2. Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

3. Өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: достық туралы суреттер

Жүру барысы:


І. Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып, «Достық» тақпағын хормен айтады.

- Бүгін қандай тақырыпта әңгімелесеміз деп ойлайсыңдар?


ІІ. Жағдаяттармен жұмыс

1. Тілек Бекарысты байқамай қағып кетті....

2. Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...

3. Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды...

Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?


ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

«Піл мен Маймыл» ертегісін оқып беру

Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып, дауласып қалыпты.

– Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ!

– Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп, таласыпты маймыл. – Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін.

Осылайша піл мен маймыл өз бойларындағы артықшылықтарын айтып, ұзақ таласыпты. Бірінің айтқанына бірі көнбепті. Өздері бір бітімге келісе алмапты. Сонан соң бұл даулары туралы біреудің билігін естігілері келеді. Сөйтіп, екеуі жуан емен дінінің қуысында отырған үкіге барыпты:

– О, орманның ақылгөйі, – депті, піл ұзын тұмсығын жоғары созып тұрып. – Мына маймыл екеуіміздің таласымызға өзің төрелік айтшы!

– Не жайында таласып жүрсіңдер? – деп сұрапты үкі.

Сол кезде жыпылдаған маймыл сөзді іліп әкетеді:

– О, біздің ақылгөйіміз! Анығын айырып берші, күш-қайрат үстем бе, немесе епшілдік үстем бе?

Мұны естігеннен кейін үкі енді піл мен маймылдың не себепті таласқандарының сырын түсінеді де ойланып қалады. Піл де күжілдей өтінеді:

– Соны айырып бер бізге!

– Мұны менің іс үстінде сынап көруім керек. Кесімін содан кейін айтамын, – депті үкі.

– Қалай сынамақсың? – деп сұрасады.

Үкі екеуін кезек-кезек қарайды да аздан соң қалай сынайтын шартын түсіндіреді:

– Мына өзеннің арғы бетіне өтіңдер. Қалың ағаштың арасында биік өскен бір түп алма ағашы бар. Қазір жемісі уылжып пісіп тұр. Екеуің де өзеннен өтіп барып, сол алма ағашының алмасынан алып келіңдер. Мен сол алмаға қарап отырып, өздерің қалаған төрелікті айтамын.

Піл мен маймыл алма алып келу үшін өзенге қарай беттейді. Келсе, өзен арнасына сыймай, лықы толып, астаң-кестең боп ағып жатыр екен. Өзеннен өте алмайтын болған соң, маймыл мұңайып, қасірет шегеді. Сол кезде:

– Кел менің жотама мініп ал, – депті піл. – Мен таудан үлкенмін. Күшім де мол. Өзеннің ағысы мені ағызып кете алмайды.

Маймыл қуанып кетіп, пілдің жотасына өрмелеп шығып алады. Піл өзенді қақ жарып, ешбір қиналмастан арғы жағаға өте шығады. Содан кейін екеуі үкі айтқан алма ағашын іздеп табады.

Қараса, алма ағашы зәулім биік екен. Жемістің бәрі мойын жетпейтін биікке өсіпті. Қанша созса да пілдің тұмсығына бірде-бір алма іліге қоймапты. Өзінің алма ала алмайтынын білген піл мұңайып, мөлиіп тұрған. Сол кезде маймыл:

– Мұңайма, – депті, пілді жұбатып. – Қазір мен алма ағашына өрмелеп шығамын да басындағы жемістерді жерге түсіремін. Сен жинай бер.

Маймыл бұтақтан-бұтаққа секіріп, алма ағашының басына өрмелеп шығады да алмаларды үзіп, жерге тастай беріпті. Піл алмаларды теріп, бір жерге үйіп қойыпты.

Сөйтіп, алмаларды алып болған соң, екеуі кері қайтыпты. Өзенге келген маймыл алған алмаларын құшағына қысып, тағы да пілдің жотасына мініп алыпты. Піл өзенді қақ жарып, балпаңдай басып, қамсыз өте шығады.

Екеуі алып келген алмаларын үкінің алдына төгіп қойыпты да қандай төрелік айтатынын тосыпты. Сонда үкі:

– Маймыл, сен мына ағыны қатты өзеннен қалай өттің? – деп сұрайды. Маймыл шынын айтыпты:

– Мені піл жотасына мінгізіп алды.

– Дұрыс. Өйткені оның бойы таудай. Күші де мығым. Өзен ағызып кете алмайды. Ал, піл, сен айтшы, биік ағаштың басындағы жеміске бойың қалай жетті?

– Менің бойым жетпеген соң, – депті, піл де шынын айтып, – маймыл ағаштың басына өрмелеп шықты да алмаларды үзіп, жерге түсірді. Мен жинап тұрдым.

– Міне, ұқтыңдар ма? – деп, үкі өзінен төрелік сұрап тұрған піл мен маймылға түсіндіре бастапты. – Күштен де, епшілдіктен де үстем нәрсе – біріңе-біріңнің көмегің. Селбесіп мақсаттарыңа жеттіңдер. Тек қана күштен немесе жалаң епшілдіктен пайда аз. Біріңе-бірің жәрдемдеспегенде, екеуің де мына алманы алып келе алмас едіңдер. Демек, күш пен епшілдік қабысқанда ғана жарасып тұрады. Күшің болғанмен, ебің болмаса, ебің болғанмен, күшің болмаса, бәрі де бос әурешілік, еңбегің зая.

– Дұрыс, дұрыс! – деп, піл мен маймыл өздеріне айтқан үкінің төрелігіне бас шұлғысыпты. Сонда үкі:

– Піл, сен күшіңе сеніп даурықпа! Маймыл, сен епшілмін деп бөспе!

Әрқашан біріңе-бірің осылай жәрдемдесіп жүріңдер! – деп өсиет айтыпты.


• Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

• Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

• Қандай көңіл күйде боласыңдар?


IV. Жаттығу «Достық нұры»

- Балалар арасында ренжіскен сәттеріңде бір - біріңді түсінбей қалып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындар болады. Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір - бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым - қатынаста болу керектігін білеміз. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Бұл шапақтан жан - жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық,

жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.

- Мінеки, балалар, осы қасиеттер бойымызда болса, аталған әрекеттерді жасай алсақ, бір - бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.


V. Қорытынды

- Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер? (Қол шапалақтау арқылы)

• Сыныпта тату болу.

• Сабақты жақсы оқу.

• Бір - бірін тыңдамау.

• Мұғалімді сыйлау.

• Сыныптағы заттарды күту.

• Басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауі;

• Басқалардың көңіл күйіне қарау;



«Боранқұл орта мектебі» КММ

















Келісім түбі - жарастық

(Сынып сағаты)

















Сыныбы: 1 «В»

Сынып жетекші: А.Мырзаханова













08.10.2019 жыл













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі