400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Келісім түбі-жарастық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға келісім,жарастық туралы түсінік беру; Достыққа бейімділік сапаларын дамыту; өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Келісім түбі-жарастық.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: сыйластық,ізеттілік.


Сабақтың мақсаты:Достық,сыйластық адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру.

- Тыныштық сәті «Теңіз түбіне саяхат»

Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады.

Тәрбиеші: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексереру:

«Піл мен маймыл»ертегісін талдау

●Піл мен маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізеді?

●Өзара тіл табысу қандай сезімдерге болады?

●Қандай көңіл күйде боласыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Уәде

Келісімге келу үшіе не қажет деп ойлайсыңдар?


Дәйек сөз.

Келісіп пішкен тон келте болмас

Мақал

Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

Мақалды қалай түсінесіңдер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Келісім түбі-жарастық» тақырыбында ой-толғау жазу


Топпен ән айту.

«Бала тілегі» әні топпен орындайды.


Үйге тапсырма.

Келесі сабақта өтілетін аңыз әңгіме «Ырыс алды-ынтымақ» оқып келу


Қорытынды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі